Аты көп естіле бермейтін "Ауыл" партиясы да кезектен тыс съезін өткізіп, кандидаттарын анықтады. Олардың арасында былтырғы президент сайлауына қатысқан кандидаттар –Жигули Дайрабаев пен Қарақат Әбден де бар. "Ауылдықтар" Ақорда саясатын қолдап, Қаңтарды көп қаузамау керек деп есептейді.
Шыңжаңда туыстарының қамауда отырғанын айтып, оларды босатуды талап етіп жүрген тұрғындар Астанада Қытай елшілігі мен Қазақстанның сыртқы істер министрлігіне тағы барды. Елші шықпады, министрдік көмектесуге уәде етті. Жауапқа разы болмаған төрт адам президентке қайырылды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев парламент мәжілісін таратты. Парламент мінберінде екі жыл ғана отырған шақырылым депутаттары бұл жаңалыққа аса қуанышты емес. Көбі қазіргі саяси жағдайда депутаттық корпустың жаңарғанын құптайды.
Қазақстан шетелдіктерді елде визасыз жүру ережесін қатайтты. Бұдан былай Еуразия экономикалық одақ елдерінің азаматтары Қазақстанда 90 күннен артық визасыз жүре алмайды.
Астанада Өзбекстан азаматтары еңбек эксплуатациясына тап болғанын айтады. Жәбірленушілер құқық қорғау ұйымының көмегімен полицияға арыз түсірген. Адвокатының айтуынша, іс баяу жүріп жатыр.
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смайылов 20 пайыздан асқан инфляция деңгейін екі есе азайтуға уәде етті. Ол осыған ұқсас сөзді былтыр үкімет басына келгенде де айтқан.
Былтыр Қаңтар оқиғасы кезінде "Алматы әуежайын басып алып, дүрбелеңді ұйымдастырды" деген күдікпен үйқамақта отырған азаматтық белсенді, журналист Әйгерім Тілеужанды жақтастары "кінәсіз" деп есептейді. Бұған дейін бас прокурор оны "экстремистік ұйымның мүшесі" деп атаған.
5 қаңтарда Қазақстан парламенті тура бір жыл бұрын болған Қаңтар оқиғасына байланысты құзырлы органдардың жауабын тыңдады. 238 адам қаза тауып, 5 мыңдай азамат жараланған оқиғаны бас прокурор "ұйымдастырылған" деді және дәлел жеткілікті екенін айтты.
Қазақстан парламенті экс-президент Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелерін қылмыстық қудалаудан қорғайтын "Тұңғыш президент – Елбасы туралы" заңның күшін жоюға кірісті. Мәжіліс төрағасының айтуынша, заң тағдыры келесі жылдың басында шешіледі.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев ТМД аумағында орыс тілін дамыту туралы үш ай бұрынғы бастамасын тағы қайталады. Ол 2023 жыл ұйым аумағында "орыс тілінің жылы" болатынын мәлімдеді. 26 желтоқсанда Санкт-Петербургте өткен бейресми саммитте айтылған Тоқаев сөзіне қоғамда сын көп.
15 желтоқсанда «Алға, Қазақстан» бастамашыл тобының құжатын министрлік сегізінші рет кері қайтарды. Ал «Біздің таңдау» және «Алаш Орда» атты саяси партия құруға рұқсат ала алмаған белсенділер әділет министрлігімен соттасып жатыр.
Қазақстан премьер-министрі Әлихан Смаилов қол астындағы министрлерге "орындарыңды босат" деді. Жалпылама сөйлеген ол нақты ешкімнің атын атаған жоқ. Ол екі күн бұрын "жаңа жылға үкіметтің осы құрамымен барамыз ба, жоқ па?" деген президент сөзіне сүйеніп отырғанын білдірді.
Ақтөбе іргесіндегі саяжай тұрғындары бірнеше күннен бері тоңып отыр. Балалар суық тиіп ауыра бастаған, кейбір тұрғын туыс-тумасына уақытша көшіп кеткен. Бұл мәселе жылда қайталанатын көрінеді. Газ қысымы қашан көтерілетін әкімдік те нақты айта алмай отыр.
Мобилизация кезінде Қазақстанға қашып келген ресейлік әскери қызметкер елден шығарылмақ. Абай облысы Бесқарағай аудандық соты Михаил Жилинді шекараны заңсыз кескені үшін кінәлі деп таныған. Жұбайы күйеуі Ресейге қайтарылса, тірі қалатына сенбейді.
Екібастұз қаласында мыңдаған адам әлі жаурап отыр. Жылу электр орталығындағы апаттан он күн өткенде билік барлық үйге жылу берілгенін айтқанымен, су қатқан құбырлар шетінен жарылып жатыр. Азаттық тілшісі қала халқының аяз кезіндегі апаттан кейінгі тірлігін көріп қайтты.
Павлодар облысы Екібастұз қаласына жылу әлі толық берілмеген. Тұрғындар далада тоңып жүрміз дейді. Ал өңір басшылығының сөзінше, жылу берілген, кейбір үйлерде жөндеу жұмыстары әлі жүріп жатыр.
Алты күн бұрын жылу қазандығында апат болып, ондаған тұрғын үй қақаған аязда жылусыз қалған Екібастұзда ахуал әлі мүшкіл. Тұрғындар суықта тоңазып қалған құбырларды от жағып жылытып әлек. Кейбірі су тоқтап, жарық та сөне беретінін айтады.
Қазақстан биыл алғаш рет тұңғыш президент күнін тойламады. Бұрын мемлекеттік деңгейде сән-салтанатымен мерекеленетін дата биыл елеусіз өтті. Күзде парламент бұл күнді мемлекеттік мереке қатарынан шығарып тастаған.
Павлодар облысы Екібастұз қаласында жылу электр орталығында апат болып, бірнеше күннен бері мыңдаған тұрғын жылусыз отыр. Ахуалды ауа райының күрт суытуы ушықтырып жіберді. Кейінгі күндері өңірде -30 градус аяз.
Орталық сайлау комиссиясы Қасым-Жомарт Тоқаевтың 81,3 пайыз дауыс алып, президент боп сайланды деді. Комиссия саяси науқанның алдын ала қорытындысы ресми расталғанын айтып, Тоқаевты ұлықтау рәсімін 26 қарашаға белгіледі.
Тағы