30 қыркүйек күні Алматыда түрлі саяси ұйым мүшелері мен партия өкілдерінің талқылаған тақырыбы осындай болды. «Жиырма жылдан бері жасап келе жатқан Қазақстандық оппозицияға кейбір азаматтардың біржақты түсінікпен қарауына қазіргі билік кінәлі» дейді оппозициялық партия мүшелері.
Қыркүйектің 28-сі күні Алматыдағы саяси шешімдер институты саяси үрдістерге қатысты әлеуметтік сауалнаманың қорытындысын жариялады. Саясаттанушылардың кейбірі мұндай әлеуметтік сауалнамаға сенбейтінін айтады.
Тіркелмеген «Алға» партиясының бастамасымен қыркүйектің 25-і күні Алматыда Назарбаевтың биліктен кетуін талап ету туралы республикалық референдум өткізу мәселесі талқыланбақ еді. Алайда тиісті кворумның болмауынан референдум талқысы өтпей қалды.
Қостанай облыстық жол полициясы жұма күні баспасөз мәслихатын өткізіп, қала әкімінің көлігі адам соқпағанын хабарлады. Ондай оқиға туралы екі күннен бері баспасөзде бірсыпыра ақпарат шыққан еді.
Алатау ауданы әкімі кезінде Шаңырақта заңсыз сатылған жер телімдерін заңдастыруға күш салатынын айтады. Алайда биліктің уәдесінен талай рет аузы күйгендер нақты нәтиже болмайынша құр сөзге сенбейтін болған.
Дүйсенбі күні таңғы сағат жетілер шамасында Қарағанды облысының Долинка кентіндегі түрмеде жазасын өтеушілер өткір затпен денелерін тілгілеп тастаған. Ресми мәлімет бойынша өздеріне қол жұмсағандардың саны сегіз.
Қарағанды облысы Шахтинск қаласының соты жазды күні осы аймақтағы Долинка түрмесінде болған оқиғаға қатысты сот процесін бастады. Интернетте пайда болған бейнежазбаға қатысы бар Максим Қожанов бұл дүниеде жоқ болғанымен, сотқа түрмеде жазасын өтеуші төрт адам тартылған.
Моңғолия астанасы Ұлан-Батор қаласында ақбөкендерді қорғау мәселесі жөнінде жиын өтті. Оған Қазақстан, Моңғолия, Ресей, Қытай, Түркіменстан және Өзбекстан елдерінің билік өкілдері, экологтар және тәуелсіз ұйым мүшелері қатысты.
Қазақстан өзбек босқыны Хуршид Камиловты Өзбекстанға жөнелткені мәлім болды. Прокуратура Алматыда қамауда жатқан өзбек азаматтарына Қазақстанда «босқын» мәртебесі берілмейтіндігін мәлімдеді. Енді оларды да Өзбекстанға экстрадицияламақ.
Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскемен қаласында Қазақстан мен Ресей аймақаралық ынтымақтастығының VII екі күндік форумы болып өтті. Сейсенбі күні Назарбаев пен Медведев кездесіп, форумның пленарлық отырысына қатысты. Жиын барысында Қазақстан басшысы ресейлік әріптесіне бірқатар ұсыныстар жасады. Форум биыл екі ел президенттерін сегізінші мәрте жолықтырған жиын болды.
Шығыс Қазақстан облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккен Тарбағатай ауданында табиғи апаттан үйлерінен айрылған отбасылардың жартысы жаңа қонысқа кірді. Қалған жартысына жергілікті билік қазан айына дейін жаа баспана беруге уәде етіп отыр.
Биылға жоспарланған дүниежүзі қазақтарының төртінші құрылтайы келер жылға шегерілді. Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы басшылығы бұған Астанада желтоқсанда өтетін ЕҚЫҰ саммиті себеп болғанын айтады.
Маңғыстау облысына Сауд Арабияcынан қазақтар көшіп келіп жатыр. Бортында 58 оралман бар ұшақ сәрсенбі күні ымырт түсе Ақтау әуежайына келіп қонды. Атажұртына ат басын тіреген қазақтарды жергілікті билік өкілдері күтіп алды. Жексенбіге дейін тағы да 10 әулет көшіп келмек.
Қыркүйектің 1-і Нұрсұлтан Назарбаев Астанада төртінші сайланған парламенттің төртінші сессиясын ашты. Президент қос палатаның бірлескен отырысында депутаттарға алдағы уақытта атқаратын біраз міндеттерін межелеп берді. Олардың арасында парламент қабылдауға тиіс бірқатар заң жобалары бар.
Із-түзсіз жоғалған бизнесмен Эдгар Салдузидің досы Аухат Шаинов Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың бұрынғы келіні Майра Құрманғалиеваның есімін ауызға алды. Бірақ кәсіпкер оны негізгі күдікті ретінде атамағанын айтады.
Қобдадағы аз ғана қазақтың ұрпағына келешекте ана тілінен, салт дәстүрінен айрылып қалу қаупі төніп тұр. Қазақ мектебінің жоқтығынан қазақ балалары моңғол тілінде білім алуға мәжбүр. Ал, қазақ тіліндегі кітаптар мен әдеби басылымдар жеткізілмейді.
Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қостанай облысына жұмыс сапары сол аймақта түрмелердегі бүлікті басу мақсатындағы оқу-жаттығу шарасының басталуымен дөп келді. Билік орындары бұл екеуінің арасында ешқандай байланыс жоқ дейді.
Туа біткен жүрек ақауы бар балаларға қолдау көрсетіп жүрген қоғамдық ұйымдар, үкіметтен жәрдем сұрап отыр. Олар жүрек кінәраты бар балалардың шетінеуіне жол бермес үшін алдымен ана құрсағында жатқанда диагноз қойып бақылауға алу қажет екенін айтады.
«Central Asia Monitor» газетін сотқа берген «Қазақстан даму банкі» мен алты компания түгел жеңіліс тапты. Екі жақтың талап-арызы мен жауаптарын екі апта бойы саралаған Алматы қалалық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты шағымданушы жақтың арызын қанағаттандырмай тастады.
Кіші Алматы жотасындағы Тұйықсу мұздығында орналасқан №6 көлден келер қауіп жоқ деп мәлімдеді Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Юрий Ильин. Табиғат қорғаушысы Мэлс Елеусізов «көл қаланы шайып кетуі мүмкін» дейді.
Тағы