Республикалық неміс драма театры (DTK) Йешуа Собольдің «Гетто» пьесасы бойынша премьераға дайындалып жатыр. Спектакль режиссері – германиялық режиссер Марсель Крон.
Совет дәуірінде Алматыда қаптап тұратын Лениннің бейнесі қазір азайғанымен, әлі де бар. Қалада Ленин есімімен байланысты көше атаулары да, Ленин ескерткіштері де сақталып қалған.
Атыс қаруының конструкторы Михаил Калашников желтоқсанның 26-сы күні жерленеді. Оның әйгілі Калашников автоматының алғашқы нұсқасы Қазақстанның Матай станциясында құрастырылған.
Биыл Қазақстанда президент Нұрсұлтан Назарбаев туралы түсірілген бірнеше фильмнің премьерасы өтті.
Режиссер Әмір Байғазиннің тырнақалды «Үндестік сабақтары» көркем фильмі Қазақстанда прокатқа шықты. «Қазақфильм» киностудиясында түсірілген шығарма шетелде көптеген жүлде алған.
Қазақстандық режиссер Фархат Шәріповтің «Өзге планеталықтардың қатысы жоқ» атты жаңа фильмін түсірушілер тобы «комедиялық триллер» деп атағанымен, оның күлкі шақырар тұстары аз.
Алматыда «Менің атым Қожа» фильмінің 50 жылдық мерейтойы өтті. Фильмдегі актерлердің тағдыры да, бала еңбегіне қатысты ой-пікірлер де жарты ғасырда көп өзгерген.
Алматы маңындағы Көкжайлау шатқалында құрылыс жұмыстары басталды. Шаңғы курорты жобасының тиімділігі туралы экологиялық сараптама әлі дайын емес, бірақ шенеуніктер «курорт бәрібір салынады» дейді.
Алматыдағы мемлекеттік қуыршақ театры жаңа маусымды толық жаңартылған ғимаратта бастамақ. Сәулетшілердің айтуынша, тарихи ғимараттың сырты адам танымастай өзгеріп кеткен.
«Еуразия» халықаралық фестивалі Алматыда тоғызыншы мәрте өтіп жатыр. Фестивальдің негізгі қонағы, француз актері Шарль Азнавур саясат жайындағы сұрақтарға жауап беруден бас тартты.
«Алма-Ата – менің алғашқы махаббатым» ретрофестивалінде Дариға Назарбаева ән шырқады. Сахнаға Қазақстан президентінің немересі де шықты.
Дариға Назарбаева қатысатын «Алматы – менің алғашқы махаббатым» ретрофестивалі бұрын-соңды болмаған сақтықпен өтпек. Әр көрермен есімі билетке жазылып, ол билет төлқұжатпен тексеріледі.
1963 жылы шілденің 7-сі күні Алматыдан 55 шақырым жердегі Есік көлін сел ағызып әкетті. СССР вице-премьері зілзаланың кездейсоқ куәгеріне айналды. Ал баспасөз апат пен адам шығыны жайлы екі апта хабарламай отырды.
Маусымның 27-сі күні Алматыда болған өрт 45 жыл бұрынғы оқиғаны еске түсіреді. Сол жолы да жанар-жағар май таситын көліктің тежегіші істен шыққан. Жарылыстан екі солдат опат болған.
Қазақстандық бес суретшінің туындылары наурыз айында Лондондағы Sotheby’s аукцион үйінің көрмесіне қойылмақ. Қазақстандық суретшілердің еңбектері бұл аукционға тұңғыш рет шығады.