Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда облысындағы Шиелі ауданы Шеген Қодаманов ауылының тұрғындары Қазақстан мен Қытай бірігіп салған "Гежуба Шиелі Цемент" зауытынан шығатын түтін мен шаңның иісі жағымсыз екенін айтады. Зауыт былтыр іске қосылған және екі елдің өзара келісіп әзірлеген 55 жобасының тізіміне кіреді.
Қызылордада көп балалы аналар қала әкімдігіне наразы. Бәйтерек ықшамауданынан биыл ғана уақытша баспана алған отбасылар жаңа оқу жылында мектеп, балабақшаның жоқтығына алаңдайды. Инфрақұрылым жасалмаған шағын ауданның кейбір тұрғынынына дүкенге барып-қайту да - проблема.
Қызылорда облысы Арал ауданына қарасты Қамыстыбас көлінің санитарлық жағдайы сын көтермейді. Демалушылар "жағажайдағы қоқыстан аяқ алып жүре алмаймыз" дейді. Ал табиғаттың тазалығына жауаптылар көлге келушілердің өздерін кінәлайды.
Қызылорда қаласында көп балалы аналарға берілген баспаналарда құрт-қоңыз пайда болып, тұрғындар далаға қонуға мәжбүр. Бір ай бұрын ғана жаңа қонысқа көшкен жандар ол үйлерде тұру мүмкін емес екенін айтады. Ал мердігер компания өкілі "құрт-қоңыз құрылыс бөренелерінен пайда болған" дейді.
Қызылорда тұрғыны 84 жастағы Меруерт Жәлімбетова ұлы мен келіні және үш немересімен бірге далада түнеуге мәжбүр.
Қазақстанның қорғаныс министрлігі тікұшақта болған 13 адамның бәрінің қаза тапқанын хабарлады.
Қазақстан еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі жәрдемақыны алуға ниетті отбасылардың қорасындағы малы да табыс ретінде есептелетінін айтты. Бұған аз жалақы алып, мал ұстап отырған отбасылар қалай қарайды?
Қызылорда тұрғыны биліктен әлеуметтік жәрдемді күшейтуді талап еткен аналар наразылығына қатысқаннан кейін өзіне қысым жасалып, "полиция ұрып-соққанын" айтады. Билік мұны жоққа шығарады.
Қызылорда тұрғыны биліктен әлеуметтік жәрдемді күшейтуді талап еткен аналар наразылығына қатысқаннан кейін өзіне қатты қысым жасалып, "полиция ұрып-соққанын" айтады. Билік мұны жоққа шығарады.
"Қорықшы Ерлан Нұрғалиевті өлтірді" деген үш күдікті ұсталды.
Азаттық тілшісі "Охотзоопром" мемлекеттік мекемесі Қызылорда филиалының басшысы Берік Жорабековпен қорықшылар жұмысы, браконьерлермен күрес туралы сұхбаттасты.
Қызылорда қаласында етіп тігіп, кәсіп қылып жүрген 60 жастағы Ырысбек Ордабаевтың дүңгіршегін әкімдік өкілдері алып кеткен. Етікші "кәсібімді адал атқардым, салығымды уақытында төлеп отырдым" дейді. Әкімдік өкілінің айтары бар.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданына қарасты Жаңарық ауылдық округіндегі қыстауда малдың өлім-жітімге ұшырау себебі белгісіз. Мал дәрігерлері лептиспероз індетімен байланыстырады.
Қызылордағы ондаған үй бірнеше жылдан бері жарықсыз отыр. Тұрғындардың айтуынша, алты ай бұрын бағананы ауыстырып, трансформатор орнатамыз деген билік уәдесін әлі орындамаған.
Қызылорда облысының Жаңақорған ауданындағы Аққұм ауылында салынып жатқан жаңа мектеп құрылысы жұмысшылардың жалақы дауы шешілмегесін бітпей қалған.
Қызылорда облысында конго-қырым қанды безгегінен 38 жастағы тұрғын қайтыс болды.
Қызылордадағы жатақхана типтес үйдің тұрғындары бірнеше ай бұрын баспанамыз салынғалы жөндеу көрмеді деп шағынған. Әр үй жатақхана алдына дәретхана қазып алған еді. Азаттық бұл мәселені бірнеше рет көтерген. Қазір үйдің сырты әрленіп, іші жөнделіп жатыр.
Ауыз суды үш жарым шақырымнан тасып ішетін Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданының елу шақты ғана адамы бар Қауық тұрғындары жергілікті биліктің уәдесінен жалыққандарын айтады. Ал аудандық әкімдік тұрғыны елуге жетпейтін ауыл көшірілуге тиіс дейді.
"Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасымен келген мұғалім жұмыссыз жүр. Қызылорда облысы Әйтеке би кентінінің тұрғыны Анна Хегай "мектеп директоры мені жұмыстан заңсыз шығарды" дейді. Ал мектеп директорының айтуынша, қазір бос жұмыс орны жоқ.
Тағы