EurasiaView қазақ-қытай шекарасында аймақтағы ең ірі экономикалық жоба – еркін сауда аймағының салынатыны жайында жазады. Ал Central Asia Newswire Астананың Ислам конференциясы ұйымына төрағалық жасауынан мол пайда табатынын жеткізіпті.
New York Times газеті Нұрсұлтан Назарбаев пен оның бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиевтің арасындағы жанжалдың жаңа кезеңі туралы жазады.
Foreign Policy журналы ресейліктердің президент пен премьердің жұмбақ ойынынан мезі болғаны туралы жазады. Басылым авторы Медведев-Путин тандемі елді саяси дағдарысқа соқтырады деп санайды.
Foreign Policy Қазақстанның мұнайлы батыс өңіріндегі қауіп-қатер жете бағаланбай отырғанын жазады. Ал Daily Telegraph басылымы Қашаған мұнайын игерудің екі жылға кешігетінін айтады.
Financial Times басылымы Қазақстанның отандық қор нарығын дамытуға күш салып жатқанын жазады. Ал Stratfor ұйымы Ақ ордадағы соңғы саяси тартыстан соң бірнеше министр қызметінен айрылады дейді.
Молдованың саяси сахнасында күтпеген жерден жанжал туып, елдегі шағын ғана мұсылман қауымы екі оттың ортасында қалғандай болды. Дау өткен айда әділет министрлігі мұсылмандардың үкіметтік емес ұйымын тіркей сала басталған.
Al Jazeera («Әл Жазира») телеарнасы мамырдың 16-сы күнгі материалында Қазақстанды «Құбырстан» деп атапты. Телеарна сарапшысы «Орталық Азияда халықтың наразылығына қарамастан көмірсутегі ресурстарына геосаяси бақылау орнату күресі жүріп жатыр» дейді.
Ресей Каспийдегі әскери-теңіз күштерін нығайту жайын қарастыра бастады. Теңіз бойындағы бес мемлекет ортақ мәмілеге келе алмағандықтан болашақта аймақта әскери қақтығыс тууы әбден ықтимал деп жазады EurasiaView («Еуразиа Вью») басылымы.
Швейцариялық Glencore («Гленкор») компаниясы акцияларын Лондон биржасына шығарса, Қазақстанда аса бай адам пайда болуы мүмкін деп жазады Daily Telegraph («Дэйли Телеграф») басылымы мамырдың 6-сы күнгі санында.
Халықаралық Forum 18 («Форум 18») ұйымы Қазақстанда діни азшылыққа жататын ұйымдар мен топтарға қарсы кең көлемді шектеу шаралары қолға алынды деп жазады.
Transitions Online («Транзишнс онлайн») басылымы мамырдың 5-і күнгі санында Қостанай облысындағы егін еккен фермерлердің жай-күйіне үңіліпті. Аймақтың ауылшаруашылық саласын диверсификациялау мәселесінде жергілікті мамандар екі түрлі пікір ұстанады.
Washington Post басылымы мамырдың 1-і күнгі нөмірінде он мемлекетті жалғайтын байырғы Жібек жолы сауда торабының қайта жанданып келе жатқанын жазыпты. Алда тұрған кейбір кедергілерді жойса, халықаралық магистраль Қазақстан мол пайда әкелмек.
Таяу Шығыстағы діни азшылықтар проблемасы өте күрделі және асқынып тұрған мәселелердің бірінен саналады. Түркияның Hürriyet («Хурриет») басылымы сәуірдің 27-сі күнгі санында аймақтағы ахуалдың діни және саяси астарын ашып көрсетуге тырысыпты.
Foreign Policy («Форин Полиси») журналы соңғы санында Ислам дінінің ғибадат, экономика, бизнес, ақпараттық технологиялар саласында заман ағымына бейімделіп келе жатқаны жайлы жазады.
Қазақстанның таяуда аймақтағы әскери техника шығаратын бірден-бір елге айналу арманы орындалып келеді деп жазады EurasiaView («Еуразия вью») басылымы сәуірдің 21-і күнгі нөмірінде.
«Фридом Хаус» халықаралық ұйымы әлем елдеріндегі интернет және санды медианы бағалауға арналған қорытынды есебін жариялады.
Washington Post басылымы Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемнің өзге автократтарындай емес, билікте мығым отыруының себептеріне үңіледі.
The Washington Post басылымы сәуірдің 7-сі күнгі санында авторитарлық елдерде диктаторлардың сайлау үрдісін жиі бұрмалауының себебіне үңіліпті.
Шешенстан мектептерінде оқушы қыздар жетінші сыныптан бастап енді орамалға қоса ұзын юбка киіп жүруге міндетті. Жаңа дресс-код, яғни киіну ережесі қызу талқылау тудырды.
International Herald Tribune газеті АҚШ-тың Қазақстандағы тұңғыш елшісі болған Уильям Кортнидің мақаласын жариялады. Бұрынғы дипломат Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевқа тарихта шынайы қайраткер боып қалу үшін бірнеше кеңес беріпті.
Тағы