Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда облысы Қазалы ауданының 78 жастағы тұрғыны Аққоян Ырсалиев жүгірумен айналысады
Қызылорда облысы Абай ауылының тұрғыны он жыл бұрын саусағынан айырылса да, кәсібін жалғастырып келеді. Қазіртапсырыспен қолғап, тымақ тігеді.
Қызылорда облысы Шиелі кентінің тұрғыны перзентхана қызметкерлерінің қылмыстық жазаға тартылуын талап етеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы "дәрігерлер өз жұмысына салғырт қарағаны рас" дейді.
Қызылорда облысы Шиелі кентінің тұрғындары электр жарығының жиі өшіп қалатынына наразы.
Қызылорда қаласының бірнеше тұрғыны көшені жайлаған су үйлеріне таяды деп шағымданды. Жауапты мекеме "бюджет қаржысын күтіп отыр".
"ҚазТрансГаз" компаниясы Қызылорда облысы Шиелі кентінің 60-тан астам тұрғынын сотқа берген. Компания "тұрғындар үйлеріне газды заңсыз тартып алған" дейді. Ал шиеліліктер газды мердігер компания қосып бергенін, күзден бері ай сайын ақысын төлеп отырғандарын айтады.
Қызылорда қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары әжетханаға далаға шығуға мәжбүр. 20 жылдан астам уақыт бұрын кәріз жүйесінен ажыраған үйде ауыз су да жоқ. Жергілікті биліктен күдерін үзген тұрғындар көмек сұрап, Ақордаға хат жазған.
Қызылорда қаласында көпқабатты үйдің тұрғындары 20 жылдан аса уақыттан бері ауладағы әжетханаға шығуға мәжбүр. Пәтер иелері ауыз суды да тасып ішеді. Олар жергілікті биліктен жауап болмаған соң президент әкімшілігіне де хат жазған.
Қызылорда шетінде тұратын тұрғындар көшеге тас төселмегеніне шағымданады.
Қызылордада бес қабатты жатақхананың адам тұрмайтын бір бөлігі құлап, ондаған тұрғын эвакуацияланды. Төтенше жағдайлар департаменті, зардап шеккендер туралы мәлімет жоғын айтады. Ғимараттың апатты жағдайда екенін айтқан тұрғындардың назын Азаттық осыдан үш жыл бұрын хабарлаған.
Қызылорда қаласында екі ықшам аудан тұрғындары бір тәуліктен бері газсыз отыр. Газ тоқтаған соң жылу да жоқ.
Қызылорда қаласы Титов ықшамауданындағы көпқабатты жатақхана тұрғындары баспаналарын жөндеуді сұрайды. Үйдің қабырғасы сыз тартып, дымқылданып кетеді екен, ал жертөле мен еденді құрт-құмырысқа жайлаған. Жергілікті билік "тұрғындар жиналып, баспаналарын "апатты деп" сараптама жасатуға тиіс" дейді.
Қызылорда қаласы Саяхат ықшамауданында тұратын жүз шақты отбасы биыл екінші қыс суық үйде тоңып отырғандарын, отынға кететін шығындары көбейгенін айтады.
Алтынай Тәшімова былтыр жазда 26 жасында босанған соң көп ұзамай қайтыс болған. Алты рет ота жасалған науқасты дәрігерлер «құтқару мүмкін болмады» дейді. Ата-анасы арызданып, акушер-дәрігерлер сотқа тартылып жатыр.
Қызылорда облысының Түгіскен ауылында диқандар жиған өнімді қайда сақтарын білмейді. Осыған дейін пайдаланып келген қойма жекешеленіп кетіп, тонналаған астық далада қалған.
Қызылорда облысындағы екі ауданның жедел жәрдем қызметінің санитарлары жұмыстан қысқартуға наразы.
Қызылорда қаласына қарасты Қалғандария ауылы оқушыларының мектепке баруы қиындап кетті. Оларға Сырдарияның сол жағалауына салынып жатқан шағын аудан құрылысы кедергі.
Қызылордада өткен еңбек жәрмеңкесінде солтүстіктен келген жүздеген мекеме жұмыс ұсынды. Тұрғындардың кейбірі бұл жерден лайықты жұмыс таппағандарын айтады.
Қызылордада жолақы қымбаттап, 90 теңге болды. Қала тұрғындары бұл шешімге риза емес. Ал жолаушы тасымалдаушы компаниялар бензин мен қосалқы бөлшекке шығын көбейгені бұл өзгеріске себеп болғанын айтады.
Қызылорда қаласы Бейбітшілік көшесіндегі бұрын емхана болған екі қабатты ғимарат қазір бос қалған. Тұрғындар әкімдіктен бұл үйді керекке жаратуды сұрайды.
Тағы