Қос жанарынан айырылып қалған тұтқын Біржан Жарқожаев алдымен Семей қаласында емдеуде болып, кейіннен тұрғылықты жері бойынша Жамбыл облысындағы колониялардың біріне ауыстырылатын болды.
Қарашаның 12-сі күні Астанада, статистика агенттігі 2009 жылы жүргізілген жалпы ұлттық екінші халық санағының түпкілікті қорытындысын жариялады. Ресми мәлімет бойынша Қазақстандағы барлық халықтың саны - 16 миллион 9 мың 600 адам.
Қарашаның 11-і күні баспасөз мәслихатын өткізген әділет министрінің орынбасары мен қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы БАҚ өкілдерінің кесірінен беделдері түсіп кеткенін мәлімдеді. Ал Көкшетауда сотталушылардың арыз-шағымы бойынша сот басталғанмен жәбірленушілерге қысым көрсету күшейген.
Желтоқсанның алғашқы күндері Астанада өтетін ЕЫҚҰ саммитіне дайындық басталып кетті. Қалаға Қазақстанның басқа облыстарынан полицейлер келіп қоныстанып жатыр.
Қазақстандық заңгерлер уақытша бас бостандығынан айыру мекемелерін жабу керек деген пікірде. «Себебі адам құқықтары негізінен осындай мекемелерде бұзылады», - дейді мамандар.
Бейсенбі күні бас прокуратураның ресми өкілі Жандос Өмірәлиев істі болған Жақсылық Досқалиевтің денсаулығы бірқалыпты екенін хабарлады. Дегенмен экс-министрдің адвокаты құзырлы органдардың Досқалиевтің жағдайын жақсы білетіндігіне күдік келтіреді.
Дүйсенбі, қарашаның 1-і Астанада аштық жариялап жатқан үлескерлер жоғарғы соттың алдында наразылық акциясын ұйымдастырды. Жоғарғы сот төрағасы Мұсабек Әлімбековтің қабылдауында болып қайтқан үлескерлер Қазақстанның бас судьясымен болған кездесудің нәтижесіз аяқталғанын айтады.
Астанада қазанның 29-ы күні әділет министрлігінің ресми өкілі Ерболат Ерімбет журналистермен жүздесті. Оның айтуынша түрме әкімшілігінің жариялаған сөгістеріне қатысты Жовтистен түскен шағымдарға дәйекті жауап берілген.
Қамаудағы экс-министр Жақсылық Досқалиевпен жүздескен адвокаттары бұрынғы шенеуніктің денсаулығы күрт нашарлағанын айтады. «Оның тіпті тергеушіге жауап беретін халі жоқ. Тез шаршап қалады, сондықтан жауап беруден бас тартып отыр» деді қорғаушы Бекжан Біләлов Азаттық тілшісіне.
Қазанның 25-і күні Астанада Қазақстан парламенті сенатының депутаты Тасбай Симамбаев «мерзімінен бұрын мәжіліс сайлауы өте қалған жағдайда қажет болады» деп, премьер-министрден келер жыл үшін арнайы қаржы қарастыруды сұрады.
Астана қаласында қазақ күресінен кезекті әлем біріншілігінің қортындысында Қазақстанның алты палуаны жеңімпаз атанды. Бұл жарыста жеті салмақ дәрежесі бойынша және «түйе палуан» атағы үшін барлығы 39 елдің мықтылары бақ сынады.
Сәрсенбі күні Астанада өткен Қазақстан халқы ассамблеясында сенатор Анатолий Башмаков «елбасы» мәртебесін Конституциямен бекітіп алсақ деген ұсыныс айтты.
Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Бернд Шторк жұмыстан босатылды. Жұма күні Қазақстан футбол федерациясы Шторктың келісім шарты мерзімінен бұрын тоқтатылғанын мәлімдеді.
Қазанның 12-cі күні футболдан «Еуро - 2012» іріктеу турнирінің кестесіне сәйкес Астанада Қазақстан мен Германия құрамалары кездесті. Неміс командасы қазақ құрамасын 3:0 есебімен жеңіп кетті.
Қазақстан президентінің іс басқарушысы Сарыбай Қалмырзаев сейсенбі күні жұрт алдында көрініп, өзінің дені-қарны сау екендігін, жақында шетелде дәрігерлік тексеруден өтіп келгенін айтты. «Менің ауырып қалғаным туралы хабар тарату бәлкім біреуге керек болған шығар» деді ол.
Қазанның 11-і күні Алматы қалалық соты қамаудағы профессор Саят Ыбыраевты кепілге босату туралы оның адвокаты Таир Назхановтың талап-арызын қанағаттандырмады. Ыбыраевтың жақтастары профессордың саяси себеппен қамауға алынғанына шүбә келтірмейді.
Қазанның 8-і, жұма күні Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ Ұлттық техникалық университетінде «Менің діни сенімім» тақырыбында арнайы шақырылған топ пен студенттердің кездесуі өтті.
«Руханият» жасылдар партиясы «Өзін-өзі тану» пәнін балабақша бағдарламасына енгізу артық деп санайды. «Көптеген ата-аналар ашық айта алмағандықтан, осы арызын билікке жеткізуді бізден өтінді», - дейді Руханият жасылдар партиясы төрағасының орынбасары Бешір Жаналтай.
Қазақтың ұлы композиторы, шертпе күй өнерінің алыбы Тәттімбеттің шығармалары жазылған диск Францияда жарық көрді. Қазанның 4-і күні Алматыда «Қазақ домбырасы» сериясы бойынша шыққан «Тәттімбет мұрасы» атты жинақ БАҚ өкілдеріне таныстырылды.
«Қос азаматтығы бар адамдарды соттау керек» деп мәлімдеген журналист, наразылық шарасы ретінде өзі жасаған Солтүстік Қазақстан облысы салынбаған Қазақстан картасын өртеді.
Тағы