Қазақстан 2007 жылдан бастап ішкі қарызын 3,7 есе, сыртқы қарызын 3,4 есе арттырды. Ұлттық қорға сенген қазақстандық шенеуніктер қарыз көбейсе де, жағдайдың жақсы екенін айтады.
Қазақстанның ақылы жолдар салу туралы жоспары жүзеге аспаған күйі қалып отыр. Егер мұндай жол салына қалса, жол ақысы мен тарифтер өсе түспек. Жол салу және жөндеу жұмыстарында кеткен кінәраттар үшін ақпанның 16-сы көлік және байланыс министрлігіндегі бірқатар лауазымды шенеуніктер сөгіс алып, қызметтерінен босады.
Қазақстан үкіметі Қарашығанақ мұнай-газ кен орнын өңдеу жөніндегі жобаның 10 пайыздық үлесін өзі қадағалайтын болды. Билік пен жоба инвесторлары бұл келісімді екі жыл бойы талқылаған еді.
Орталық Азия елдерінің кейбірі мол мұнай қорына ие. Солай бола тұрып, осы елдер өзін-өзі жанар-жағармаймен қамтамасыз етуге дәрменсіз. Өзгелері отынды шеттен тасуға мәжбүр. Бұл оғаш жайттың себептері қарапайым - бәрі де СССР заманындағы жалпыға ортақ бірыңғай мұнай құбырының тоқтап қалуынан басталды.
«Үлкен жиырмалық» елдерінің президенттері юаньнің конверсиялығы мәселесін қарашаның басында Канныда талқыламақ. Бейжің юаньді тезірек еркін айналымға жіберсін деп, Батыс қысым жасап жатыр.
Қазақстан ірі инвесторларға арнап қосымша жеңілдіктер енгізуді жоспарлап отыр. Азаттық радиосының шолушысы бұл жоғарыда отырғандардың билікті теріс мақсатқа пайдалануға әкеп соқпай ма деген мәселені зерттеп көрді. Сондай-ақ мұнда «отандық бизнеске кім иелік етіп отыр?» деген сұрақтың басы қылтияды.
Қазақстанның қаржы министрлігі Дүниежүзілік банктің «Doing Bisuness» рейтингісіндегі «Өндірісті жою» көрсеткіші бойынша 2007 жылы 103-орынды, ал 2008 100-орынды алғанын жазады.
Қазақстанда қылмыс жасаушылардың саны артып барады. Ресми мәлімет қылмыскерлердің көбі жұмыссыздар екендігін айтады. Әйелдер мен кәмелетке толмаған балалардың арасындағы қылмыс да көбейген.
Қазақстан «Еңбек өнімділігі-2020» атты тағы бір бағдарлама қабылдады. Бірақ оның болашағы қалай болары белгісіз.
Ауылдардың 40 пайызы сумен қамтамасыз етілмеген Қазақстан үкіметі ауыз су бойынша тағы бір бағдарламаны қолға алды.
«Интернетте өз бизнесіңді баста». Дәл осындай шақыруларға қай-қайсымыздың да кездескеніміз анық. Бірақ, бір қарағанда адамды еліктіріп әкетер осы бір ұсынысқа қатысты толып жатқан сауалдар туындайды.
БҰҰ Даму бағдарламасының «Адам дамуы туралы – 2010» баяндамасында Қазақстан адам әлеуетінің даму деңгейі жоғары елдердің қатарына қосылды (66-шы орын). Алайда елдің ресми статистикасына ден қойып қараса, керісінше нәтиже көрінеді.
Су – кез-келген елде өмірдің стратегиялық қайнар көзі. Алайда өздерінің авторитарлық тәртіптерін нығайту қамымен жүрген Орталық Азия басшылары аймақтағы проблемаларды шешуге мұршалары келмейді.
Түркіменстанның бұрынғы бас прокуроры Құрбанбибі Атажанованың қызмет жолы авторитарлық режим шенеуніктері үшін сабақ боларлық жағдай. Диктаторлардың басты жендеттерін бәріне кінәлі қылып, құрбандыққа шалуы – Сталин кезеңінен бері келе жатқан үрдіс.
Түркіменстан қазақтарының жетекшісі Бисенғұл Бегдесіновке қатысты оқиғалар бұл елдің көші-қон саясатының ерекшеліктеріне назар аудартты. Азаттық радиосының тілшісі оның құқықтық ұңғыл-шұңғылына үңіліп көрмек болды.
Қазақстан билігі өткен жылы елге 3,4 миллион шетелдік азамат келгенін, 5 миллионға жуық Қазақстан азаматы шетелге саяхаттап барып қайтқанын айтып отыр.
Наурыз-сәуір айларында Кеден одағы мен Қырғызстан, Тәжікстан және Украина арасындағы интеграциялық үдерістер одан әрі дами түсті. Бұл жерде басты тізгінді қолына Ресей алды.
Норвегия Хельсинки комитеті Түркіменстанның солтүстігінде, Ташауыз қаласында орналасқан DZK/8 әйелдер түрмесінің ахуалы туралы есебін жариялады. Бұл құжаттан ең томаға-тұйық елдің жай-күйі туралы сирек ақпараттарды көруге болады.
«Қазақстан жолайрықта» есебі ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткен жылы Астананың қоғамды либерализациялауға қолайлы мүмкіндікті қолдан шығарып алғанын айтады.
Түркіменстан ақпанның 14-інде екінші президентінің қызметке кіріскеніне төрт жыл толуын атап өтеді. Бірақ коррупцияға байланысты аты жиі аталатын президенттің күйеу баласы кейінгі кезде көзге түспейді.
Тағы