Осыдан жиырма жыл бұрын, 1991 жылы 15 қыркүйекте қазақ ұлтшылдары бастаған мыңдаған адам Орал қаласында жергілікті казактардың қайта жаңғыру мерекесін таратты. Cовет одағы құлаған тұста лаулаған бұл жанжал одан бір жыл бұрын-ақ тұтана бастаған еді.
«Ел болашағы» ұйымының төрағасы Бағдат Әріпов Америка Құрама Штаттарына осыдан бір ай бұрын кеткен екен. Азаттық радиосына сұхбат берген қоғамдық ұйым белсендісі жеке басына қауіп төнген соң елден кетуіне тура келгенін айтады.
Соғыс ардагері Қаматай Тоқабаев Жеңістің 65 жылдығын тойлау үшін Прагаға шақырылды. Ол осы сапарында Прагаға алғаш кірген атақты танкті де көре кетпек болды. Алайда, бұл үміті ақталмады.
Азаттық радиосы Нұрсұлтан Назарбаевтың Тұрған есімді қырғыз қызына деген балаң махаббаты жайлы бұған дейін көпшілікке белгісіз болып келген сырдың бетін ашты. Тура кинодағы тәрізді, екі жастың махаббатына үшінші біреу киліккен.
2009 желтоқсан айында Словения Маңғыстау облысынан қашқан Жұмағазиевтар отбасына саяси баспана берді. Ал бұл уақытта Чехия билігі сол елге пана іздеп барған «Таза дін» жамиғатының босқындарынан тезірек құтылғысы келіп отыр.
Осыдан төрт жыл бұрын қастандықпен өлтірілген қазақ оппозициясының жетекшісі Алтынбек Сәрсенбайұлының жесірі Азаттық радиосына эксклюзивті сұқбат берді. Салтанат Атушева бұл трагедияның артында не тұрғанын айтады.
Жол апатынан қаза тапқан тоғыз жасар Мұхаммед Хамитұлының тарихы екі жүзден астам мұсылман-босқындардың басынан кешкен оқиғаларының бір парағы ғана іспеттес. Мұхаммедтің әкесі өз елінде қуғынға ұшырады. Ал, Чехия оған баспана беруден бас тартып отыр.
Қайрат Досметовтің басынан өткен оқиға Чехиядан саяси баспана алуға қол жеткізе алмай жүрген тәуелсіз мұсылмандар қауымының ортақ жағдайын бейнелейді.
Марғұлан Мұхамбетов Чехиядан Қазақстанға күштеп әкелінді. Ол Чехиядан босқын мәртебесін алу үшін үш жылдай әрекеттенді. Сол елдегі Қазақстанның 200-ден аса азаматтарына бір жылдан астам уақыттан бері күштеп депортациялану қаупі төніп тұр.
«Өкіл қайын ата» кітабы жарыққа шығысымен-ақ қылмыстық қудалаудың нысанасына айналды. Рахат Әлиев бұл әрекет кітаптың шынайылығын биліктің мойындағанын білдіреді дейді.
БТА банктің бұрынғы топ-менеджерлерінің бірі Роман Солодченко отбасын алып эмиграцияға кетті. Азаттық радиосына берген арнайы сұхбатында ол үкіметтің кінәсінен банктің әрі қарайғы күйреуін бақылаудың мән-мағынасын көрмей тұрмын деп мәлімдеді.
Армангүл Қапашеваның Қазақстан президентінің бұрынғы күйеу баласының ізіне түсу қимылдары енді мұхиттың арғы бетіне ауысты. Жоғалған банкир Жолдас Темірәлиевтің жұбайы мен қарындасы Әлиевке саяси баспана берілуін болдырмау мақсатында Вашингтонға барды.
Қаңтардың 20-сы күні Ақтөбеде, 36 жасында, тәуелсіз журналист Андрей Климонов өмірден өтті. Қысқа ғұмырында қудалау, қорқытып-үркіту мен арандатуды талай рет басынан өткерген марқұмның жүрегі ауыр салмақты көтере алмады.
Тіркелмеген «Атамекен» партиясының төрағасы, саяси эмигрант Ержан Досмұхамедов Азаттық радиосына берген сұхбатында елдің ішіндегі және сыртта жүрген оппозиция басшыларының ұқсастығы мен айырмашылықтары туралы әңгімеледі.
Назарбаевтың бұрынғы күйеу баласы Рахат Әлиев пен сыртта жүрген оппозиция өкілі Серік Медетбеков Азаттық радиосына берген сұхбатында Әділет министрі Зағипа Бәлиеваның қазіргі саяси дағдарысты жағдайының себептері туралы қарама-қайшы ой-пікір айтады.
Президенттің бұрынғы күйеу баласы елде қудалаудың жаңа түрі – құпия тұтқындаулар басталды, ал оппозиция басшылары болса Ақордаға құпия түрде қызмет етеді деп мәлімдеді.
2007 жылы Қазақстан тарихында тұңғыш рет орын алып, талайды тамсандырып, енді бірталайдың басын шайқатқан екі оқиға-Әсел мен Жәмила деген екі қазақ қызының төңірегінде өрбіді. Бірі бөтен елде министр болды, екіншісі бөтен жерде түрмеде отыр.
Ресейде ксенофобия себебінен жасалатын шабуылдардың өзіндік бағыт-бағдары бар. Оның кейбір нақты деректерін Мәскеуде орналасқан “Сова” қоғамдық ұйымының зерттеулерінен білуге болады.
Мұнайдың бір баррелі 140 долларға жақындаған тұста Франция мен Италияның балық кәсіпкерлері Еуроодақтан жәрдем сұрады. Азия үкіметтері жанар-жағармай қымбаттауына төтеп беретін шара таба алмай отыр.
Америкалық “Мэрилл Линч” компаниясы мен франциялық “Кэпджемини групп” компаниясының әлем миллионерлеріне арналған дәстүрлі “Әлем байлығы” деген жылдық баяндамасы осымен он екінші рет жарыққа шықты. Баяндама ғаламдық қаржы дағдарысына қарамастан миллионерлер қатары ұлғайып жатыр, олардың аса қымбат заттарға деген сұранысы көбейіп жатыр дейді. Миллиардерлер қатары кедей елдің бірі - Қазақстанда да кеңейген. Бірақ халықтың басым көпшілігі күнделікті нәпақасын әзер айырады.
Тағы