Қазақстан орталық сайлау комиссиясы президент сайлауына журналистер мен халықаралық бақылаушыларды тіркеуді аяқтады. Кейбір миссия өкілдері Қазақстандағы сайлаудың әлем назарын аудартқанын айтса, бірі елеусіз науқан деп сипаттады.
Шымкент қаласындағы Албастысай шатқалы сталиндік репрессияның екі жарым мыңдай құрбаны атылып, көмілген жер ретінде белгілі. Өлке тарихына қанық адамдар құрбандардың есімдерін мәңгі есте қалдыру жеткілікті, ал репрессияны орындаушылардың есімдерін анықтап, жариялауды қажетсіз, артық нәрсе деп санайды.
Жылда мамырдың соңында Қазақстанда бұрынғы ГУЛАГ лагерьлері болған кей орындарда сталиндік репрессия құрбандарын еске алу шараларын өткізеді. Бірақ тарихтың бұл кезеңін терең зерттеумен кәсіби мамандардың кейбірі ғана айналысады, ал азаматтық қоғамда бұл тақырыпқа шетелде көбірек ықылас бөлетін тәрізді.
Батыс Қазақстан ресейшіл «автономиялық республикаға» айналуы мүмкін деген қауіп төнген тұстағы Орал казактары мен қазақ белсенділерінің талай күнге созылған текетіресі 1991 жылғы қыркүйектің 15-інде аяқталды. Арада 25 жыл өтсе де бұл оқиғаларға қатысты ашылмаған жайттар көп.
«ҚазМұнайГаздың» еншілес компаниясының бақылау пакеті Қытай қолына өте бастаған тұста Румыниядағы осы кәсіпорынға қатысты тергеу амалдары басталды. Бірақ «ҚазМұнайГаз» Еуропадағы бірқатар жобаларын бұдан ертеректе де жабуға мәжбүр болған.
«Болашақ» университетінде сталиндік қуғын-сүргін тарихына арналған ғылыми жоба басталған, ал 1-курс студенттерін Долинка кентіндегі Карлаг мұражайына экскурсияға апарады.
Астанадағы Щебсклад саяжайы толығымен күрелмек. Қала кеңейіп, бұл жерде теміржол вокзалы мен жаңа ықшамаудан салына бастаған.
Алматы облысы Жаңалық ауылына сталиндік репрессиялар құрбандарын еске алуға жүздеген адам жиналды. Зұлмат жылдары атылған бірнеше мың азаматтың сүйегі осында жатыр.
Швейцария банкіндегі құпия ақпарат тарап кетіп, екі қазақстандықтың есімі аталды. Барлығы 82 қазақстандық клиенттің құпия есеп-шоты табылған.
Сталин тұсында ішінде адам азаптап, тұтқындар қаза тапқан патша түрмесі қабырғалары Түркістанда сақталып қалған. Бірақ жекеменшікке өткен ғимаратты қожайын бұзғалы отыр. Өлкетанушылар биліктен жерді қайта сатып алуды сұрайды.
Алматылық казак Григорий Рощин Ресейден түскен тапсырма бойынша Украинада барлау жасағанын айтады.
«Қазақстанда сталинизм зерттелмейтін тақырыпқа айналып, билік пен элита Украина дағдарысына енжар қарап отыр» дейді «Әділет» тарихи-ағарту қоғамы төрағасының орынбасары Бейбіт Қойшыбаев Азаттыққа.
Режиссер Қалдыбай Әбенов «Шаңырақ ісі» бойынша сотта айыпталушылардың қоғамдық қорғаушысы болды. «Шаңырақ оқиғасы» күні қарсаңындағы сұхбат осы істің cебеп-салдары туралы өрбіді.
Қазақстанда азаптау мен саяси тұтқындардың құқығын шектеу фактілері көбейіп бара жатқанын айтқан еуропалық құқық қорғаушы Людмила Козловска жағдайды жақсарту жолдарын ұсынады.
Азаттық тілшісі 18 жылға сотталған қазақ диссидентімен телефон арқылы сөйлесіп, елдің саяси жағдайы туралы әңгімелесті. Атабек абақтыда жазған кітабы жарияланған соң «жабық түрмеге» ауыстырылған еді.
Алматы cәулет және құрылыс институтының бұрынғы оқытушысы Валерий Каро-Мадэ 1986 жылы әріптесі әрі диссидент Әркен Уақты қорғағаны үшін қуғын көрдім деп санайды. Осы институттың бұрынғы ректоры Павел Атрушкевич жазалау науқанына қатысқан жоқпын деп ақталады.
1991 жылы 15 қыркүйекте Оралда қазақтар мен орыстардың арасында жанжал қаупі туғанымен, Үлкен казак қауымының жиынын қуып тарату ұлтаралық қақтығыс тудырмады. Сол шақтағы қарсыластар жиырма жылдан соң да бірін-бірі жазғырып отыр. Әлі күнге дейін Орал оқиғаларына тәуелсіз саяси және ғылыми баға берген де ешкім жоқ.
1991 жылы 15 қыркүйекте Оралда бүкіл Ресейден жиналған жүздеген казак пен мыңдаған қазақ ереуілшілері қақтығысып қала жаздады. Днестр бойындағыдай сепаратистік тәртіпсіздіктер болған жағдайда Қазақстанның батысына «бітімгерлік әскер» кіруі мүмкін еді деген тұспал бар.
Тағы