Үш жыл бұрын Қазақстанда мәжіліс сайлауы өтіп, төртінші шақырылымның депутаттары сайланған еді. Бұрынғы депутат қазіргі парламентті президенттің түртпегімен ғана қимылдайтын орган десе, қазіргі депутат бұл парламенттің «көппартиялы» екендігін айтады.
Жоғарғы сот судьясы, Қазақстан судьялар одағының төрағасы Владимир Борисов 13 тамыз күні Астанада өткен «Сот билігі және БАҚ» атты форумда журналистерді айыптады. Борисовтың айтуынша, қазақстандық бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері сот процесін хабарлаудың орнына судьяның іс-әрекетіне баға беруге ойысып кететін көрінеді.
Ақмола облысы Зеренді ауданы Гранитный елді мекенінде орналасқан ЕЦ-166/25 жалпы режимдегі түрмеcінде өткен түні бүлік шықты. Жаппай тәртіпсіздік кезінде бір тұтқын қаза болды дейді Ақмола облыстық қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бастығының міндетін атқарушы Жанат Кешубаев Азаттық радиосына берген сұхбатында. Бірақ құқық қорғаушы Вадим Курамшин бұған күдік келтіреді.
Алматыдағы метрополитен құрылысының «Алмалы» стансасында жол салып жатқан оңтүстік кореялық «Юранус Сиэн Ай» компаниясы филиалында жұмысшылар жұмысты тоқтатып ереуілге шықты. Олар үш айдан бері еңбекақы алмағандарын айтады.
Қазақстандағы су ресурстарының үштен бірі Алматы облысының аумағынан ағып өтеді. Алайда осы облыста, ауылшаруашылық министрлігінің су ресурстары жөніндегі комитетіне қарайтын жергілікті мемлекеттік кәсіпорын жоқ. Тек, кімге қанша су беретінін реттейтін бассейн басқармасы ғана бар.
Алматыдағы №1 тергеу абақтысындағы жағдай тұрақты қалыпқа түсті. Бұл туралы дүйсенбі күні, Алматы қаласы және Алматы облысы бойынша қылмыстық-түзету жүйесі департаменті бастығының орынбасары Ирина Якупова журналистерді мәлім етті. Оның айтуынша, өздеріне қол жұмсап, тәнін тілген алты сотталғанға медициналық жәрдем көрсетілді.
Жұма күні Алматы қаласының бір топ зейнеткерлері «Нұр Отан» халықтық демократиялық партиясының қалалық филиалына шағымданып келді. Олар партияның өкілімен кездесіп, оған президент Нұрсұлтан Назарбаевтың атына жазған үндеуді табыс етті. Үндеуде «елдегі жемқорлық пен кедейшілікке тек қана президенттің өзі кінәлі» деп атап көрсетілген.
Моңғолияда Баян-Өлгий аймағының құрылғанына 70 жыл толды. Соған орай аймақта той өтіп жатыр. Осы аймақтың тұрғындарының 90 пайызын қазақтар құрайды.
Павлодар облысына Моңғолия мемлекетінен 68 әулет квотасыз көшіп келді. Әзірге нақты баспаналары болмағандықтан олар, бұған дейін атажұртына оралған ағайын-туыстарының үйлеріне қоныстанып жатыр. Оларға мемлекет тарапынан берілетін көмек қаражаттың қашан тиетіні әзірге белгісіз.