2016 жылғы жер митингілерінен кейін 5 жылға сотталған Макс Боқаев 4 ақпанда Атыраудағы түрмеден босап шықты. Желіде белсендінің бостандыққа шыққанын талқылады.
Шымкенттегі жүзден аса жүргізуші мен кондуктор таңғы алтыда әдеттегідей қалада жолаушы тасуға емес, еңбек жағдайын жақсартуды талап етіп, басшылыққа келді. Ереуілден соң компания айлықты өсіруге келісті.
Петропавлда Сәбит Мұқанов атындағы қазақ сазды драма театрының актерлері 10 жылдан астам тұрып келген үйлерінен айрылуы мүмкін. Облыстың экс-әкімі "Дәрігерлер үйінен" өнерпаздарға баспана кілтін салтанатты түрде табыстаған. Енді денсаулық сақтау бұл үйлерді кері қайтарып алмақ.
29 қаңтарда Ақтөбе облысы Темір ауданында "АМК-Мұнай" компаниясының жұмысшылары ереуілге шықты. Мұнайшылар айлықты екі есе өсіруді сұрайды. Ал осы кен орнынан 20 шақырым жердегі "КМК-Мұнай" компаниясы жұмысшыларының ереуілі бес күн өтсе де, әлі тоқтаған жоқ.
Желіде 1 ақпаннан бастап Алматыда карантин шараларының күшейетінін талқылады.
25 қаңтарда Ақтөбе облысы Темір ауданындағы "КМК Мұнай" компаниясына тиесілі кеніштің 200-ге жуық жұмысшысы ереуілге шықты. Мұнайшылар жалақыны 100 пайызға көбейтуді сұрайды.
10 қаңтарда парламент сайлауы күні алаңға шыққан белсенді Әйгерім Төлеужан боксшы Ермахан Ибраимовтың үстінен арыз жазды. Белсенді спортшының қолы "бетіне тигенін" айтады. Ибраимов бұл хабарға қатысты комментарий бермегенімен, наразыларды "арандатушылар" деуінен танбай келеді.
Қытайдағы саяситәрбиелеу лагерьлері туралы айтылып келе жатқанына биыл төрт жыл болады. Қазақстан билігі әуелде мұны Қытайдың "ішкі ісі" деп араласпаған. Кейін онда этникалық қазақтар барын жоққа шығарды.
Мәжіліске өткен партияларға мандат үлестірілген соң үш партия төменгі палатадағы фракциясын жасақтады. 98 орынның 77 пайызын алған "Нұр Отанның" да, 12 орын алған "Ақ жол" мен 10 орын бұйырған "Қазақстан халық партиясының" да тізімінде бұрын депутат болмаған адамдар бар.
Қазақстан ішкі істер министрлігінің 10 қаңтар күні ұсталған белсенділердің бәрі босатылғаны туралы мәлімдемесі шындыққа жанаспайды. Сайлау күні ұсталған кем дегенде он адам қамауға алынған. Құқық қорғаушылардың дерегінше, арнайы жасақ 10 қаңтарда 361 адамды әкеткен.
Норвегиялық Хельсинкі комитеті мен Human Rights Watch халықаралық ұйымы 10 қаңтарда Алматыда полицияның сайлауға наразылық білдірген адамдарды алаңда он сағатқа жуық құрсап ұстауын "бейбіт демонстранттарға бағытталған репрессивті тактика" деп айыптады.
Желіде парламент сайлауы нәтижесін талқылады.
10 қаңтар, парламент сайлауы өткен күні, Азаттық тілшілері бірнеше заң бұзу фактісіне куә болды. Алматы облысындағы дауыс берушілердің кейбірі бірнеше бюллетеньді қатар тастады.
Азаттық тілшісі Алматы облысындағы Қасымбек пен Еңбекші ауылдарындағы №344 және №446 сайлау учаскелерінде бір адамның сайлау жәшігіне үштен көп бюллетень тастағанына куә болды. Мұны сайлау комиссиясы мүшелері де, бақылаушылар да "байқамады". Бір учаскесінің төрайымы тілшінің тез кетуін талап етті.
Алматы облысы Қарасай ауданы Мерей ауылындағы №496 сайлау учаскесінде Азаттық тілшісі комиссия мүшесінің сайлау жәшігіне түсі бірдей бірнеше бюллетень салып жатқанын байқап қалды. Комиссия төрайымы "бір қолға үш бюллетень берілетінін, заң бұзатын ештеңе болмағанын" айтты.
Қазақстанда сайлау алдында коронавирусқа тест тапсыруға міндетті болған бақылаушылардан коронавирус анықталып жатыр. Олардың кейбірі мұны "биліктің бақылаушыларды саяси науқанға араластырмау амалы" деп есептейді.
Қазақстанда биліктің ауысуын, бұрынғы президент Нұрсұлтан Назарбаев құрған жүйенің өзгеруін қалайтын оппозицияның 10 қаңтардағы сайлауға құрған жоспары әртүрлі.
5 қаңтарда екі белсенді сайлау учаскесіне барып, өздерін дауыс берушілер тізімінен шығарып тастау жөнінде өтініш тапсырды. Олар сайлауға тек партиялық тізіммен ғана қатысу Конституцияға қайшы деп есептейді.
Қазақстанда сайлау учаскелерінің көбі мектептерде орналасады және комиссияның құрамына да сол оқу орны директорлары мен ұстаздары кіреді.Қоғамда оларға дауыс ұрлауға ат салысады дейтін сын да жиі айтылады. Әріптестері оларды алдағы парламент сайлауында адал болуға шақырды.
Ақтөбеде "Нұр Отан" партиясының сайлауалды үгіт-насихат плакатын жыртқан азаматтық белсенді Асанәлі Сүйеубаев жүйке аурулары диспансеріне жатқызылды. Белсенді Сүйеубаевты үйінен жедел жәрдем бригадасы мен учаскелік инспектор 21 желтоқсан күні әкеткен.
Тағы