Өзбекстан заңы бойынша, сайлаушылардың 33 пайыздан астамы дауыс берсе, сайлау өткен болып есептеледі.
Суретте: Ташкенттегі сайлау учаскесіне келген адамдар. 4 желтоқсан 2016 жыл.
Өзбекстан ОСК-сі мәліметі бойынша, президент сайлауында сайлаушылардың 87 пайыздан астамы дауыс берген.
Өзбекстанда бұл сайлау елдің тұңғыш президенті Ислам Каримовтің қайтыс болуына байланысты өтіп жатыр. Каримовтің қазасын бұл елдің үкіметі 2016 жылы қыркүйектің 2-сі күні хабарлады. Келесі күні оны Самарқанда жерледі.
Сайлау бюллетенінде - төрт кандидат. Олар: қазіргі премьер-министр Шавкат Мирзияев (қазір президент міндетін атқарып отыр), Халықтық демократиялық партия атынан Хотамжон Кетмонов; «Миллий Тикланиш» партиясы атынан Сәруар Отамуратов; «Адолат» партиясынан Нариман Омаров.
Ислам Каримовтің қазасын хабарлағаннан алты күн өткенде 59 жастағы Мирзияевтің президент міндетін атқаратыны жарияланды.
Өзбекстан президенті бес жылға сайланады.
Самарқандағы сайлауды бақылаушылар.
Самарқандағы сайлау учаскесіне келген адамдар.
Ресейдегі өзбек мигранттар Мәскеудегі Өзбекстан елшілігіндегі сайлау учаскесіне кіруге кезекте тұр. 4 желтоқсан 2016 жыл.
Мәскеудегі Өзбекстан елшілігінің есігі.
Сайлауда 2003 жылдан бері Өзбекстан премьер-министрі болып келе жатқан Шавкат Мирзияев жеңеді деген болжам бар.
Мирзияевтің президент міндетін атқарушы болып тағайындалуы конституцияны бұзды. Бұл елдің негізгі заңында керекті жағдайда президент міндетін парламенттің жоғарғы палатасының спикері атқаратыны жазылған.
Суретте: Мирзияев Ташкенттегі сайлау бөлмесінен шығып келеді.
Дауыс беру кабинасынан шыққан Мирзияев. Одан кейінгі - әйелі, жанында - немересі. Шавкат Мирзияевтің отбасы туралы ақпарат аз. Сайлау қарсаңында жарияланған ресми өмірбаянында оның некеде тұрғаны, екі қызы, бір ұлы бар екені, бес немеренің атасы екені жазылған. Осы мәліметтерге қарағанда, Шавкат Мирзияевтің әйелі Хошимова З.М. – инженер-экономист, қазіргі уақытта - үй шаруасындағы әйел.
Өзбекстан президенті міндетін атқарушы Шавкат Мирзияев (сол жақтан екінші) отбасымен бірге Ташкент сайлау учаскесінде суретке түсіп тұр. 4 желтоқсан 2016 жыл.