14 тамызға қараған түні Украинаның Херсон облысы мен Одесса қаласына шабуылды үдетті. Кемінде жеті адам қаза тауып, жиырмаға жуық адам жараланды. Ресей әскері атқылаған зымыраннан Херсонда бір отбасы түгелдей мерт болды. Өңірде қаралы күн жарияланды.
Кейінгі күндері Ресей рублінің құлдырауы үдей түсті. 11 тамызда Мәскеу биржасында бір доллар 97,2 рубльге саудаланды. Бұл – кейінгі бір жарым жылдағы ең төменгі валюта бағамы. Рубльді Қазақстан теңгесіне шаққанда да құлдырағаны байқалды. Мұның Қазақстан экономикасына қандай әсері болады?
Павлодар соты жасөспірім қызды зорлау қылмысы бойынша үш адамға үкім шығарды. Зорлықтан қашып, үйдің 10-қабатынан секірген қыздың төсекке таңылғанына бір жылдан асты. Сот қылмыскер деп танылған адамға 15 жарым жыл түрме жазасын кесті. Тағы екі адам қылмысты хабарламағаны үшін бостандығынан айырылды.
Қазақстандықтардың табысы өсіп жатқанымен, оны қосанжарласа көтерілген баға "жалмап" жатыр. Елдегі инфляция ғаламдық көрсеткіштен жоғары. Тұрақты жұмысы бар адамдардың айтарлықтай бөлігінің жалақысы ең қажетті тауардан артылмайды. Неліктен?
Алматы облысы Қайназар аулындағы кірпіш зауыты сот шешімімен күреліп жатыр. Мәжіліс депутаты Дәулет Мұқаев "жергілікті шенеуніктерге "доля" бермеген зауыт басшылығы жақпай қалған" деп, өндіріс орнының әкімшілігіне араша түсті.
Алматы шетіндегі тұрғын үй кешендегі жүздеген адам картон қағазын шығаратын зауыт жұмысына наразы. Тұрғындар өндірістен шығатын иіске уланып, кейбірінің денсаулығы нашарлағанын айтады.
4 жасар Алла — Ксения Сартаеваның ортаншы баласы. Ксения қызында аутизм барын 1 жас 7 айында бір-ақ білген. Қазір ол ерекше балаларды өмірге бейімдеуге көмектесетін орталық ашуға талпынып жүр. "Бала өзін жалғыз сезінбеуі керек" дейді Алланың анасы.
Былтыр президент сайлауы қарсаңында қуғындағы экс-банкир, оппозициялық саясаткер Мұхтар Әблязовке тікелей эфирінде сұрақ қойғаны үшін Жетісу облысының тұрғыны Жібек Бостанбекова бір жылға шартпен сотталды. Судья оны "тыйым салынған ұйым жұмысына қатысты" деп тапқан.
Түркіменстандағы халық санағының нәтижесі бойынша, елде 7 миллион адам тұрады. Бірақ түркімендердің көбі бұл ақпаратқа сенбейді. Олар билік кейінгі жылдары халық саны күрт кемігенін жасыру үшін деректерді бұрмалап отыр деп есептейді.
Тағы