Антимонополиялық агенттік Қазақстанда бензиннің қымбаттауын әлемде мұнай бағасының өсуімен байланыстырады. Ал Батыстың кейбір елдерінде бензин керісінше арзандады.
Осы аптада 200-ден аса ипотекалық борышкер Астанада наразылық білдірді. Кейбір азаматтық белсенділер мұндай наразылық акцияларын «орынсыз әрекет» санайды.
Сарапшылар Қазақстанның ең ірі кеніші - Қашағандағы мұнай өндіруді тоқтатуға әсер еткен апат туралы пікір айтты.
Ұлттық банктің деректері бойынша, үкімет ипотекалық несиені қайта қаржыландыруға 120 миллиард теңге бөлген. Бірақ ол мыңдаған мәселесі көп займдар үшін жеткіліксіз болып шыққан.
Сотта Алматыдағы Ресей бас консулдығынан жеңіліп қалған кәсіпкер Тоқтағұл Шәріпов Қазақстан жоғарғы сотына шағымданды. Ол консулдықтан 196 миллион теңге өндіріп беруді талап етеді.
Қазақстан 2 қыркүйекте теңге бағамын мультивалюталық қор бағамына байланысты реттеу саясатына көшті. Бірақ ұлттық валюта әлі де долларға тәуелді.
Балқаш қаласының соты адвокат Зинаида Мухортованы психиатриялық клиникада еркінен тыс емдеу туралы прокуратура талабын қанағаттандырды. Азаттық тілшісі сот отырысында болды.
19 тамызда Балқаш қаласында психиатрлық диспансерге мәжбүрлеп жатқызылған адвокат Зинаида Мухортованың соты өтті. Диспансерде кешкі сағат бесте басталған сот отырысы түн жарымда аяқталды.
Компаниялар арасындағы келісім бұзылуы кесірінен екі апта бойы Жезқазған қаласының қоқысы тазартылмай қалды.
Марк пен Скотт Келли есімді егіздер АҚШ-тың ғарыш агенттігінің экспериментіне ерікті түрде қатыспақ. Олардың бірі Жерде қалып, екіншісі ғарышқа бір жылға аттанады.
Қазақстанның әскери соты Астанада ұсталған генерал Алмаз Әсенов пен Украинаның екі азаматын түрлі мерзімге соттады. Бұл істі былтыр желтоқсанда Шымкент түбіне құлаған әскери ұшақпен байланыстырады.
Италияның ішкі істер министрі Мұхтар Әблязовтың туыстарын Қазақстанға депортациялауға қатысты туған даудан аман шықты. Ал сыртқы істер министрі үнсіз құтылмақ.
Қазақстан мен АҚШ медицина, биотехнология, инновация саласында ынтымақтастықты дамытуға келісті. Азаттыққа сұхбат берген АҚШ профессоры Архат Әбжанов екі елдегі ғылымның дамуы туралы айтты.
Астаналық пастор Бақытжан Қашқымбаев «діни қауымға мүше әйелдің денсаулығына ауыр зардап келтірген» деген айыппен алдын ала екі айға қамалды. Ал «жәбірленуші» өзінің зардап шекпегенін айтады.
Тамерлан Царнаевтың АҚШ-та тұратын Муса Хаджимурадов есімді бұрынғы шешен содырымен араласқаны белгілі болды. Хаджимурадов кезінде Ахмед Закаевқа жақын адамдардың бірі болған.
Суретші, антиядролық қозғалыс белсендісі, қолы жоқ Кәріпбек Күйіковке саусақ таңбасын өткізбегендіктен Ұлыбритания визасы берілмеді. Ағаттықты артынан түсінген британдық шенеуніктер ғафу өтінді.
Әлемдегі ең көп пайдаланылатын ғарыш айлағы бар Қазақстанның космостық державаға айналуына ракеталық технологиясының жоқтығы кедергі болып отыр.
Виктор Тысяцкий «көшеге шықсам, шексіз ғарышқа шыққандай боламын» дейді. Ол өзі сияқты мүгедектер қоғамының жұмысына белсенді түрде қатысады.
Ресейлік блогер-оппозиционер Алексей Навальный азаматтық құқықты қорғауға көмектесетін сайттар ашып жатыр. Қазақстандық кейбір блогерлер «Қазнетке де бір Навальный керек» дейді.
Азаттық радиосы 1991 жылдан бергі Қазақстан әуе көліктері апаттарының хронологиясын ұсынады.
Тағы