Қызылқұм қазақтары
Өзбекстанның Науаи облысы Зарафшан қаласы маңында велосипедпен жүрген балалар.
Зарафшан қаласы маңында өрісте жүрген мал.
Зарафшан маңындағы Рахат елдімекені іргесінде мал бағып жүрген салт атты.
Ата-анасына киіз үй тігуге көмектесіп жүрген ұл бала. Рахат елдімекені.
Рахат ауылында асық ойнап жүрген балалар.
Асық ұстап тұрған балалар.
Зарафшан-Науаи күре жолы бойында қой бағып жүрген адам.
Науаи облысы Кенимех ауданының орталық алаңы.
Аудан орталығы Кенимех ауылының іргесіндегі тойхана. Науаи облысы, Өзбекстан.
Тамды ауылында бұрын тек қазақтар ғана тұратын. Тамдыға кіреберісте қазақы киіз үй пішінінде қойылған белгіде елдімекен атауы қазақша жазылған.
Тамды ауданындағы фермалардың бірінде.
Тамды ауданындағы түйе фермасында тұратын келіншек.
Тамды ауданындағы түйе фермасындағы мал.
Тамды ауданындағы зират қорымдарының бірі.
Көкше ата қорымы тұрған жер осы адамның есімімен аталады.
Көкше ата зираты.
Қызылқұм шөліндегі қазақ ауылының жылқылары.
Көкше ата ауылындағы зират қорымына кіреберістегі жазу.
Көкше ата ауылындағы үйлердің бірі.