Қазақтың көрнекті ғалымы, этнограф, саяхатшы һәм Қазақстан, Орта Азия және Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен мәдениетін зерттеуші Шоқан Уәлихановтың Жетісу өңірінде жерленгеніне биыл 151 жыл толды.
Алматыда танымал жас режиссер Әділхан Ержановтың «Қаратас ауылындағы оба» фильмі алғаш рет көрсетілді. Фильм қарапайым қазақ ауылындағы жемқорлық жайын баяндайды. Әділхан Ержановтың алдыңғы туындысын мәдениет және спорт министрі «Қазақстанды масқаралайтын» фильм деп атаған.
Алматыда Иран киносы апталығында «Оскар» жүлдесін алған «Надер мен Симиннің ажырасуын» көрсетіп жатыр. Алматылық қыздың қылығына қайран қалған ирандық студент жайлы да фильм бар.
Алматыда өткен боди-арт фестиваліне қазақстандық қана емес, Қырғызстан және Украина суретшілері де қатысты.
Режиссер Әділхан Ержанов «Қазақ киносы тарихы: «Қазақфильм» жертөлесі» деректі фильмінде отандық киноның цензурадан басталған жолын көрсетуге тырысқан.
Азаматтық белсенділер «Көкжайлау» шаңғы курортына жол салуға қарсы талап-арызды қараған сотта жеңілді. Құрылыс жұмысы уақытша тоқтаған, бірақ билік оның инфрақұрылымын салудан бас тартқан жоқ.
Алматыда 7 ақпанда үшінші халықаралық «Сырласу» («Откровение») өнер фестивалі аяқталады. Оның соңғы үш күнінде британиялық «Гекко» театрының «Институт» спектаклін көрсетіп жатыр.
Сталин жау немесе сенімсіз санаған адамдарды Алматыға да жер аударған. Мұнда 1928 жылы жер аударылған Сталиннің қарсыласы Лев Троцкий - қиянға айдалған қайраткерлер ішіндегі ең белгілі тұлға.
Биыл Верный (Алматының 1921 жылдың ақпанына дейінгі атауы) қаласында 47 жыл тұрған ғалым әрі орман маманы Эдуард Баумның туғанына 165 жыл толды. Қазір жойылып кету қаупі төнген ерекше экожүйе – тоғай оның есімімен аталады.
Биыл орманшы-ғалым Эдуард Баумның туғанына 165 жыл толды. Алматыда оның есімімен аталатын тоғай бар.
Алматыда отбасымен тұратын чех суретшісі Вероника Кубикованың картиналар көрмесі ашылмақ. Постсоветтік Беларусь елінде де тұрған суретші шығармашылығының негізгі тақырыбы – урбанизация.
Алматыда отбасымен тұратын чех суретшісі Вероника Кубикованың картиналар көрмесі жақында осы қалада ашылмақ.
Жұмысын биыл қазанның 31-і күні уақытша тоқтатқан Алматы трамвайы көп ұзамай туған күнін атап өтеді. Ол 1937 жылдың аяғында іске қосылған.
Алматы билігі Көкжайлау шаңғы курорты жобасын қаржыландыру уақытша тоқтағанын айтады. Бірақ қорықта құрылыс әлі жүріп жатыр. Азаттық тілшісі оны көруге тауда мұз бен саз басып, 8 километр жүрді.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай түсіріп жатқан «Қазақ елі» телесериалы экранға 2015 жылы 16 желтоқсанда шығады деп жоспарланған. Бірақ бұл жоспарды қаржы тапшылығы бұзған.
Алматыда өткен «Полифония» екінші халықаралық әдеби фестивалі қонақтары арасында кезінде СССР-ден Канадаға эмиграцияға кеткен ақын әрі жазушы Бақыт Кенжеев те болды.
Авторлық қуыршақ – Қазақстанда әлі кең таралмаған қолданбалы өнер түрі. Елде қуыршақ шеберлері көп емес, олардың туындыларына сұраныс та аз.
Алматыда 1930 жылдардағы ашаршылық жайлы спектакльді қоюға дайындалып жатыр. Баспасөз көрсетіліміне келгендердің айтуынша, ашаршылық – Қазақстанда құпталмайтын тақырыптардың бірі.
Қазақстан мен шетелде бағасын алып, халықаралық кинофестивальдерде наградаға ие болып үлгерген «Шлагбаум» шытырман оқиғалы әлеуметтік драмасы қазақстандық прокатқа шықты.
Алматыда үшінші жыл қатарынан «Алматы туры» халықаралық веложарысы өтті.
Тағы