Былтыр Қырғызстанда парламент сайлауының алдын-ала қорытындысына наразылар Бішкек көшелеріне шығып, митинг жасады.
Олар парламентте билік жақтастарының жиналуға әсер еткен жемқорлыққа қарсы шықты.
Бірақ көбі сайлау күні анық байқалған заң бұзушылықтарға көз жұмған жүйеге наразы болды.
Жұрт саясатта бұрыннан жүргендердің қайта сайланғанын қаламады. Бұл талап әсіресе жастар қатарынан қаттырақ байқалды.
БІР ЖЫЛДАН СОҢ
28 қарашада Қырғызстанда парламент сайлауы өтеді. 2020 жылғы 6 қазанда Орталық сайлау комиссиясы былтырғы сайлау нәтижесін жойған еді.
Ал 15 қазанда президент Сорронбай Жээнбеков отставкаға кетті.
17 қазанда Орталық сайлау комиссиясы парламент сайлауын 20 желтоқсанда өткізуді ұсынды, себебі 28 қазанда парламент депутаттарының мерзімі аяқталатын еді.
Оның орнына 2021 жылы елде президент сайлауы, жергілікті сайлау, билік жүйесін өзгерту жайлы референдум, Конституцияны өзгерту және Қырғызстанды президентік-парламенттік басқарудан президенттік басқаруға өткізу жайлы референдум өтті.
Қырғызстанда биыл сайланатын жаңа депутаттар ресми мерзімі аяқталса да, парламентте бір жыл отырып, маңызды өзгерістерді мақұлдаған депутаттардың орнын басады.
ҚАЗІРГІ ПАРЛАМЕНТ ҚАНДАЙ?
Биыл қабылданған жаңа Конституция парламенттің құрылымы мен құзыретін өзгертті.
Қырғыз парламенті енді 120 емес, 90 депутаттан тұрады. 54 мандат саяси партиялар арқылы, ал 36 депутат мажоритарлы жүйемен сайланады.
"Халық құрылтайы" парламенттыкіне ұқсас ресми статус пен құзыретке ие болды. Бұл орган енді заң жобаларын ұсына алады.
Президенттің құзыреті де кеңейді. Ол енді министрлерді тағайындап, бас прокурор мен судьяларды жұмысқа қабылдап немесе орнынан алып тастай алады, заңдар мен референдумдар қабылдап, парламент депутаттарын имунитетінен айыра алады.
Бірақ парламент жариялығын сақтап қалғысы келетін саясаткерлердің алаңы болып қала бермек.
2005 жылдан бастап Қырғызстанда үш революция болып, саяси қайраткерлердің тағдыры бірнеше рет өзгерді.
Бұған президент Садыр Жапаров мысал бола алады.
Ол 2007-2010 жылдары президентті қолдайтын "Ақ жол" партиясы атынан депутат болды. Сол кездегі жемқорлыққа қарсы агенттікте жоғары лауазымды қызмет атқарды.
Сол кездегі президент Құрманбек Бакиев 2010 жылғы сәуірде болған екінші революция кезінде орнынан кетті.
Жапаров 2010 жылы "Ата-жұрт" партиясы атынан депутат болып сайланды. Бірақ 2012 жылғы қазанда парламент ғимаратын басып кірмек болып, қамауға алынды. Кейін үкіметті құлатпақ болды деген айыппен сотталды.
Садыр Жапаров бірнеше айдан соң бостандықа шықты. Бірақ оған Ыстық-Көл облысының басшысын тұтқынға алды деген айып тағылды.
Жапаров Қырғызстаннан қашып, 2017 жылы қайтып оралды. Қамауға алынып, адам ұрлығы үшін 11 жарым жылға бостандығынан айырылды.
2020 жылғы қазанда парламент сайлауынан кейін митинг басталғанда, Садыр Жапаров түрмеде болған.
Сол дүрбелең кезінде түрмеден шыққан Жапаров кейін президент болып сайланды. Ол Жээнбеков отставкасынан соң билікті қолына алып, содан бері елді басқарып келеді.
Садыр Жапаровтың жағдайы Қырғызстан үшін жаңалық емес. Қызметтен түрмеге, түрмеден қызметке барғаны аз емес.
Кей депутаттар парламенттегі орнын пайдаланып, үкімет шешімін сынайды. Бұл – биылғы сайлауды маңызды етіп отырған себептердің бірі.
Президент депутаттарды иммунитетінен айыра алатынына қарамастан, Жапаровтың кей әрекетін жұрт алдында сынайтын депутаттар бар. Бұл қоғам шағымына мүмкіндік беріп, президент билігі үшін сынға айналмақ.
БАЯҒЫ ЖАРТАС – БІР ЖАРТАС
2020 жылғы парламент сайлауына 16 партия қатысқан.
Биылғы сайлауға 21 партия тіркелген. Олардың 8-і былтырғы сайлауға қатысқан.
Былтырғы сайлауда "Бірімдік" партиясы 46, "Мекенім Қырғызстан" 45 мандат алған. Биыл бұл екі партияға сайлауға түспеді.
Былтыр парламент сайлауында 16 орын тиген "Қырғызстан" партиясы биыл "Ата Жұрт" партиясымен бірігіп сайлауға түседі.
Бір кездері "Ата Жұрт" партиясын Садыр Жапаровтың досы, қазір ұлттық қауіпсіздік комитетінің басшысы болып отырған Қамшыбек Ташиев басқарған. "Ата Жұрт" партиясы 2010 жылғы сайлауда парламенттен ең көп орын (28) алған. Ал 2015 жылы "Республика" партиясымен бірігіп, 28 орынмен екінші орында болды.
"Ата Жұрт" партиясы 2020 жылғы сайлауға қан жоқ. Бірақ оның мүшелері биылғы сайлауға қатысу үшін басқа партияларға қосылды. "Бірімдік" пен "Мекенім Қырғызстан" партияларының бұрынғы мүшелері де алдағы сайлау қарсаңында солай істеді.
2012 жылы құрылған "Өнүгүү прогресс" партиясының лидері Бақыт Төребаев сайлауға "Ата Жұрт" партиясынан атынан түсіп отыр. Оның өз партиясы қатыспады.
Парламенттің бұрынғы спикері, "Атамекен" партиясының лидері Өмірбек Текебаев сайлауға тағы түсті. Коммунистік партияның бұрынғы басшысы Ысқақ Масалиев те 2015 жылы "Өнүгүү прогресс" партиясының атынан сайлауға түссе, биыл "Бүтін Қырғызстан" партиясының атынан кандидат ретінде тіркелді.
2020 жылғы сайлауда орын алған жалғыз оппозициялық партия "Бүтін Қырғызстан" болды. Оның лидері, президенттікке үш рет кандидат болған Адахан Мадумаров биыл да сайлауға түспек.
"Ата Жұрт" атынан парламент спикері болған, осы партияның бұрынғы мүшесі Ахматбек Келдібеков те "Азаттық" партиясынан кандидат болып тіркелген.
Қазіргі депутат Ескендір Матраимов сайлауға Қара Су ауданынан түсіп отыр. Бұл орында бұрын оның ағасы Тілек отырған. Оның тағы бір ағасы – кеден қызметінде лауазымды қызмет атқарып, жемқорлық дауына ұшыраған Райымбек Матраимов.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Райым миллионердің" дәурені өтті ме?Мұндай саясаткерлердің тізімі жалғаса береді. Осылайша былтыр ескі депутаттардан арылуды талап еткендер сайлау бюллетендерінен бұрыннан таныс адамдардың аты-жөнін көргелі отыр.
34 жастағы жас саясаткер Жанарбек Ақаев "Альянс" партиясынан кандидат болып тіркелген. Бұл партия "Бір бол" және Қырғызстан либерал демократиялық партиясы мен "Әділ Қырғызстан" партияларынан құралған. 30 жастағы кәсіпкер Тілек Тоқтағазин "Атамекен" партиясынан кандидат болды. Бұлар – сайлауға түсетін 30-дан асқан кандидаттардың азы ғана.
2020 жылғы қазанда билік орнынан кеткен соң, әйелдер үкімет құрамында теңдік бола ма деп үміттенген еді. Бірақ биылғы сайлау да олардың үмітін ақтай қоймайтындай.
Қазіргі заң бойынша, депуттаттардың 30 пайызы әйелдер болуы керек.
Бірақ іс жүзінде олай болмай отыр.
2020 жылғы қазанда Бішкек феминистер тобы Қырғызстан халқының жартысына жуығы әйел болғандықтан, парламенттегі орындардың жартысында әйелдер отыруы керек деп жазды.
Алдағы сайлаудан соң да солай болатыны екіталай. Себебі сайлауға түсіп жатқан 1046 кандидаттың тек 377-і әйел.
2020 жылғы қазанда революциядан соң билік Садыр Жапаровқа өткенде, 5 қазанда наразыққа шыққандар мен әйелдердің үміт отын өшті.
Бірнеше күннен соң болатын сайлау да бір жыл бұрынғы талаптарды орындай алмайтындай көрінеді. Әсіресе, Садыр Жапаровтың үкіметі бір орында тұрғанда, мұның қаупі бар. Ол билікке келгелі Қырғызстанда жақсарған нәрсе аз.
Бірақ кері кеткен дүние баршылық: экономика нашарлап, пандемия кезінде денсаулық сақтау жүйесі сыр берді. Тәжікстан және Ауғанстанмен шекарадағы қауіпсіздік проблемасы туындады.
Соған қарамастан, Садыр Жапаровтың рейтингі жоғары-мыс.
ОҚИ ОТЫРЫҢЫЗ "Ханституция" емес пе? Қырғыз президенті Жапаров даулы конституция жобасын жақтады