Жұма күні өткен екі палатының бірлескен отырысында парламент ел президентіне ұзақ мерзімді, саяси бәсекеден тыс билік беруді ұйғарды. Осыған сәйкес Қазақстан Конституциясы кезекті мәрте өңделіп, толықтырылмақшы.
Орталық сайлау комиссиясы Назарбаевтың президенттік өкілетін 2020 жылға дейін ұзарту туралы референдум өткізуді сайлаушылардың жартысынан астамы қолдап отырғанын мәлімдеді. ОСК бұл туралы қорытынды құжатты Қазақстан президентіне тапсырмақ.
Бастамашыл топ президент Назарбаевтың өкілетін ұзарту туралы референдум өткізуге келісім беруін сұрап президентке, Ата заңға өзгеріс енгізуді сұрап парламентке үндеу жолдады.
Бейсенбі, желтоқсанның 29-ы күні парламент мәжілісінің кезекті отырысында депутаттар президент Назарбаевтың атына үндеу жолдады. Үндеуде Қазақстан Республикасының конституциясына өзгеріс енгізу туралы заңды қабылдауды сұраған. Кейбір депутаттардың пікірінше, референдум өткізу туралы бастамашыл топтың қаулысы заңға қайшы болған.
Желтоқсанның 27-сі күні Орталық сайлау комиссиясы Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өкілетін ұзарту жөнінде референдум өткізу туралы бастамашыл топты тіркеп, тиісті құжаттарды табыс етті. Бастамашыл топ өкілдері бүгіннен бастап қол жинауға мұрсат алды.
Астаналық зейнеткер желтоқсанның 25-і күні Қазақстандағы сот жүйесіне наразылық ретінде ел Конституциясының алты бабы мен Сот жүйесі туралы конституциялық заңның бір бабын өз ауласында «жерлеп», басына құлпытас орнатты.
Бейсенбі, желтоқсанның 23-і күні Қазақстанның әр түкпірінен жиналған бір топ азамат парламентке жиналып, абақтыдағы туыстарына көмек беруді сұрады.
«Назарбаев университеті», «Назарбаев зияткерлік мектептері» және «Назарбаев қоры» туралы заң жобасын» Мәжіліс бірінші оқылымда мақұлдады. Осы заң бойынша «Назарбаев университетінің» табыстары салықтан толық босатылады.
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиевтің денсаулығы оңала бастады. Ол тергеушілердің алғашқы сұрақтарына жауап берді. «Бірақ Досқалиевтің үш сағаттан артық сөйлеуге әлі де шамасы жоқ» дейді экс-министрдің адвокаттарының бірі Эдуард Шомпиев.
Желтоқсанның 13-і күні Астанада тәуелсіздік күніне арналған ақындар айтысы аяқталды. Қорытынды кешке қатысқан жоғары лауазымды шенеуніктер кеш бойы ақындардың аузына қақпақ қоюмен болды.
Желтоқсанның 13-і Ақмола гарнизонының әскери соты қорғаныс министрлігінің пайдасына сот шешімін шығарды. Түрмеде отырған қорғаныс министрлігінің бұрынғы шенеуніктері Қажымұрат Мейірманов пен Еділ Жартынов және Израиль азаматы Борис Шейнкман министрлік талап еткен 14 млрд 260 млн 396 мың 322 теңгені төлейтін болады.
Кәсіпкер Қанағат Тәкееваның «Қорғас» кеден бекеті қызметкерлеріне байланысты мәлімдемелері дәлелденбесе, Кеден комитеті оны сотқа беруі мүмкін. Алайда, кәсіпкер әйел өз айтқандарының дәлелденетініне сенімді.
Айдос Садықов 42 жасқа толған күні Жоғарғы сот оны түрмеде қалдыруға шешім шығарды. Үш күн бұрын қызы дүниеге келген. Адвокаты енді БҰҰ-ның адам құқықтары комитетіне шағымданбақ ниетте.
Жұма, желтоқсанның 3-і күні «Лайықты баспана үшін» қоғамдық бастама жетекшілері үш жарым айдан астам уақыт Астанада аштық жариялап жатқан үлескерлер наразылық акциясын тоқтатқанын мәлімдеді. Олар өз проблемаларына селт ептеген үкіметті сынап, енді күрестің басқадай түріне баратындарын айтып отыр.
Астанада өтіп жатқан ЕҚЫҰ-ның саммитке қатысушылар қортынды құжат мазмұнына байланысты ортақ пікірге келе алмауы себепті, әу баста бейсенбі күні түскі уақытқа жоспарланған Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың баспасөз мәслихаты әлі басталған жоқ.
Бүгін желтоқсанның 1-і күні Астанада ЕҚЫҰ саммитінің бірінші күні аяқталды. Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан өзі төрағалық еткен ұйымды дағдарыстан шығаруға талпынғанын айтады және ол әрекеті лайықты бағасын алады деп үміттенеді.
Дүйсенбі, қарашаның 29-ы Астанада ЕҚЫҰ-ның саммитіне балама түрде өткізілген екі күндік конференция аяқталды. Шетелдік азаматтық қоғам өкілдері мен құқық қорғаушылар талап-тілектерін ЕҚЫҰ-на табыс ететіндерін мәлімдеді.
Астанада үкіметтік емес ұйымдардың форумына қатысқан шет елдік мамандар баспасөз бостандығына қарсы қойылған кейбір шектеулерді сынады. Ал ЕҚЫҰ-ның БАҚ бостандығы жөніндегі өкілі Қазақстанды тұтқында отырған Рамазан Есіргеповті босатуға шақырды.
Астанада өтетін ЕҚЫҰ саммиті кезінде парламент депутаттары да жұмысқа шықпайтын болды. Бүгін, қарашаның 24-і пленарлық отырыс өткізген мәжіліс депутаттары саммиттен кейін кездесетін болып тарқасты.
Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов шетте жүрген қазақ ғалымдарын елге қайтару жөнінде бастама көтерді. Алайда бүгін қарашаның 22-і күні министрліктің баспасөз қызметі министр айтқан ғалымдардың тізімі әлі бекітілмегенін хабарлады.
Тағы