Ел аузындағы болжамдарға қарағанда, «Памир» сөзі «дүниенің төбесі» дегенді білдіреді. Шынында да бұл жерде асқар таулар төбесі көкке тиіп тұрғандай көрінеді.
Памир жолының көп бөлігі Тәжікстан аумағынан өтеді. Бұл жол ел астанасы Душанбе қаласын Бадахшан өңірінің орталығы Хорог қаласымен жалғап жатыр.
Памир қысы қаһарлы әрі ұзақ. Тау басынан жазда да қар кетпейді.
Айбайтал асуының биіктігі - 4655 метр.
Жолдың кей тұсы асфальт, кейде ол топырақ жолға ұласып кетіп отырады. Қыста бұл жолмен көлік жүруіне тыйым салынады, өйткені көшкіндер жүруі мүмкін.
Памирден жан-жаққа бірнеше тау сілемдері таралады. Олар күнгейде Қарақорым, Гималайға ұласып кетсе, батысқа қарай Гиндукуш сілемдері жатыр. Солтүстік-шығыстағы белестері Тянь-Шань таулары болып кетеді.
Памирді ақ және көк таулардың төбесі деп те атайды.
Памирді сыртқы әлеммен жалғап тұрған жалғыз жол.
Әр асудан асқан сайын көз алдыңызға түрлі пейзаж тартылады.
Тау аралары - жайлау. Сайларды бойлап тау өзендері ағады.