Жабылатын газеттердің кейбірі толықтай интернет платформаға көшеді, кейбірі мүлдем шықпайды. Сарапшылар бұл өзгеріс себебін газеттердің өтпеуінен және ақша үнемдеу саясатынан көреді.
Алматы тұрғыны Сағыныш Айтқалиева 2014 жылға басылымға жазылмақ болып поштаға барғанда каталогтан бірнеше газетті таба алмады. Каталогқа енбеген, келер жылдан бастап шықпайтын басылымдар арасында «Алаш айнасы» және «Дала мен қала» (орысша нұсқасы «Страна и мир» газетімен қоса) газеттері бар.
– Қазақша газеттер жабылатынын естіп, біраз ойналып қалдым. Мен үшін бұл күтпеген жаңалық болды. Қазақстандағы ең беделді басылымдар жабылмақ. Оларды жапқанша қайта дамыту жолдарын ойластыру керек еді, – дейді оқырман Сағыныш Айтқалиева.
«ИНТЕРНЕТКЕ КӨШУІМІЗ МҮМКІН»
«Қазпошта» мекемесінің дерегінше, жаңа жылдан бастап «Алаш айнасы», «Дала мен қала» («Страна и мир») шығуын тоқтатады.
– Ол газеттер каталогта жоқ, сондықтан оларға 2014 жылға жазылу қабылдап жатқан жоқпыз, – дейді «Қазпоштаның» Алматы бөлімшесінің маманы.
2003 жылдан бастап шығатын «Дала мен қала» газетінің келесі жылдан бастап жабылатынын басылым құрылтайшысы «Нұр-Медиа» компаниясы растады.
– Бұл екі газет («Дала мен қала» және «Страна и мир») жыл соңына дейін шығады, келер жылдан бастап шықпайды. Оның орнына жаңа жобалар жасалып жатыр. Оның қандай жобалар екені әзірге құпия, – деді «Нұр-Медиа» компаниясы директорының орынбасары Нұрай Оразов.
2009 жылдан бері шығып келе жатқан «Алаш айнасы» газетінің аты-жөнін айтқысы келмеген қызметкері «газет келер жылы шығуын тоқтатып, интернетке көшуі мүмкін» екенін айтты. Басылым редакциясы бұл өзгерістің себебі туралы ештеңе айтпады.
Бұл басылымдардың газеттік нұсқасымен бірге веб-сайттары да бірнеше жылдан бері жұмыс істеп тұр.
Қазір Қазақстанда газеттерді жауып, онлайн жүйеге ауыстыру жүріп жатыр. 2013 жылдың қыркүйегінде «Нұр Отан» партиясының қолдауымен шығатын «Нұр Астана» газеті де жабылып, веб-сайтқа көшкен.
«БҰҒАН ГАЗЕТТЕРДІҢ ӨЗДЕРІ ДЕ КІНӘЛІ»
Саясаттанушы Дос Көшім айтуынша, газеттердің жабылуына басты себебі – олардың тиражының өтпеуі.
– Бұған газеттердің өздері де кінәлі. Газеттерде халық қызыға оқитын материал аз. Халық батырып айтатын газет оқығысы келеді. Газеттерді онлайнға көшіргеннің өзінде оларды оқитындар көбейеді деп айта алмаймын. Интернетте оқыту үшін де қызықты, мәселе қозғайтын материалдар керек, – деді саясаттанушы.
Ал журналист Асқар Ақтілеу газеттердің жабылуын не интернет платформаға көшуін оқырмандары азаюынан ғана емес, мемлекеттің ақша үнемдеу амалынан да көреді.
– Сайт ашу – арзан. Сондықтан үкімет бұқаралық ақпарат құралы (БАҚ) саласын реформалауды газеттерді жабудан бастады. Негізі, Қазақстанда БАҚ саласын үйлестіру дұрыс жолға қойылмаған. Тендер дұрыс өтпейді, кейін бөлінген қаржы жетпейді, – дейді журналист.
Асқар Ақтілеу «кейін тағы біраз газет жабылып жатса, таң қалмайтынын» айтты.
Баспа ісі маманы Гүлназ Сембиева басылымдар ақпараттық технологияның қазіргі қарқынымен бірге мүмкіндігі мол онлайн нұсқада да дамығанын жөн көреді. Бірақ ол «интернетке қолы жетпей отырған ауылдағы оқырманды да ойлау керек» екенін айтады.
– Қазақстаннан көш ілгері, дамыған мемлекеттерде қағаз басылымдар жоғалып кеткен жоқ. Интернет ресурстың да, дәстүрлі қағаз басылымдардың да оқырман алдында өз қызметі бар, – деді Гүлназ Сембиева.
Қазақстандағы мемлекетке тиесілі газет-журналдардың оқырманын көбейту мақсатында бюджеттік мекеме қызметкерлерін басылымға күштеп жаздырту амалы да қолданылады. Азаттық бұған дейін әкімдік мәжбүрлеп жаздыратын газет-журналдар сомасының жыл сайын артып келе жатқанына шағымданған мектеп мұғалімдері туралы жазған.
Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2013 жылы шілдеде жариялаған мәліметіне қарағанда, Қазақстанда қазір 2111 ақпарат құралы бар. Оның 16 пайызы (344-і) – қазақ тілінде, 36 пайызы (758-і) – орыс тілінде, өзгесі – бірнеше тілде қатар шығады.