Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылордада оннан астам адам облыстық әкімдік алдына жиналып, әлеуметтік мәселелеріне шағымданды. Азық-түліксіз тұрмыстың қиындағанын айтты.
Қызылорда қаласы Шымбай мөлтек ауданы "Ажар" сауда орталығының қоймасына жүзден астам адам жиналып, азық-түлік үлестіруді талап етті. Жергілікті әкімдіктің түсіндіруінше, олар негізінен көп балалы отбасыларға берілетін азық-түлікті алуға келгендер.
Қызылорданың ондаған тұрғыны «Нұр Отан» партиясының «Біз біргеміз» акциясына енбей қалғанына наразы.
Шымкент, Қызылорда кәсіпкерлері тұрғындарға тегін маска таратты. Оңтүстік Қазақстан облысының кей азаматтары Өзбекстанға өте алмай, шекарада қалғандарға азық-түлік апарды. Нұр-Сұлтан қаласының еріктілері қалада үй-күйі жоқ жандарға тамақ жеткізді.
Қызылорда қаласының тұрғындары коронавирустан қорғанатын қарапайым маска таба алмай сарсаңға түсіп жүр.
Биліктегі "Нұр Отан" саяси партиясы 18 наурызда өтетін саяси кеңесінің отырысына дайындалып жатыр. Кей сарапшылар оны "Қазақстанның саяси өміріне монополия орнатты" деп сынайды. Азаттық тілшілері Алматы, Нұр-Сұлтан, Шымкент пен Қызылорда тұрғындарының билік партиясы туралы пікірін сұрады.
24 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин 2019 жылы халықтың табысы 5,5 пайызға өсті деп мәлімдеді. Жұрттың табысы шынымен өсті ме?
Қызылорда қаласында екі бөлмелі ескі үйді жалдап тұратын отбасы тұрмыстың қиындап кеткенін айтады. Алты балалы Әйгерім Сәрсенбаеваның сөзінше, жұмыссыз, тұрақты табыс таппайды. Азаматтық некедегі күйеуі екі жыл бұрын Оңтүстік Кореяға жұмыс іздеп кеткен. Содан бері хабар-ошар жоқ. Ол "әкімдік өткен ж
Қызылорда облысы Байқоңыр қаласында жұмысын қарашада бастаған қазақ балабақшасы екі айдан соң жабылды. Балабақша құрылтайшысы бюджеттен қаржы уақытында бөлінбеген соң қызметкерлер бірнеше ай жалақы алмағанын айтты. Қармақшы ауданының әкімдігі 12 күнге ғана ақша төлеген.
Қызылорда облысы Ақжарма ауылының жүзге жуық тұрғыны әкімдіктен резервтегі жерден егін егіп, жұмыс істеуге қажет жер беруін сұрайды. Тұрғындар жұмыс болмағасын жастар да ауылда тұрақтамай кетіп жатқанын айтады. Аудан әкімдігінің өкілі даулы мәселені сот арқылы шешуге кеңес берді.
Бүгін таңертең сағат бес кезінде Қызылорда облысы Қызылорда – Құмкөл автожолында автобус аударылып, сегіз адам қаза тапты. Тағы 20-дан аса адам жараланып, ауыруханаға жеткізілді. Автобуста барлығы 35 жолаушы болған.
Қызылорда облысындағы Сырдария ауданының орталығы Тереңөзек кентінде теміржол маңының тұрғындары көшелеріне асфальт сұрайды.
Бір күнде Қазақстанның екі жерінде газ баллоны жарылып, тоғыз адам жараланды. Аягөз бен Қызылорда қаласының жарылыстан жапа шеккен тұрғындары қазір ауруханада жатыр. Бірнеше азамат жан сақтау бөлімінде. Қызылордадағы жарылыс болған шаңырақтың көршілері "апаттан соң тынышы кеткенін" айтады.
Қызылорда облысы Арал қаласының тұрғындары көпірге зәру екенін айтады. 40 мың адам тұратын қаладағы жалғыз темір жол өткелін жұрт азсынады.
Туғанынан қос жанары көрмейтін 21 жастағы Әкімжан Өміртай қазір Қызылорда қаласындағы зағиптар қоғамында музыкант болып жұмыс істейді. Жас әнші Азаттыққа тұрмысы мен арманы туралы айтып берді.
Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы Әйтеке би кентіне төрт жыл бұрын газ тартылса да оған тұрғындардың кейбірі әлі қол жеткізе алмаған.
Қызылорда облысы Қазалы аудандық туберкулезге қарсы диспансерде қысқарту болып, оннан аса адам жұмыссыз қалған. "Енді күн көрісіміз қалай болады" деп алаңдаған тұрғындар әкімдіктен көмек сұрап жүр.
Қызылорда қаласында жүзге жуық үйі бар көшенің тұрғындары жиырма жылдан бері сығырайған жарықпен күн көріп келеді. Олар "Электр кернеуінің әлсіздігінен тұрмыстық техникалар да күйіп жатыр" дейді.
Қыркүйектің 21-і күні Қазақстанның бірнеше қаласында "рұқсат етілмеген митингі" орнында полиция ондаған азаматты ұстады.
Қызылордада мыңға жуық бірінші топтағы мүгедек бар. Олардың жүріп-тұруына жәрдемдесетін әлеуметтік көмекшілер екі айдан бері еңбекақы алмағандарын айтып, жұмыспен қамту бөлімін сотқа берген. Көмекшісіз қалған мүгедектер жүріп-тұруы қиындап кеткеніне шағынады.
Тағы