Риддер қаласында қамауға алынған құқық қорғаушы Александр Харламов Өскемен абақтысына ауыстырылды. Оған «діни араздық тудырды» деген айып тағылған.
«Секрет – Сервис» атты құқық қорғау ұйымының жетекшісі Александр Харламов Риддер қаласында қамауға алынған жерден Өскемендегі абақтыға жөнелтілді. Бұл туралы Азаттық тілшісіне оның зайыбы Марина Каплунская хабарлады.
- Кеше Өскемендегі тергеу абақтысында болдым. Александрға кіргізбеді. СИЗО-ның бастығына жолығу керек екенін айтты. Оған барсам, Александрдың ісін жүргізіп жатқан тергеушіге сілтеді, - дейді Марина Каплунская.
Ол Александр Харламовтың азаматтық неке бойынша отасқан әйелі болғандықтан күйеуімен кездесуге мүлдем рұқсат ала алмай қалам ба деп қауіптенеді.
Риддер қалалық соты құқық қорғаушы Александр Харламовты екі айға қамауға алу туралы наурыздың 17-сі күні шешім шығарған.
«АТЕИЗМ АРҚЫЛЫ ДІНИ АРАЗДЫҚ ТУДЫРУ»
Харламовқа қылмыстық кодекстің 164-бабы бойынша («Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік және діни араздық қоздыру») айып тағылған. Оппозициялық саясаткер Владимир Козлов осы баптың «әлеуметтік араздық тудыру» тармағы бойынша сотталған еді.
Александр Харламовтың адвокаты Мәншүк Медиханованың Азаттық тілшісіне айтуы бойынша, құқық қорғаушыға тергеу кезінде «діни араздық қоздыруы мүмкін» атеистік көзқарасын насихаттады деген айып тағылған. Адвокат өз қорғауындағы азаматпен наурыздың 27-сі күні кездесетінін айтты.
Марина Каплунская күйеуінің дін тақырыбы бойынша жазғандары оның қамалуына себеп болған негізгі фактор емес деп тұспалдайды. Оның ойынша, мұндай әрекетке Харламовтың құқық қорғаушы ретіндегі қызметі түрткі болуы мүмкін. Каплунскаяның айтуынша, күйеуі қамаларынан сәл бұрын бір полицейге қатысты шыққан сот үкімін сынап, судья мен прокурордың қызметіне теріс баға берген. Ал өзінің діни көзқарасын Харламов «Мой мир» әлеуметтік желісіндегі парақшасына жариялап келген.
Ал Медиханованың сөзінше, Харламовты «діни араздық тудыру» бабы бойынша айыптаудың қисыны жоқ, өткені ол атеистік көзқарасын білдірген.
«ЖЕКЕ БАС КУӘЛІГІНСІЗ СОТТАУ»
Харламовты тұтқындамас бұрын оның «Секрет – Сервис» ұйымындағы кеңсе заттары тәркіленген болып шықты. Наурыздың 14-і күні құқық қорғаушы Риддер қаласындағы полиция учаскесіне барып кеңсе техникасын қайтаруды өтінген. Оны сол жерде қамауға алған.
Марина Каплунскаяның айтуынша, Тұрақбаев есімді тергеуші күйеуіне абақтыда қажет болатын заттарды әкеп беруі керек екенін айтқан. Ал қалалық сот Александр Харламовты екі айға қамауға алу туралы шешім шығарған. Сот алдында Каплунскаядан Харламовтың жеке бас куәлігін әкеп беруін сұраған. Оның сөзінше, сотқа құқық қорғаушының әйелі мен жақындарын кіргізбей қойған.
- Оны жеке бас куәлігі болмаса да, екі айға соттады, - дейді Марина Каплунская.
Сот болған күні аптығып жүріп күйеуінің куәлігін жоғалтып алған Каплунскаяға жергілікті полиция үй кітапшасын әкелсе құжатты қалпына келтіріп беретіндерін айтқан.
Азаттық тілшісінің Өскемен қаласында Александр Харламовтың ісін жүргізіп жатқан тергеу тобымен хабарласпақ болған әрекеті нәтижесіз аяқталды. Құқық қорғаушыға айып тағуға негіз болған фактор туралы толығырақ ақпаратты алдағы күндері жариялауға тырысамыз.
Жергілікті құқық қорғаушылар мен сарапшылар Қазақстанның қылмыстық кодексіндегі «әлеуметтік және діни араздық тудыру» туралы 164-баптың халықаралық құқық шартына сай емес екенін, «бұл баптар ұнамсыз саясаткерлер мен өзгеше ойлаушыларды қудалау үшін билікке ыңғайлы» екенін айтып келеді.