Нью-Йорк институтында Қазақстанның шығыс аймағынан табылған көне мұралар қойылған «Көшпенділер мен байланыстар» көрмесі өтіп жатыр. «Біздің дәуірімізге дейінгі алғашқы мыңжылдықтың 250 экспонаты – көшпенді тұрмыс дәстүрі күрделі болғанының айғағы» дейді ғалымдар.
Көрмедегі қазба жұмыстары кезінде табылған алтын әшекей, ат әбзелі, тұрмыстық бұйымдар – барлығы 250 экспонат қойылған.
Көрме кураторлардың бірі Карен Рубинсонның айтуынша, бұл бұйымдар «көшпенділер көршілес отырықшы халықтардан артта қалған» деген бұрыс пікірді жоққа шығарады.
- Біз көшпенді тұрмыс дәстүрінің комплексті, әдемі заттық мәдениетке негізделгенін, өте күрделі екенін, қоршаған ортамен, табиғатпен тығыз қарым-қатынаста болғанын көрсеткіміз келді. Бұл коллекциялар бізге көшпенді өмірдің тіршілігін және Қазақстанда өмір сүріп келген халықтың тұрмыс дәстүрін сипаттайды. Бұл - олардың мақтан тұтатын мұрасы, - дейді Карен Рубинсон.
Институт қызметкері Дженнифер Чи АҚШ-тағы көрмені Қазақстанның төрт ұлттық мұражайы мен Нью-Йорк университетінің ежелгі заманды зерттеу институты
Көрмедегі бұйымдардың көбі - Пазырық мәдениеті мұралары. Әрбір экспонат ежелгі замандағы көшпенділердің талғампаздығын байқатады.
Обалардан табылған бұйымдарға қарап ежелгі замандағы көшпенділердің Парсы және Қытай сияқты қуатты көршілерімен мәдени қарым-қатынас жасап, ірі сауда байланыстары арқылы дамып, гүлденіп отырғанын білуге болады.
Қазақстанның АҚШ-тағы елшісі Ерлан Ыдырысов осы көрмені ұйымдастыру идеясы екі жыл бұрын Нью-Йорктегі ежелгі заман зерттеу институтына айтқан. Қазір көрме сол институттың Манхэттендегі Museum Mile деп аталатын галереясында өтіп жатыр.
Ерлан Ыдырысов көрмедегі бұйымдарды сипаттап, түсіндіріп, олар жөнінде жан-жақты мәлімет беретін 200 беттік каталог жасалғанын айтты.
- Көрмедегі бұйымдардың құндылығын Америка халқына көрсету - маңызды, себебі мұндағы адамдардың көбі Еуразия және көшпенділердің тарихын онша біле
Нью-Йорктегі көрмені тамашалаған 30 жастағы Хуан Гарсия қола қазандарға таң қалды. Университетте Вавилон тарихын оқыған Гарсия сол дәуірдегі мәдениеттерді салыстыру үшін көрмеге келгенін айтады.
- Көрмедегі қола құймасы көшпенділердің металл өңдеу туралы ғылыми түсінігі болғанын көрсетеді, - дейді ол.
Нью-Йорктегі «Көшпенділер мен байланыстар» деп аталған көрме маусымның 3-іне дейін жалғасады. Ерлан Ыдырысовтың мәлімдеуінше, кейін бұл көрме Вашингтонға көшірілуі мүмкін.
(Мақаланы ықшамдап аударған – Саида Бабамқожа).