Батыс басылымдары бұл аптада Қазақстанда шын тәуелсіз кандидаттар парламентке өтпегенін жазды. Сонымен қатар Ресейдегі шетел компаниялары Қазақстанға көшкені рас па деген сұраққа үңілді. Одан бөлек, Ресейдің Украинадағы соғысы Қазақстанда деколонизация процесін күшейткеніне тоқталды.
Қазақстанда парламент мәжілісі мен мәслихат депутаттығына өзін-өзі ұсынған кандидаттарды түрлі себеппен сайлаудан шеттетіп жатыр. Тәуелсіз үміткерлерді сайлауға жеткізбей шығарып тастаудың астарында не жатыр?
АҚШ мемлекеттік хатшысы Энтони Блинкен Қазақстанға ресми сапармен келді. Ол Астанада президент Қасым-Жомарт Тоқаевпен кездеседі. Одан бөлек, АҚШ пен Орталық Азия елдері сыртқы саясат ведомстволары басшыларының С5+1 форматындағы кездесуі жоспарланған. Блинкен Астанадан кейін Өзбекстанға барады.
"Қаңтар оқиғасына түрткі болған мәселелер жойылған жоқ, өрт кез келген сәтте тұтануы мүмкін" дейді Қаңтар оқиғасын Қазақстанға келіп зерттеген америкалық журналист, жазушы, Fulbright бағдарламасының стипендиаты Шерил Л.Рид.
Тағы