Алматы қалалық сайлау комиссиясының мәліметтеріне қарағанда, Қазақстан Сенаты депутаттығына үміткер 10 адамның тек 3-і ғана тіркелген. Оның біреуі - «Нұр Отан» партиясынан, қалғаны – өзін-өзі ұсынушылар.
11 қыркүйек оқиғасының 7 жылдығына орай Мұсылмандар Одағы "21 ғасырдағы ислам және діни экстремизм" атты мәслихат өткізуі тиіс еді. Алайда жергілікті билік ең соңғы сәтте жиынға тоқтау қойған.
Қарағанды облысында бала еңбегін қанау бойынша 87 оқиға анықталды. Жастары кәмелетке толмаған балалар еңбегі құрылыс мекемелері, базарларда, автокөлік жуу орындары, кафе-барларда заңсыз пайдаланылған.
Пәтерлерін банкке кепілдікке қойып, несиелерін төлей алмаған борышкерлер Үкімет қор құру арқылы дағдарыс жағдайынан құтқарады дейді. Үкімет бюджеттен игерілмей қалған қаржыны қорға құюды ұсынады.
Қазақстанның коммунистік партиясы елдегі әлеуметтік-экономикалық жағдайдың қиындағанын айтып отыр. Республикадағы Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) өсу қарқыны тежеліп, кері кетуде деп есептейді олар.
8 қыркүйек – журналистердің халықаралық ынтымақтастық күні. Бұл күні журналистер әсіресе өз құқықтарын қорғау бойынша ынтымақтастық танытуы тиіс. Ал қазақ журналистерінің ынтымақтастығы бар ма?
Қазақстан мен Ресей әскерилері бірлескен әскери шараларға дайындықтарын тексеруде. Оқу-әскери жаттығуларына 500-ге тарта әскери техника жұмылдырылған.
Сенат депутаттығына үміткерлердің басым бөлігі - «Нұр Отан» партиясынан. Алайда, кейбір сарапшылар елде жасанды көп партиялы жүйе жасау үшін билік басқа партиялар өкілдерін де Сенатқа өткізетіндігіне сенімді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен қазақ тілін дамыту мақсатында кезекті қоғамдық қор құрылды.
Ауыл мұғалімдері оқу сапасын жақсарту мақсатында өз қалталарынан 11 миллиард теңге шығындап отыр. Бұл білім беру бюджетінің 4 пайызы екендігін хабарлады "Сорос-Қазақстан" қоры өкілдері сәрсенбі күні.
Жібек жолы аймағындағы елдер арасында туризм, сауда-саттықты дамыту үшін ортақ виза енгізу керек дейді Алматыда «Жібек жолы» қала мэрларының III форумына келген үкіметтік, халықаралық ұйым өкілдері.
30 тамыз – Қазақстан Конституциясы күні. Негізгі заңға былтыр ғана өзгерістер енгізілгеніне қарамастан, кейбір қоғамдық ұйым өкілдері оны толықтай өзгерту керектігін айтады.
Шанхай ынтымақтастық ұйымы Ресей мен Грузия арасындағы жанжалды келіссөз арқылы шешуді ұсынды.
Ресейдің Оңтүстік Осетия мен Абхазия тәуелсіздігін мойындауына Қазақстандағы осетиндер қуанып жатса, грузиндер Қазақстан Ресейді қолдайды деп алаңдайды. Ал Қазақстанның "Еуропа клубы" Ресейді айыптайды.
Грузияда екі жыл ғана істеген «ҚазТрансГаз–Тбилиси» компаниясын сату бойынша келіссөздер жүріп жатқандығы туралы ақпаратты Қазақстандағы Грузия елшілігі де, компания басшылығы да жоққа шығармайды.
Тұтқындау құзыреті соттарға берілді. 30 тамыздан бастап әр күдікті азаматты тұтқындау туралы шешімді прокуратура емес, барлық тараптар қатысатын ашық сот мәжілісінде судьялар қабылдайтын болады.
23 тамыз – халықаралық құл саудасы құрбандарын еске алу күні. Қазақстандық адам құқығын қорғаушылар елде бала сату, оларды жыныстық қызметке мәжбүрлеу күрт өскендігіне алаңдаушылық білдіруде.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 1991 жылғы «тамыз бүлігі» кезіндегі әрекеті - жұмбақ.
Қазақстан Оңтүстік Осетияға қатысты жанжалды шешуде бірқатар халықаралық құқықтық құжаттар негізінде Ресей басшылығы ұсынған жолды қолдады.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі есірткі түрлерінің көпшілік демалыс орындарында таратылу ауқымы артқанын айтса, дәрігерлер есірткі заттарын дәріханалардан оңай сатып алуға болатындығына алаңдайды.
Тағы