Түркияда жер сілкінісінен 2300 адам қаза тапқан. Құрбандар саны көбейіп жатыр
Your browser doesn’t support HTML5
Түркия мен Сирия аумағында магнитудасы 7,8-ге жеткен жер сілкінісінен қаза тапқандар 2300 адамнан асты. Ақпарат сәт сайын жаңарып жатыр. Әзірге белгілісі – Түркия билігі 1500 адам, Сирия үкіметі 810 тұрғын мерт болғанын хабарлады. Қазір құтқару операциясы жүріп жатыр.