Мәдениет және ақпарат министрі Ермұхамет Ертісбаевтың «Интернет туралы» заң жобасы туралы бастама көтеруі республикалық басылымдардың басым бөлігінің назарын аударып, түрлі сыни пікірге негіз болыпты. Мақала авторлары бұл заң жобасына қатысты көп мәселенің анық еместігіне қарамастан, енді интернетті бақылау күшейтіледі деп есептейді. Сонымен бірге, мемлекеттік жер телімдері мен баспана беру төңірегінде де түрлі қайшы пікірлер жарияланған.