Қазақстан президентінің шешіміне сай, атом электр станциясын салу жөніндегі референдум 6 қазанда өтеді. Ұсынысты халық қолдаған жағдайда, билік АЭС-ті сегіз жылда салуға және әрі кеткенде 12 миллиард доллар жұмсауға уәде беріп отыр. Бұл мүмкін бе? Неліктен ашық деректе жоба туралы құжаттар жоқ және болашақта бола ма? АЭС қалай жұмыс істейді, оған қанша су керек, радиоактив қалдықты не істейді? Жауап беріп көрейік.