Қырғызстан парламенті мәмілеге келіп үкімет басшысы етіп бекіткен Жантөре Сатыбалдиев елдің саяси тарихындағы ең бір шиеленісті кезеңде қызметке кірісті.
Жаңа премьерді жаққа бөлінген Қырғызстандағы саяси топтарды біріктіруі мүмкін тұлға ретінде сипаттайтындар бар.
Демократияның ең маңызды артықшылығы - мәмілеге келу арқылы әрекет ету. Сол себепті Сатыбалдиевті үкімет басшысы етіп тағайындау оңтүстік пен солтүстік болып жік түскен елдегі дағдарыстан шығаратын ұтымды шешімге айналуы да мүмкін.
ОҢТҮСТІКТЕ ТУЫП, ОҢТҮСТІКТЕ ТАНЫЛУ
Жаңа қырғыз премьері соңғы 15 жыл бойы елдің саяси өміріне белсене араласып келген 56 жастағы саясаткер. Ешбір партия мүшесі болмаса да, ол Асқар Ақаев, Құрманбек Бакиев, Роза Отунбаева мен Алмазбек Атамбаевтың қол астында қызмет ете жүріп жоғарғы лауазымынан айырылған емес.
Парламенттің вице-спикері, жақында Социал-Демократиялық және "Ар-Намыс" партияларымен коалиция құрған "Атамекен" фракциясының жетекшісі Омурбек Текебаев жаңа премьердің тағайындалуын сәтімен жасалған шешім деп санайды.
- Ол - тәжірибелі, шапшаң, ақылды, дипломатияшыл саясаткер. Соңғы үш президент оған сенім көрсетті. Меніңше, мұндай қасиеттерге дәл қазір күллі Қырғызстан мұқтаж, - дейді Текебаев.
Қырғызстандағы қазіргі маңызды мәселе - 2010 жылғы маусым айында этникалық қырғыздар мен өзбектер арасында туған қанды қақтығыстан соң солтүстік пен оңтүстік өңірдің арасына түскен жік.
Сатыбалдиев Ош облысында туған. 2000-2001 жылдары Ош қаласының, 2006-2007 жылдары Ош облысының әкімі болған. 2010 жылғы қақтығыстан соң оған тас-талқан болған қаланы қалпына келтіру бойынша құрылған мемлекеттік агенттікті басқару жүктелді.
САЯСИ БЕЙТАРАП ПРЕМЬЕР
Бірақ ол ешқашан Қырғызстанның оңтүстік өлкесінен қолдау тапқан "Республика" партиясының мүшесі болған емес. Дәл осы "Республиканың" "Ар-Намыс" және "Атамекен" партияларымен арадағы кикілжіңі соңғы үкіметтік коалицияның тарауына соқтырған еді. Сондықтан кейбір сарапшылар Сатыбалдиев қырғыз парламентінің ішіндегі қарсы тараптардың арасында көпір рөлін ойнауы мүмкін деп пайымдайды.
Турат Акимов есімді тәуелсіз журналист Азаттық радиосының Қырғыз қызметіне Сатыбалдиевті ең қолайлы компромистік тұлға деп суреттеді.
- Ол қарама-қайшылыққа толы бюрократ емес. Әжуаға ұшыраған тұлға да емес. Ол оңтүстікте болған оқиғалардан соң қажетті нұсқауларды тыңғылықты түрде орындап, нақты мәселелерді шешкен адам ретінде көрінді. Өзі де оңтүстіктен. Мұның бәрі Атамбаевқа парламентті таратып алмау үшін өте маңызды боп тұр, - деді журналист.
Оңтүстіктегі уәкілдігінен бөлек Сатыбалдиев 2003-2005 жылдары президенттің энергетика бойынша арнайы өкілі қызметін де атқарды. Депутат Текебаев Сатыбалдиев сол жылдары елді энергетикалық зор дағдарыстан аман алып шықты деп мақтайды. 1990 жылдардың соңында ол көлік және коммуникация министрі болып жұмыс істеген.
Текебаев Сатыбалдиевтің тағайындалуына зор сенім артады.
- Сатыбалдиевтің парламентте өз фракциясы жоқ. Ол президент пен парламенттің бақылауында болады. Қандай да бір қателік жасаса, ешкім де оған аяушылық таныта қоймайды. Ол "камикадзе" сияқты қиын жағдайға ұшырағанын біледі және өзіне артылған жауапкершілікті түсінеді, - дейді депутат.