Ташкент түбіндегі малшы ауыл
Қызылсулық Тұрсынай апай Ташкенттегі туғанымен телефон арқылы сөйлесіп, қалаға немересін апарып келудің жай-жапсарын келісіп тұр. Бұл ауыл негізінен бау-бақша егіп, мал бағып күнелтеді.
Ташкентке барудан үміткер Тұрсынай апайдың келіні мен немере қызы.
Тұрсынай апай да өзге ауыл тұрғындары сияқты тұздалған көкөніс жауып, тосап қайнатады.
Картоп алқабынан қайтып келе жатқан қызылсулық.
Қызылсу ауылында ойнап жүрген бала.
Қызылсу қазақтары малды кезекпен бағады.
Бүгінгі мал кезегі - Даниярға тиіпті (телефон қарап отырған жігіт).
Ойлы-қырлы жерде мал бағу да оңай емес. Бақташының бірі Нұрбек дүрбі салып отыр.
Азаттық тілшісі Қызылсу маңындағы жайылымнан кезіктірген ең жас бақташы қазақ осы Нұрдәулет болып шықты.
Күзгі жайылымның бір көрінісі.
Тұманды күні белдер мен шоқылар ерекше мұнартып әдемі суретке айналады.
Үлкендерге көмектесіп шөп шауып қайтқан жамбайлық балалар.
Бау-бақшасының ішіне кірген малды қайыруға шыққан жамбайлық қазақ.
Жамбайдағы күздің бір бейнесі.