Украинадағы соңғы оқиғалардан Ресей мен Батыстың арасы ушығып, алтын бағасы қымбаттады. Сарапшылар бағалы металл бағасына қатысты болжамдарын өзгерте бастады.
Соңғы апталарда әлем биржаларындағы алтын бағасы өсіп барады. Бұған Украинаның биліктен қуылған президент Виктор Януковичтің резиденциясынан табылған алтын унитаз да түрткі болған сияқты.
Украинадағы билік құлағаннан кейін іле-шала Қырым түбегіне әскер кіргізу туралы Ресей мәлімдемесі Батыс пен Мәскеу арасындағы шиеленісті ушықтырып, қор нарығында дүрбелең басталды. Наурыздың басында барлық биржалардың индексі түсіп кетті. Әсіресе Ресейдің „көгілдір фишкалары” арзандап кеткен соң рубльдің бағамы орталық банк миллиардтаған доллар құйғанына қарамастан құлдырады.
Қор нарығындағы тұрақсыздық инвесторларды алтын сияқты тәуекелі аздау активтердің бірін таңдауға мәжбүр ететіні тарихтан белгілі.
ҚАЗАҚСТАН АЛТЫНЫ
Соңғы жылдары алтын өндіру көлемін ұлғайтқан Қазақстан елдің валюта қорындағы алтынның да үлесін көбейтіп келеді. Thomson Reuters GFMS агенттігі дайындаған Gold Survey 2013 есебіне сәйкес, былтыр Қазақстан 45 мың 800 тонна өңделмеген, жартылай өңделген және ұнтақ түріндегі алтын өндірген.
Жергілікті және халықаралық деректер арасында аздаған айырмашылық бар. Қазақстан статистика агенттігі ақпаратына сәйкес, былтыр елде өңделмеген, жартылай өңделген және ұнтақ түріндегі алтынның 42 мың 390 тоннасы өндірілген. Тазартылған алтын көлемі – 23 мың 219 тонна болған.
2011 жылдан бері елде өндірілген бүкіл алтынды Қазақстан ұлттық банкі сатып алып отыр. Өткен жылдың аяғына қарай ұлттық банк қорында 4 миллион 620 мың трой унциясының алтыны немесе 1 мың 436,9 тонна алтын болған. Өткен жылдың аяғында алтын қорының құны 5 миллиард 600 миллион доллар деп бағаланды.
Ұлттық банк қазақстандықтарға артық ақшаны инвестициялық алтын монеталарға салуды ұсынады. Оларды биржалардағы алтын бағасына қарай реттелетін баға бойынша банк филиалдары сатады. Мысалы, салмағы бір унция, номиналы 100 теңгелік «Алтын барыс» монетасы шамамен 260 мың теңгеге сатылады. Ұлттық банк монеталарын кері сатып аларда оларды арнайы сараптамадан өткізіп өзі белгілеген курс бойынша алады,
Қазақстандағы кейбір екінші деңгейлі банктер құйма алтын сатады. 10 грамдық ең кішкентай құйма алтынның бағасы - 100 мың теңге, ал 100 грамдық алтын құйма жарты миллиондай тұрады.
Банктер клиенттеріне „металл шот” ашуды ұсынады. Мұндай инвестицияның ерекшелігі - бағалы металды сатып алу мен сату арасындағы айырмадан пайда көруге болады. Бірақ кез келген қаржылық салым сияқты инвестицияның бұл түрі де белгілі бір дәрежеде қауіпті. Мысалы, нарықта алтын бағасы түсіп кетуі мүмкін.
ӘЛЕМ АЛТЫНЫ
Алтынның қымбаттау себептерін сарапшылар Қырым мен Украинадағы жағдайлар ғана емес, дамушы елдердің алтынға деген тұрақты сұранысымен де байланыстырады
World Cold Council деректеріне сәйкес, 2012-2013 жылдары әлем экономикасының түрлі сегментінде алтынға деген сұраныс көрсеткіштері төмендегідей болған (тоннамен есептегенде).
Әлемде алтынға деген сұраныс былтыр 15 пайызға түсіп кеткенін жоғарыдағы кестеден көруге болады. Тек зергерлік бұйымдар мен құйма және монета түріндегі алтынға ғана сұраныс артқан. Зергерлік бұйымдарға сұраныс әсіресе Қытай (29 пайыз) мен Үндістанда (11 пайыз) жоғары.
Кейбір сарапшылардың пайымдауынша, қазір алтынға деген сұраныс Батыстан Шығысқа ауып барады. Алтын құйма мен монетаға деген сұраныс Түркияда - 113 пайызға, Таиландта 75 пайызға артқан.
Әлем елдерінің орталық банктерінің алтынға деген қызығушылығы азайып, олардың сұранысы 32 пайызға түсіп кетті. Бірақ өзінің алтын қорын көбейтіп жатқан орталық банктер де бар. Мысалы, Ресей алтын қорын - 77 тоннаға, Қазақстан - 28 тоннаға, Әзербайжан мен Оңтүстік Корея 20 тоннаға ұлғайтты.
БОЛЖАМДАР
Бірақ алтын өз позициясынан айырылғысы жоқ, әрі болашағы бар деп есептеледі. Уолл-стрит биржасында 35 жыл жұмыс істеген, америкалық тәжірибелі экономист Джим Рикардс Epoch Times басылымына берген сұхбатында алтынның бір трой унциясы қымбаттай береді және болашақта 7-9 мың доллар шамасында құбылуы мүмкін деп болжайды. «Бұл өсім бірер сағатта бола қоймайды, бірақ бұл 10 жылды қамтитын да болжам емес. 3-5 жыл көлеміндегі болжам бойынша, баға 5-6 есе өсуі тиіс» дейді Джим Рикардс.
Бірақ оның оптимистік болжамымен келіспейтін сарапшылар да бар. Bloomberg агенттігінің хабарлауынша, Швейцарияның UBS AG банкі алтынның бір унциясы биыл - 1 мың 300 доллар, 2015 жылы 1 мың 200 доллар шамасында болады деген болжам жасаған.
Голландияның ABN Amro банкі „биыл алтынның бір трой унциясы - 1 мың доллар, ал келесі жылы 840 доллар болады” деген пессимистік болжам жасап отыр. Британдық Telegraph газетінің жазуынша, Лондон бағалы металдар нарығы қауымдастығы деректеріне сәйкес, бір унция алтынның бағасы 1067 доллар мен 1379 доллар аралығында құбылып, орташа бағамы 1 мың 219 доллар болады.
Украинадағы билік құлағаннан кейін іле-шала Қырым түбегіне әскер кіргізу туралы Ресей мәлімдемесі Батыс пен Мәскеу арасындағы шиеленісті ушықтырып, қор нарығында дүрбелең басталды. Наурыздың басында барлық биржалардың индексі түсіп кетті. Әсіресе Ресейдің „көгілдір фишкалары” арзандап кеткен соң рубльдің бағамы орталық банк миллиардтаған доллар құйғанына қарамастан құлдырады.
ҚАЗАҚСТАН АЛТЫНЫ
Соңғы жылдары алтын өндіру көлемін ұлғайтқан Қазақстан елдің валюта қорындағы алтынның да үлесін көбейтіп келеді. Thomson Reuters GFMS агенттігі дайындаған Gold Survey 2013 есебіне сәйкес, былтыр Қазақстан 45 мың 800 тонна өңделмеген, жартылай өңделген және ұнтақ түріндегі алтын өндірген.
Жергілікті және халықаралық деректер арасында аздаған айырмашылық бар. Қазақстан статистика агенттігі ақпаратына сәйкес, былтыр елде өңделмеген, жартылай өңделген және ұнтақ түріндегі алтынның 42 мың 390 тоннасы өндірілген. Тазартылған алтын көлемі – 23 мың 219 тонна болған.
2011 жылдан бері елде өндірілген бүкіл алтынды Қазақстан ұлттық банкі сатып алып отыр. Өткен жылдың аяғына қарай ұлттық банк қорында 4 миллион 620 мың трой унциясының алтыны немесе 1 мың 436,9 тонна алтын болған. Өткен жылдың аяғында алтын қорының құны 5 миллиард 600 миллион доллар деп бағаланды.
Ұлттық банк қазақстандықтарға артық ақшаны инвестициялық алтын монеталарға салуды ұсынады. Оларды биржалардағы алтын бағасына қарай реттелетін баға бойынша банк филиалдары сатады. Мысалы, салмағы бір унция, номиналы 100 теңгелік «Алтын барыс» монетасы шамамен 260 мың теңгеге сатылады. Ұлттық банк монеталарын кері сатып аларда оларды арнайы сараптамадан өткізіп өзі белгілеген курс бойынша алады,
Банктер клиенттеріне „металл шот” ашуды ұсынады. Мұндай инвестицияның ерекшелігі - бағалы металды сатып алу мен сату арасындағы айырмадан пайда көруге болады. Бірақ кез келген қаржылық салым сияқты инвестицияның бұл түрі де белгілі бір дәрежеде қауіпті. Мысалы, нарықта алтын бағасы түсіп кетуі мүмкін.
ӘЛЕМ АЛТЫНЫ
Алтынның қымбаттау себептерін сарапшылар Қырым мен Украинадағы жағдайлар ғана емес, дамушы елдердің алтынға деген тұрақты сұранысымен де байланыстырады
World Cold Council деректеріне сәйкес, 2012-2013 жылдары әлем экономикасының түрлі сегментінде алтынға деген сұраныс көрсеткіштері төмендегідей болған (тоннамен есептегенде).
Пайдалану | 2012 жыл | 2013 жыл | Пайызбен |
Зергерлік бұйымдар | 1896,1 | 2209,5 | 17 |
Өнеркәсіп | 407,5 | 404,8 | -1 |
Инвестиция | 1568 | 773,3 | -51 |
Құйма және монета түрінде | 1289,0 | 1654,1 | 28 |
Биржалар | 279,1 | -880,8 | - |
Орталық банктер сатып алған алтын | 544,1 | 368,6 | -32 |
Бүкіл сұраныс көлемі | 4415,8 | 3756,1 | -15 |