Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
37 жылдан бері жөндеу көрмеген мектеп. Қызылорда облысы Ақмая ауылында жүздеген бала оқитын ғимаратты бір ай бұрын ғана жөндей бастады. Бірақ ғимараттың әбден тозғанын айтқан ауыл тұрғындары жаңа мектеп сұрайды.
Жұрт сайлауға түскен кандидаттарды біле ме?
Маусымның 6-сында саяси талап жазылған плакат көтеріп, Қызылорда орталығындағы алаңға бара жатқанда ұсталған 48 жастағы белсенді Мұрат Баймағамбетов полиция «ұрып-соқты» деп шағым түсірді.
Маусымның 9-ында Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың президент болып сайланғанына бір жыл толды. Азаттық сайлаудағы жеңісіне мыңдаған адам күмән келтірген Тоқаевтың бір жыл ішіндегі қызметі жайлы өңірдегі тұрғындардың пікірін білген.
Қызылорда іргесіндегі "Наурыз" саяжайында өмір сүретін 1500-дей адам он жылдан бері сусыз, жол мен жарықсыз күн кешіп келеді.
6 маусымда Қазақстанның бірнеше аймағында да билікке қарсы наразылық өтті. Алайда оларды ойларын айтып үлгерместен полиция әкетті. Жиналғандар биліктен саяси тұтқындарды босатуды, жерді сатпауды, несиені кешіруді талап етті.
Қызылорда шетінде тұратын ондаған үй көше маңындағы көлшіктерді жабуды сұрайды. Тұрғындар "тоспа судан жағымсыз иіс шығады, үй маңында жәндік қаптады" дейді. Көлшіктер жекеменшік екенін айтқан әкімдік өкілі "оның иесін табу қиын" дейді.
Қызылорда қаласы маңында коронавирус жұқтырғандармен қарым-қатынаста болды делініп, карантинде жатқан адамдар стационардағы ахуалға шағымданды.
Қызылорда қаласында облыстық жедел жәрдем қызметкерлері коронавирус пандемиясы кезінде төленуі тиіс үстемақының аз екенін айтып шағымданды. Олардың сөзінше, COVID-19 жұқтырған тұрғындардың шақыруына наурыздан бастап барып жүр, бірақ үстемақы алғашқы айда берілген де кейін тоқтап қалған. Жедел жәрдем
Қызылорда облысында тұратын бес жасар Әдияның буындары ойнамалы. Күніне бес-алты рет шығып кетіп, сынықшы шақырады. Анасының сөзінше, сирек кездесетін бұл дерттің емі шетелде бар, бірақ оған отбасының қаржысы жоқ.
34 жастағы Гүлнәр Халибаева Қызылорда шетіндегі ықшам аудандардың бірінде вагонда тұрады. Екі жыл бұрын сырқат күйеуі өмірден озған соң балалар жалғыз жеткізу қиындаған. Пәтер ақысын төлей алмай, екі ай бұрын ағасының вагонына көшіп келген.
Мамырдың 4-і күні Қызылорда облысы әкімдігіне ондаған әйел келіп, үкімет карантин кезінде уәде еткен 42 500 теңге жәрдемақыны талап етті. Олардың сөзінше, көп балалы әйелдің кейбірі «Нұр Отан» партиясы тағайындаған 50 мың теңге көмекке де ілінбеген.
Қызылордадағы әл-Фараби шағын ауданының ондаған тұрғыны көп жылдан бері әкімдікке шағымданып келсе де, көшелері жөндеусіз жатыр. Олардың сөзінше, жауын жауғанда көлік батпаққа батып, балалар мектептен қалады.
Нұр-Сұлтанда сирек кездесетін сырқаты бар балаларды бағып отырған әйелдер Нұр Отан партиясының 50 мың теңге көмегіне жете алмай отырғанын айтады. Олардың сөзінше, партия өкілі “атаулы әлеуметтік көмек алатындарға жәрдем берілмейді” деген. Қызылорда қаласында да ондаған адам карантинге қарамай, көмек
Төтенше жағдай жарияланып, қозғалысқа шектеу қойылса да, Қазақстан қалаларында жәрдемақы алу үшін пошта мен банк алдында кезекке тұратындар азаймады.
Қазақстанның әр өңірінде президент уәде еткен 42 500 теңге көмекті алуға үмітті жұрт банктер мен Қазпошта мекемелеріне барып, карантинге қарамастан кезекке тұрып жатыр. Көбі өтінішті интернет арқылы тапсыра алмағандарын айтады.
Азаттық туғанынан естіп, сөйлей алмайтын қызылордалық ерлі-зайыпты Асхат Ахметов пен Гүлшара Исмағұлованың қалай күн кешіп жүргенін көрсеткен. Төрт балалы шаңыраққа жұрт бір тәулікте 10 миллион теңгеден аса қаржы жинап берді.
1 сәуірде төрт-бес әйел Қызылорда облысы әкімдігіне барып, биліктен азық-түлік және қаржылай көмек сұрады. Кейін көмек сұрай келген әйелдердің бірі билікке наразылығын өлеңмен жеткізді. Оны кейін полиция ұстап әкетті.
Қызылордалық ерлі-зайыпты Асхат Ахметов пен Гүлшара Исмағұлова туғанынан естімейді, сөйлей алмайды. Екеуі қазір төрт бала өсіріп отыр. Олар қалада «жақсы жұмыс жоғын» айтады. Ескі баспананы жалдап тұрып жатқан көп балалы шаңырақ үйіміз болса деп армандайды.
Тағы