Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда облысының Қармақшы ауданының тұрғындары мал ұрлығы көбейгенін, ұрылар ұсталмайтынын айтады. Арыз-шағымға қарағанда, барымташылардың көбі ірі-қара мен жылқыны атып өлтіреді.
Қызылорда облысы Шаған ауылының тұрғындары үкіметтен жалға алған жерін осыдан 15 жыл бұрын кәсіпкердің пайдалануына беріп, енді соны кері қайтарып ала алмай жүр. Олар ауыл ортасына жиналып, талап-арызын айтты.
Қызылорда қаласының мүмкіндігі шектеулі азаматтары жүріп-тұру қиындағанын айтады. Сөздерінше, мемлекеттен берілетін жеке көмекшілердің уақыты шектеулі, ал инватаксидің алып баратын жері санаулы.
Қызылорда қаласында екі мыңдай шаңырақ қыс басталғалы үйін жылыта алмай отыр. Олар "газ пештегі отты қанша көтерсек те, үй іші суық боп тұрады" дейді. Жауапты мекеме мұның себебін сапасыз құрылыстан көреді.
Митингіге шықса ұсталып, шеруге барса қудаланатынын айтқан азаматтық белсенділердің әлеуметтік желіде акция ұйымдастыруы жиіледі. Өткен айда бірнеше әйел камера алдында шашын тақырласа, қызылордалық белсенділер 22 қарашадан бері "СвободаБезСлов" атты шара бастап, аузына скотч жапсырып тастаған.
Қызылорда қаласы іргесіндегі "Байтерек" ықшам ауданының тұрғындары көшеге электр жарығы тартылмағанын, асфальт жол салынбағанын, қоғамдық көлік қатынамайтынын айтып шағымданды. Ал төрт жыл бұрын жергілікті билік ауданның инфрақұрылымын әзірлеуге 10 миллиард теңге жұмсалады деген.
Қызылорда соты "өкілетін асыра пайдалану" айыбы тағылған төрт полицейдің ісін қарап жатыр. Олар 2019 жылы 10 шілдеде жеңіл көлігін тоқтатқан 43 жастағы Бауыржан Әжібаев полицейлермен арпалыста көз жұмған.
Қызылорда облысындағы үлкен су қоймаларының бірі – Қамбаш көлінде су кейінгі екі жылдан бері азайып келеді. Ахуал ушыққан сайын сол маңдағы Қа¬мыстыбас ауылындағы мыңдаған тұрғынның уайымы күшті. Көл тартылса, олар кәсіпсіз қалмақ.
Қызылорда облысы Төретам кентіндегі көпқабатты жалғыз үй жөндеуге мұқтаж. Іргетасы 30 жыл бұрын қалаған ғимараттың қазір әбден тозығы жеткен. Су да, жылу да жоқ. «Барар жер, басар тауымыз қалмады» деген тұрғындар үйді толық жөндеп беруді не жаңа үйге көшіруді сұрайды.
Ресейге жалға берілген Байқоңырда екі жыл бұрын ашылған қазақстандық жалғыз ауруханада маман тапшы. Ауруханадан көмек ала алмаған науқастар қашықтағы Қызылордаға қатынауға мәжбүр.
Қызылорда облысының Аққорға ауылында егістік алқабында жайылып жүрген жүздеген қой өртеніп кеткен. Дихандар жерді келесі егін науқанына дайындау үшін өртегенін айтса, қойшы от қасақана қойылды дейді.
Қызылорда облысының төрт ауылында жылқы қырылып жатыр. Тұрғындардың сөзінше, бір жарым айдан бері екі жүздей жануар өлген және ауырған мал жайылмайды, су да ішпейді. Дертті "жұқпалы емес" деген ветеринар сөзіне жылқысынан айырылған шаруалар күмән келтіреді.
19-20 қыркүйек Қызылорда қаласындағы екі қабатты ескі үйдің тұрғындары далада түнеп шықты. 19 қыркүйек күні пәтерлердің бірінің бетон едені опырылып, жертөлеге түскен. Бірақ пәтерде адам болмаған. Әкімдіктің үй апатты деп танылса, тұрғындар үй кезегіне тұратынын айтады.
Қызылорда қаласынан 10 шақырым жердегі "Сабалақ" саяжайының тұрғындары әлі күнге тамақты ошаққа пісіреді, Сырдарияның суын тасып ішеді. Жеті мыңға жуық халқы бар саяжайға электр жарығы да, газ да тартылмаған.
Қызылордалық шаруалар жайылым жердегі мал-жанының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Қаладан қашық жердегі қожалық иелері кейінгі екі аптада жазықта әскери техника қаптап, жаттығу жүріп жатқанын айтады. Қызылорда әкімдігі "жер әлі әскерилерге берілген жоқ" дейді.
Қазақстанда жаңа оқу жылының басталуына санаулы күн қалды. Індетке байланысты биыл балалар қашықтан оқиды. Алайда балалардың кейбірінде компьютер, тағы бірінде интернет жоқ. Білім министрлігі "компьютер таратып жатқанын", ауыл мұғалімі "оқу жылына жөнді дайындық жоғын" айтады.
18 жастағы қызылордалық Евгения Базаркина – сіңлісі мен бауырының жалғыз қамқоршысы. Әкесі жоқ, ал шешелері екі ай бұрын жүрек талмасынан көз жұмған. Үйдің үлкені үшеуінің жалғыз мүлкі – пәтерді банк бұғатынан босата алмай жүр.
Қызылорда облысының балалар мен жасөспірімдерге арналған туберкулезге қарсы санаторий қызметкерлері төрт айдан бері айлық алмағанын айтып, әкімдікке келді. Олардың сөзінше, мекемеге жабылып қалу қаупі төніп тұр. Санаторий басшылығы мұны жоққа шығарды, бірақ айлықтың қашан төленетінін айта алмады.
Пандемия тұсында Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында дәрігерлер науқастарға велосипедтен баруға мәжбүр.
Тағы