Ақпанның 26-сы күні Алматыда өткен айда құрылған «Арқа сүйеу» қоғамдық қорының жиыны өтті. Қазақстанда билікті сынаушы саясаткерлерді «қудалау әлдеқашан басталды» деп мәлімдеген қоғамдық қор өкілі Владимир Козловты «саяси тұтқын» деп біледі.
СОТТАЛҒАННЫҢ ҚҰҚЫҒЫ
Тіркелмеген оппозициялық «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козлов (53 жаста) 2012 жылғы қаңтарда тұтқынға алынып, қазан айында «әлеуметтік араздық тудырды және конституциялық құрылымды күшпен өзгерткісі келді» деген айып тағылып сотталған. Қазір ол жазасын Петропавлдағы ЕС 164/3 колониясында өтеп жатыр.
- Владимир Козловтың жағдайы айтарлықтай жақсы. Ол жалпы режимдегі колонияда отыр. Владимирге бір жылда төрт рет сәлемдеме (посылка), төрт рет орамахат (бандероль) жіберуге болады. Жақын туыстарымен үш мәрте ұзақ мерзімді (үш күндік) кездесуге құқығы бар. Туыстары және таныстарымен қысқа мерзімді бірнеше кездесуге де құқығы бар, - деді «Арқа сүйеу» қоғамдық қорының өкілі Михаил Сизов.
Оның сөзінше, осы күнге дейін Владимир Козловпен тек әйелі Әлия Тұрысбекова және құқық қорғаушы Жеміс Тұрмағанбетова кездесе алған.
- Козловпен кездесуге арнайы келген Польша депутаттары кездесуге рұқсат ала алмай, кетіп қалды. Бірақ олар «көктемде келеміз» деп кетті, - деді Сизов.
Құқық қорғаушы Евгений Жовтис, шетелдіктермен кездесу ұйымдастыру үшін «аймақтық, облыстық департамент деңгейінде келісім қажет, бірақ сотталғандар – саяси тұтқын болғандықтан, келісімді Астанадан сұратады» деген болжамын айтты.
Тіркелмеген «Алға» партиясының жетекшісі Владимир Козловтың ісі бойынша Ақтауда өткен сот өткен 2012 жылдың қазан айында аяқталған. Сот Козловтың мүлкін тәркілеп, өзін жеті жарым жылға түрмеге кескен.
Владимир Козловқа «әлеуметтік араздықты қоздыру» (164-бап 3-бөлім), «Қазақстан Республикасының конституциялық құрылымын күшпен құлатуға немесе өзгертуге не оның аумақтық тұтастығын күшпен бұзуға шақыру» (170-бап 2-бөлім) және «ұйымдасқан қылмыстық топ құру» (235-бап 1-тармақ) баптары бойынша айыптар тағылған.
ҮНЕМІ БАҚЫЛАУ
Михаил Сизов «Арқа сүйеу» қоғамдық қоры алда өзге де саяси тұтқындардың түрмедегі хал-ахуалына мониторинг жасайтынын айтты.
- Қазір Арон Атабекке қатысты жұмыс жасалып жатыр. Бізге жеткен ақпарат бойынша, ол - туберкулезге шалдыққан, қатты сырқат. Оның түрмедегі күзеті қайтадан күшейтіліп, адвокатына қатысты мәселе әлі шешілмей тұр. Козловқа қарағанда Арон туралы ақпарат үзік-үзік жетіп жатыр. Бірақ біз оның тағдарын назардан тыс қалдырмаймыз, - деді Сизов.
2006 жылғы шілде айында Алматы түбіндегі «Шаңырақ» шағын ауданында жер телімдерін «заңсыз иелену» мәселесіне қатысты туған халық наразылығы кезінде қоғамдық белсенді ретінде көзге түскен Арон Атабек адам өліміне қатысты айыпталып, 18 жылға сотталған болатын.
Қаңтардың аяғында «Қазақстандағы саяси тұтқындарды қорғау комитетін» құрмақ болған бір топ азамат әділет министрлігінен ұйымның атауы заңға қайшы келетіні туралы жауап алып, тіркелмей қалған. Бірақ сол адамдардың ынтасымен комитеттің мақсатын жүзеге асыратын «Арқа сүйеу» қоры құрылды. Олар елдегі саяси негізде қамалған, я қудалауға тап болған азаматтарға демеу көрсететіндерін айтады.