Орталық Азияда күн қатты ысып, ауа температурасы көптеген жылдың рекордын жаңартты. Биыл өңірде жаңбыр жаумаған, су деңгейі де төмендеп кеткен. Қуаңшылық кесірінен экономикалық проблема туындады. Өңірдегі құрғақшылық зардабы шаруалар мен малшыларға ғана емес, қарапайым адамдарға да тиіп жатыр.