Исламды жамылып қан төккенді Қазақстанда «қатты айыптайды». Бірақ Ресей, Қырғызстан, Қазақстан елдерінде экстремистерді ақтайтындар да бар болып шықты. Бұл - Pew орталығының зерттеу қорытындысы.
Вашингтонда орналасқан Pew («Пью») зерттеу орталығы Ресей, Қазақстан, Қырғызстанда терроризмге қатысты сауалнама жүргізді.
ЭКСТРЕМИЗМНЕН ЕҢ ҚАТТЫ ҚАУІПТЕНЕТІН - СОЛТҮСТІК КАВКАЗ
«Пью» зерттеу орталығының бұл сауалнамасында Ресейдің Шешенстан және Дағыстан республикалары тұрғындарының жауаптарына ерекше көңіл бөлінген.
«Сәуірдің 15-і күні Бостон қаласында болған жарылысқа Солтүстік Кавказ аймағында туған екі шешен жігітінің қатысы бар» деген ақпарат бұл зерттеуге қызығушылықты арттыра түсті. Бұған қоса, «Царнаевтар Қазақстан мен Қырғызстанда да тұрған» деген хабарлар тарады.
2011 жылғы қазан айынан 2012 жылдың ақпанына дейін осы елдердің аумағында жүргізілген сауалнама нәтижелері бойынша, Ресейдегі мұсылмандардың 20 пайызы діни экстремизмнен қауіптенсе, 26 пайызы «біршама» алаңдайды.
Ал Солтүстік Кавказдағы Ресейдің Шешенстан, Дағыстан және басқа да бес аймағында тұратын мұсылмандарды діни экстремизм «өте қатты алаңдататын» болып шықты. Олардың 32 пайызы діни экстремизмнен қатты қауіптенсе, 25 пайызы «біршама қобалжиды».
Қазақстан мен Қырғызстан тұрғындары да діни жікшілдіктің зардаптарынан қорқады. Қазақстанда «қатты алаңдайтындар» – 28 пайыз, «біршама алаңдайтындар» - 35 пайыз. Ал Қырғызстанда тиісінше - 29 және 33.
ҚЫРҒЫЗСТАНДА АСА ҚАТТЫ ҚАУІПТЕНБЕЙДІ
Бұл сауалнама халықтың басқа діндердегі жікшілдіктен гөрі «ислам экстремизмі» деп айдар тағылған құбылыстан жүрексінетінін аңғартты. Ресейде сұралғандардың 1 пайызы ғана христиандық экстремизмнен қауіп етеді, 20 пайызы исламдық топтардан күдіктенсе, 21 пайызы ислам және христиан экстремистерінен қорқады.
Солтүстік Кавказда тұрғындардың 36 пайызы «ислам экстремизмінен» қауіптенеді. Қазақстанда «ислам атын жамылған экстремизм қатерінен» халықтың жартысы (46 пайызы) қорықса, Қырғызстанда бұл көрсеткіш 32 пайыз болған.
Қоғамдық пікірді зерттеушілер халықтың дін атын жамылып жарылыс жасауға көзқарасын да зерттеп көрген. Ресейдегі мұсылман тұрғындардан гөрі Солтүстік Кавказ халқының арасында мұндай қантөгісті еш ақтауға болмайды дейтіндер көп.
Ресейде жанкештінің бомба жаруын сауалнамаға жауап бергендердің 86 пайызы айыптаса, Солтүстік Кавказда бұл жалпыресейлік көрсеткіштен асып түсіп, 93 пайыз болды. Қазақстан тұрғындарының да барлығы дерлік қылмыстың бұл түріне жол беруге болмайды деп санайды - 93 пайыз.
Қырғызстанда қантөгісті айыптайтындар саны анағұрлым аз болып шыққан - 66 пайыз. Мұндай террорлық әрекеттерді кей жағдайларда ақтап алуға болады деп санайтындар барлық аймақтарда бар болып шықты. Бұл пікірлердің сауалнамадағы үлесі Қазақстанда - 2 пайыз, Ресейде - 4 пайыз, Қырғызстанда - 10 пайыз.
«ДІНИ ДЕМОГРАФИЯ»
«Пью» зерттеу орталығы Ресей, Қазақстан және Қырғызстандағы діни демографияға қатысты да деректерді жарыққа шығарды.
2010 жылғы мәліметтер бойынша, Ресейде 14 миллион мұсылман тұрады, бұл – халықтың 10 пайызы. Ал христиандардың саны 100 миллионнан асады - 73 пайыз, өздерін еш дінге жатқызбайтындар - 23 миллион (16 пайыз). Ресейде туған 400 мыңдай адам АҚШ-қа эммиграцияға кеткен.
Қырғызстанда 5 миллиондай мұсылман тұрады, бұл - жалпы халықтың 88 пайызы. Соңғы 20 жыл ішінде АҚШ-қа 10 мыңға жуық Қырғызстан азаматы қоныс аударған.
Ал Қазақстанда 11 миллионнан астам мұсылман тұрады - халықтың 70 пайызы. 4 миллион шамасында христиан бар - 25 пайыз, 700 мың шамасында еш дінге кірмейтіндер бар – халықтың 4 пайызы. Қазақстаннан АҚШ-қа 20 мыңнан астам адам көшіп кеткен.