Қазақстанда тұратын қарақалпақ диаспорасының белсендісі, Өзбекстан азаматы Қошқарбай Төремұратов Еуропаның орталығында қиын жағдайға тап болды. Құқық қорғаушылардың айтуынша, оны жақында Еуропаның бір елінен басқа елге шығарып, ары қарай Өзбекстанға экстрадициялауы мүмкін. Өз елінде Төремұратов пен бірнеше жақтасына айып тағылған. Мұны да құқық қорғаушылар Ташкенттің Нөкістегі ереуілді басып-жаншығаны сияқты репрессиялық науқандарының бір бөлігіне теңейді.