Қазақстандық қос ғарышкердің бірі Мұхтар Аймаханов Ресей азаматтығын алуға бекінсе, елде қалған Айдын Айымбетов ғарышқа ұшудан әлі де үмітті екенін айтады.
«Лайықты баспана үшін» қозғалысының мүшелері сайлауда ешкімге дауыс бермейтіндерін ескертіп, Орталық сайлау комиссиясынан дауыстарды санау кезінде осыны есепке алуды талап етті.
Астанадағы бірнеше қоғамдық ұйымдар Нұрсұлтан Назарбаевтың үстінен сотқа талап арыз түсірді. Ұйым басшылары «атқарушы билік әрекетсіз және халық талабы ескерілмейді» деген уәж айтады
Кезектен тыс президент сайлауынан бас тарту туралы талаппен президент Назарбаевқа жолығуға елдің әр аймағынан Астанаға келген ондаған адамды полиция Ақордаға жібермеді.
Астанада тұңғыш рет мектеп оқушылары арасында өткен айтыста қатысушылар кандидат Нұрсұлтан Назарбаевқа президент сайлауында сәттілік тіледі. Тақырыптан ауытқып кеткендерге төрешілер ескерту айтып жатпады.
Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің жаңа қызметіне сәуір айының ортасынан кейін ғана кіріспек. Бұл туралы бейсенбі, наурыздың 17-і күнгі сенаттың жалпы отырысынан кейін журналистерге мәлімдеді.
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауын бақылайтын тағы бір қоғамдық ұйымдар коалициясы құрылды. Оппозициялық партиялар коалицияға тек сырттай қолдау көрсететіндерін айтады.
Араб елдеріндегі толқулар жұма намазынан соң тіпті үдеп жатыр. Ал Қазақстан мешіттерінде жұма намаз алдындағы уағызда «билікке мадақтаулар айтылады» дейді дінтанушылар.
Ислам дінін ұстанған азаматтар мен қоғамдық бірлестіктер Қазақстандағы оқу орындарында «хиджаб киюге тыйым салуы мүмкін» деп қауіптенеді. Олар бейбіт митинг өткізу үшін Астана әкімшілігіне өтініш берген.
«Қазақстандық телеарналар сандық жүйеге кезең-кезеңмен өтеді. Алғашқы кезеңге кіруге жекеменшік арналардың да мүмкіндіктері басым» дейді ел үкіметі. Ал жеке арналардың пікірінше, үкімет «консерваторлық бағыт ұстанып отыр».
Қазақстанда кезектен тыс президент сайлауына үміткер ретінде қатысқысы келген азаматтардың өтінішін қабылдау аяқталды. Орталық сайлау комиссиясы өтініш берген 22 азаматтың арасынан Нұрсұлтан Назарбаевты кандидат етіп тіркеп те үлгерді.
Қазақстанда кезектен тыс өтетін президент сайлауына түсуге ниет білдірген әйел қауымының да қарасы көбейіп келеді. Үміткер үш әйелдің екеуі – емші-экстрасенс, біреуі – «Бәйтеректің авторы»
Астана әкімі Иманғали Тасмағамбетов алданып қалған үлескерлерге көмек көрсете алмайтынын айтты. Аса мұқтаж адамдарға бір пәтерлерін ғана беретінін ескерткен әкім «қалған пәтерлеріңді өздерің соттасып өндіріп алыңдар» деген «ақыл» айтты ақпанның 17-сі күні жылдық есептік жиынында.
Бейсенбі күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президентінің кезектен тыс сайлауына үміткер ретінде өзін-өзі ұсынатыны туралы Амантай қажы Асылбектің өтінішін қабылдап алды.
Орталық сайлау комиссиясы Уәлихан Қайсарды президенттікке үміткерге қойылатын талапқа сай емес деп таныды. Ал сәрсенбі күні мемлекеттік тілден емтиханды сәтті тапсырған үміткер Мұсағали Дуамбеков президент Назарбаевтың саясатын қолдайтынын айтады.
Үміткерді сайлауға қатыстыру мәселесін енді орталық сайлау комиссиясы қарап, сәрсенбі күні шешімін жариялайды. Ал Уәлихан Қайсаров лингвистикалық комиссия Ақорданың тапсырмасын орындады деп санайды.
Қаңтардың 28-і күні Қазақстан халқына кезекті жолдауын жариялаған президент Назарбаев «ел қаласа» билік басында әлі де отыра беруге дайын екенін мәлімдеді. Саясаткерлердің кейбірі референдум, енді бірі президент сайлауы өтеді дейді.
Өз өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізу мәселесіне қатысты шешімін Конституциялық кеңестің ұйғарымынан кейін қабылдайтынын айтқан Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев денсаулығы барда жұмыс істей беретінін мәлімдеді.
Дүйсенбі күні түске дейін бірқатар қоғамдық ұйымдар өкілдері пікірлерін тыңдаған соң, Конституциялық кеңес «Конституцияға өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заңның Конституцияға сәйкестігін қарау туралы президент Назарбаевтың өтініші бойынша шешім шығару үшін кеңесу бөлмесіне кетті.
Жұма күні таңертең Смағұл Сәдуақасұлының сүйегінің күлі ұшақпен Мәскеуден Астанаға жеткізілді. Енді жерлеу мәселесі шешілгенше ол Астанадағы Сәдуақас қажы Ғылмани атындағы мешітте сақталады.
Тағы