14 қыркүйекте Тәжікстанның Исфара және Бобожон Гафуров аудандарының Қырғызстанның Баткен облысымен шектескен тұсында басталған жанжал көп ұзамай Тәжікстанның Лахш ауданы мен Қырғызстанның Ош облысы арасындағы шекарада жалғасқан.
Суретте: қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал кезінде өртеніп кеткен "Достық" базары. Лейлек ауданы, Интернационал ауылы, Қырғызстан. 19 қыркүйек 2022 жыл.
Қырғызстан билігінің кейінгі мәліметі бойынша, қарулы жанжал құрбандарының саны 59 адамға жеткен, арасында 15 жасар қыз да бар. Елдегі баспасөз құралдарын қатаң бақылауда ұстайтын Тәжікстанда үкімет жанжалдан зардап шеккендер жөнінде бірнеше күн бойы ешқандай ақпарат бермеді. Тек 18 қыркүйекте Душанбе "қақтығыстан 32 адам өлген, көпшілігі - бейбіт тұрғындар" деп хабарлады. Бұл мәліметтерді өзге тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Қырғызстан 19 қыркүйекті Ұлттық аза күні депжариялады.
Суретте: қырғыз-тәжік шекарасындағы қарулы жанжал салдарынан қаза тапқан қырғызстандық Бекмырза Шарабидинді жерлеу рәсімі. Наукен ауданы, Қырғызстан, 18 қыркүйек 2022 жыл.
Қырғызстан билігінің дерегінше, қарулы жанжал салдарынан 144 адам жараланған. Олардың көбі Бішкек пен Оштың ауруханаларына жеткізілген. Қақтығыс болған аймақтан 140 мың адам көшірілген.
Суретте: шекара маңындағы жанжал салдарынан қираған ғимарат. Қырғызстан, Баткен облысы.
Қырғызстанның Тәжікстанмен шекарасы аймағындағы Құлынды, Мақсат, Интернационал, Оочу, Сада, Раззаков, Ақ арық, Қайрағаш, Бұлақ басы ауылдарында тұратын мыңдаған адам Сүлікті және Раззаков кенттеріне көшірілген. Арқа, Достық, Жастық, Центральный, Бескент ауылдарының халқы тау бөктеріндегі Марғын ауылын паналаған.
Суретте: өртенген шағын автобустың қаңқасы. Интернационал ауылы, Қырғызстан.
Қырғыз-тәжік шекарасы маңында қарулы қақтығыс салдарынан қирап-бүлінген елді мекендер туралы фото мен видео әлеуметтік желіде көп тарады.
Суретте: Интернациоальный ауылындағы өртенген "Достық" базарының қақпасы. Лейлек ауданы, Қырғызстан 19 қыркүйек 2022 жыл.
Екі тарап шекарадағы қарулы жанжалды бір-бірінен көріп отыр. Тәжікстан Қырғызстанды тұрғын үйлер мен азаматтық нысандарды әскери тікұшақ, дрон мен ауыр қару-жарақпен атқылады деп айыптады. Бішкек болса, "Қырғызстан күштері тек қорғанған", "тәжік шекарашылары бірінші болып оқ атып, Баткенге ауыр қару мен зымыран атып шабуылдады" дейді.
Суретте: қарулы жанжал салдарынан өртенген жеңіл көліктің қаңқасы. Исфара ауданы, Тәжікстан.
Суретте: көлік жолына түскен әскери снарядтың бөлігі. Баткен облысы, Қырғызстан.
Қырғызстан мен Тәжікстан арасындағы 970 шақырым шекараның басым бөлігі әлі күнге нақты белгіленбеген. Соған байланысты екі ел халқы мен шекарашылары оқта-текте су мен жерге бола қақтығысып қалады.
Суретте: Қақтығыс салдарынан бұлінен ғимарат. Исфара ауданы, Тәжікстан.
Қырғызстанмен шекарадағы қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген жеке меншік тұрғын үй. Овчикалача ауылы, Тәжікстан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
Қарулы жанжал барысында бүлінген жеке меншік тұрғын үйдің ауласындағы жеңіл көлік. Исфара ауданы, Тәжікстан.
Қарулы қақтығыс салдарынан бүлінген жеке меншік тұрғын үй. Овчикалача ауылы, Тәжікстан, 16 қыркүйек 2022 жыл.
Бішкек қырғыз-тәжік шекарасы маңындағы қарулы жанжал құрбандары саны 59 адамға жеткенін, ал Душанбе қақтығыстан 32 азаматы қаза тапқанын хабарлады. Бұл мәліметтерді тәуелсіз дереккөздерден анықтау мүмкін болмай тұр. Екі тарап бір-бірін "әскери агрессия жасады" деп айыптайды.