Косово Еуропа Одағы нормаларына сай «дыбыс мөлшері» туралы заң қабылдамақ. Бірақ бұл елдегі мұсылмандар қауымы «бұл - жамағатты намазға шақыруға кедергі болады» деп алаңдайды.
Адамның мазасын алатын дауыс мөлшерін қалай анықтайды? «Дыбыс мөлшері» туралы заң косоволықтар арасында осындай дау тудырды.
«АЗАНҒА ТЫЙЫМ САЛЫНБАЙДЫ»
Қоршаған орта және кеңістікті жоспарлау министрлігі ұсынған жаңа заң жобасы Еуропа Одағы (ЕО) талаптарына сай жасалған. Заң жобасы әлі бұл елдің парламентіне түскен жоқ, бірақ БАҚ пен әлеуметтік желіде қызу пікірталас басталып кетті.
Косоводағы мұсылман қауымының өкілдері заң жобасы мешіттерге азан шақыруға тыйым салады деп алаңдайды. Олар азанды «шуға» немесе «адамдарды мазалау» ұғымына теңеуге қарсы. Мұсылмандардың көңілін тыныштандыру үшін қоршаған орта министрі Дардан Гаши ақпанның 3-і күні елдегі ислам қауымдастығының жетекші өкілдерімен кездесті. Министр Азаттық тілшісіне:
- Дәл қазір үкімет те, министрлік те азанға тыйым салуды ойлап отырған жоқ. Өз басым азанға тыйым салуға қарсымын. Қала тұрғындары мен үкімет және Косово ислам қауымдастығы (КИҚ) арасында азан шақырған кездегі дауыс деңгейі бұдан бұрын келісілген еді. Бірақ осы жағдайдан саяси пайда тапқысы келетіндер бар, солар килігіп, мәселенің дұрыс шешілуіне кедергі келтіріп жатыр, - деді.
Гаши «азан мен басқа да діни дыбыстар, мысалы христиан шіркеуіндегі қоңырау үні, заңның басқа бөлігінде қарастырылады, мұндай дыбыстар «шумен мазалау» санатына кірмейді» дейді.
Ол министрлік пен Косово ислам қауымдастығы (КИҚ) Приштинада (Косово астанасы - ред.) азан шақырудың орталықтандырылған үлгісін енгізуге келіскенін айтты. Жобаға сай астанадағы барлық мешіттер бір уақытта және бір деңгейдегі дауыспен азан шақырады.
КИҚ баспасөз хатшысы Ахмет Садрю мұсылмандар қауымдастығының бұл ұсынысқа келіскенін айтып:
- Заңда азанды тоқтату туралы айтылмаған. Біз белгілі бір уақытта шығатын дауыс деңгейін анықтау туралы ғана келісіп жатырмыз. Ол үлгіні қолданудың тәсілін де бірігіп анықтайтын болдық. Бұл мәселе заңның жеке тармағы болатын болды, - деді.
«ХАЛЫҚТЫҢ ТЫНЫШТЫҒЫ МАҢЫЗДЫ»
Бірақ Косоводағы тағы бір ислам бірлестігі - LISBA қозғалысының мүшелері бұл келісімге разы емес. Олар үкімет пен КИҚ арасындағы келісімге қарамастан, әлеуметтік желілерде заң жобасын аяусыз сынап, азан даусын азайтуға қарсы шығып отыр.
LISBA мүшелері «азан даусын бәсеңдеткісі келетіндерге қарсы тұруға даярмыз» дейді. Олар тіпті министр Гашиге доңайбат көрсетіп те қояды. LISBA-ның әлеуметтік желідегі парақшасында «Батыр болса келсін де, азанды тоқтатып көрсін» деп жазылған. Гаши оларды «көпшілікті алдап-арбап, өзлерін исламның қамқоры етіп көрсету үшін осындай әрекеттер жасап отыр» деп айыптады.
Ал КИҚ баспасөз хатшысы Ахмет Садрю «мәселені ушықтырған баспасөз құралдары» дейді. Ол КИҚ-ты «үкімет санасатын жалғыз мұсылман мекемесі» санайды.
- Біз, Косово ислам қауымдастығы - осы елдегі ислам дінінің дамуына жауапты жалғыз мекемеміз. Басқалардың қамқорлық танытып, жауапкершілікті мойнына алғанын қаламаймыз, - деп мәлімдеді ол.
Косоводағы православ христиандар «діни дыбыстарды шектеу» мәселесіне қатысты әзірге ешқандай мәлімдеме таратқан жоқ. Косово епархиясының рим-католик шіркеуінің бас викарийі Дом Луш Гжергжи (Gjergji) «шіркеудің халықаралық заңдар мен ЕО стандартына келісетінін» айтты. Ол Азаттық тілшісіне:
- Біз - Құдайға және халыққа қызмет ететін жандармыз. Сондықтан, адамдардың тұрмысы жайлы, көңілдері тыныш болғанын қалаймыз, - деді.
(Беким Бислимидің мақаласын ағылшын тілінен аударған – Динара Әлімжан)