Ресейдің Краснодар облысындағы сел жүріп өткен аймақ тұрғындары жұманың түніндегі алапат апаттың салдарын енді бағамдай бастады. Нөсер жаңбыр суы шайып өткен Крымск сияқты шағын қалаларда суға кеткен адам саны - кемінде 170.
Сенбі күні таң атпай Виктор Волошинге 60 мың тұрғыны бар Крымск қаласында тұратын жиені жанұшыра телефон соғады.
Байланыс үзілмей тұрып жиені оған Крымскінің су астында қалғанын, отбасында ешкім тірі қалмағанын айтып үлгереді.
- Ол түнгі үште жеңіл көлігінің сигнализациясы қосылып кеткенін естігенін айтты. Сыртқа шықса, су тізесінен кеп қалған екен. Бірден есін жиып алады да, отбасын құтқару үшін үйге қайта кіреді. Сол сәтте артынан кеп су басады. Қолына түскен ақша мен құжаттарын алып, үйдің шатырына шығып кетеді, - деп әңгімеледі Волошин.
Мұны ести сала Волошин көлігіне отыра сап Крымскіге тартады. Қалаға келгенде жиенінің үйіне жетуі мұң болады.
Әркімнің аузынан нөсер жаңбыр тереңдігі бес метрге жететін сел жүргізіп, ұйқыда жатқан жұртты басып қалғаны туралы әңгімелер естиді.
Жөңкіген ағыс көліктерді аударып, үйлерді балшықпен айғыздай ағып, 170 адамның өмірін қиып кетеді. Олардың көпшілігі - жас балалар мен кәрілер болып шыққан.
Көп кешікпей сел туралы жан шошытарлық мәлімет YouTube және Twitter парақшаларында пайда бола бастайды.
Крымск тұрғындарының бірінің туысы: "Бауырымның көршілері - үш адамнан тұратын отбасы түгел тұншығып өлген. Олардың өлі денелері күні бойы ауласында қалқып жүріпті" деп жазады.
Сел Қара теңіздің жағасындағы басқа да қалаларға жеткен. Солардың бірі - Геленджик.
Азаттықтың Геленджиктегі тілшісі Яна Сахарованың айтуынша, су деңгейі әп-сәтте көтеріліп, күллі қала сел астында қалған.
- Әуелі жай ғана түнге қарай жаңбырлатып басталған. Бірнеше сағаттың ішінде теңіз жақтағы ғана емес, орталық көшелердің бәрі су астында қалды. Жол-жолмен аққан судың тереңдігі 1.5 метрге жетті, - деді ол.
Шілденің 9-ы күні селден зардап шеккен қалалардың халқы қаза тапқандарды жерлеп жатқанда Ресей үкіметі қаралы күн жариялады.
Жоқтаумен бірге лағынет те айтып жатқандар болды.
Көптеген тұрғындар сел жүру қаупі зор аймақтың билік өкілдері не себепті ескерту жасамағанын, я құтқару жұмыстарын дер кезінде жүргізбегенін біле алмай дал.
Кейбір тұрғындар жергілікті билік өкілдері су қоймасын әдейі ашып жіберіп, шағын қалашықтарды құрбан қылу арқылы Новороссийск сияқты ірі қаланы селден құтқарып қалды деп те санайды.
Билік орындары мұндай болжамдарды жоққа шығарса да, жаңбырдың кесірінен біраз су қойманың ернеуінен "табиғи түрде" асып кеткенін мойындайды.
Ресей президенті Владимир Путин құтқару қызметінің баяу әрекетіне қатысты сынға ұшырады. Ол апаттың себебін тексеруге бұйырып, Краснодарь облысының губернаторы Александр Ткачевке шүйлікті.
Қазір Крымскінің басым бөлігі жарықсыз, канализациясыз және сусыз отыр.
Таза суға қолдары бірдей жете бермейтін тұрғындар жұқпалы ауруға ұшырамас үшін оларға дәрі-дәрмек таратып жатыр.
Табиғи апаттан соң құрбандарға көмек беру ісін ерікті түрде ұйымдастырушылар пайда болды.
Краснодарлық қоғам белсендісі Ульяна Кононович тұрғындарға таза су, азық-түлік, дәрі-дәрмек пен киім-кешек жинауға қолғабыс қылды.
Ол көмектің көп бөлігі өз еркімен қол ұшын бергендерден түсіп жатқанын айтады.
- Ендігі ең қажетті шаруа - осы жиналған көмекті нақты зардап шеккендердің қолына тікелей жеткізіп, таратып беру. Өйткені олардың көпшілігі есеңгіреп үйінде отыр, - дейді белсенді.