Олимпиада: құлау және сүріну
Шорт-тректен 1500 метрлік жарыста ұлыбританиялық Элис Кристи (1) мен Ли Цзиньюй (136) жолға таласып, бір-бірін құлатып кетті. 17 ақпан 2018 жыл.
Ұлыбританиялық Элис Кристи жарақат алып қалды. 17 ақпан 2018 жыл.
Шорт-тректен ерлер арасындағы 1000 метрлік жарыстың финалында венгриялық Шандор Лю Шаолиньнің құлаған сәті. 17 ақпан 2018 жыл.
Чехиялық Катерина Воячкова сноуборд жарысында құлап, соңғы 26-орынмен шектелді. 19 ақпан 2018 жыл.
Швециялық Дженни-Ли Бурманссон фристайлдың слоупстайл түрінен финалда құлап, 8-орыннан аса алмады. 17 ақпан 2018 жыл.
Фристайлдың слоупстайл түрінен жарысқа қатысқан Ресей олимпиадалық атлеттер командасының мүшесі Анастасия Таталина финалға өте алмады. 17 ақпан 2018 жыл.
Шана спортынан жарысқа қатысқан нигериялық Симиделе Адеагбо.
Тау шаңғысынан жарысқа қатысқан ұлыбританиялық Алекс Тилли жарысты аяқтай алмады. 15 ақпан 2018 жыл.
Тау шаңғысынан медальға таласқан Реси Стиглер (АҚШ) де жүлдесіз қалды. 15 ақпан 2018 жыл.
Фристайлдың акробатика түрінен әйелдер арасында әлемдік рейтингте бірінші орында тұрған қытайлық Сюй Мэнтао Пхенчхан олимпиадасында шешуші финалға өтпеді. 16 ақпан 2018 жыл.
Фристайлдың акробатика түрінен жарысқа қатысқан қазақстандық Ақмаржан Қалмурзаева да іріктеуден өтпеді. 15 ақпан 2018 жыл.
Фристайлдың акробатика түрінен ерлер арасындағы жарыста Беларусь спортшысы Станислав Гладченко финалда құлаған сәт.
Қазақстандық шорт-трекші Нұрберген Жұмағазиев (көк формада) 1500 метрлік жарысты ерте аяқтады. 10 ақпан 2018 жыл.
Шорт-тректен Қазақстан құрамасы 5000 метрлік эстафетада құлап, финалға шыға алмады. 13 ақпан 2018 жыл.