АҚШ мемлекеттік хатшысы Джон Керри Орталық Азияның бес елін аралап жүр. Вашингтонның аймақ елдерімен жаңаша қатынасы қалай өрбімек?
Ресейдегі тәжік диаспорасы жетекшісі Тәжікстан үкіметінің діни саясатын сынайды. Оның пікірінше, үкіметтің саяси және діни топтарға қарсы әрекеті «Ислам мемлекеті» (ИМ) содырлар ұйымы насихатшыларына тиімді.
Түркіменстан үкіметі ел астанасын жаңалап, оны әдемі қалаға айналдыру үшін қомақты қаржы бөлді. Бірақ Ашғабат тұрғындары одан шығын шегіп жатыр.
Украинада бүгінгі жергілікті сайлау президент Петр Порошенконың соғысты аяқтап, экономиканы қалпына келтіру жолындағы іс-әрекетінің қаншалықты табысты екенін айқындамақ.
Ауғанстанда «Талибанмен» ұрыс қазір Түркіменстан шекарасына жақындады. Ашғабат көршісіндегі қарулы содырларды өз жеріне жолатпауға тырысады.
Түркіменстан үкіметі шындыққа көзін жұмып қарайтын тәрізді. Бұл жолы тіпті әдеттегіден қатты кетті. Түркіменстан сыртқы істер министрлігінің Қазақстан президентінің пікіріне шамданып қалуы осыны көрсетеді.
Өткен айда «Талибан» содырлар ұйымы интернетке терроршының өзін-өзі жару алдындағы соңғы сәтінің видеосын жариялаған еді. Ол 21 жастағы Қырғызстан азаматы Бабур Исраилов болып шықты.
Түркіменстан билігі 20 жылдан бері БҰҰ-дағы «бейтарап ел» мәртебесін қолданып, әлемнен оқшауланумен келеді. Бірақ соңғы айларда Түркіменстанның бұл саясатын өзгертуді талап ететін оқиғалар болды.
Ресей мемлекеттік телеарнасы Сириядағы әскери операция туралы ақпаратты ауа-райы болжамына араластырды. Сирияның қоңыр күзі әуе шабуылдарына қолайлы екен.
Оңтүстік және солтүстік Қырғызстанды бөліп жатқан тауларға бет алғанда сайлау белгілері көрінбей кетеді. Ол қисынды да, 14 партияның ешбірі жолдағы тамаша табиғатқа бәсекелес бола алмайды.
Қырғызстан Орталық Азияның постсоветтік тарихында маңызды деуге тұрарлық сайлау өткізбек. Бұл елдегі парламент сайлауы науқанына 14 партия қатысып жатыр.
Минск тұрғындары қала метросында зағип адамды баспалдақтан төмен итеріп жіберген полиция қызметкерлерін жұмыстан шығаруды немесе жауапқа тартуды талап етеді.
Азаттық тілшісі Сириядан Еуропаға қашқан босқын жас жұбайлармен бірге сапар шекті.
Мәскеу мемлекеттік университеті журналистика факультетін 40 жылдан артық басқарған ол ресейлік БАҚ-та жүрген бұрынғы студенттерінің жұмысын төмен бағалайды. «Теледидардан ақпарат алу мүмкін емес болып кетті» дейді Ясен Засурский.
Шілденің 19-ы күні Шерхон Мадхолов суық хабар естіді. Оның 26 жастағы ұлы Назирбек Иракта қаза тапқан.
Халық арасында үрей тудырып, кем дегенде тоғыз полицейдің өліміне себепкер саналған ауқатты тәжік генералы қазір қашып жүр.
«Ислам мемлекеті» содырлар ұйымы білікті мамандарды қатарына қосуға тырысып жатыр. Олар әсіресе, дәрігер мен инженер тәрізді мамандық иелеріне мұқтаж.
Жол азабы мен қауіп-қатерге қарамастан жүздеген мың адам Еуропаға қарай ағылып жатыр. Германияға биыл 800 мыңдай босқын келуі мүмкін.
ИМ содырлары 2014 жылдың шілдесінде Мосулды басып алардың алдында Фахима Оман шаштараз салонын ашқан еді. Бірақ ИМ жасағы Омардың кәсібін жауып, жалғыз күнкөріс нәпақасынан айырды.
Тәжік студенті соққыға жығылған соң полиция басшылығы қызметкерлерінің үстінен тергеу басталғанын мәлімдеді. Ауыр халде жатқан жігіттің жақын-туыстары «оны сақалы үшін сабаған» дейді.
Тағы