Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда іргесіндегі Қызылжарма ауылы тұрғындары биліктен елді мекенді қоқыстан тазартып, жол салуды сұрайды.
Қызылорда облысында төрт елдімекен тұрғындары жайылым алқабын шегіртке жалмап жатқанын айтып шағынады. Мамандар "зиянкес жәндікті біржолата жою мүмкін еместігін" айтады.
Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы ауылдарды шегіртке басты. Тұрғындардың айтуынша, шегіртке жайылымды отаған соң мал арықтаған.
Қызылорда облысы Қазалы ауданындағы туберкулезге қарсы диспансердің санитарлық қызметкерлері айлықтары 26 мың теңгеге дейін азайып кеткенін айтады. Ал диспансердің бас дәрігері "жалақының азаюы мемлекеттік бюджетті үнемдеу жайлы тапсырмаға байланысты" дейді.
Қызылорда қаласы әкімдігі Қалғандария елді мекенінің жерін мемлекет меншігіне алу туралы шешім шығарған. Шешімге сәйкес тұрғындар басқа аймаққа көшіріліп, баспанасын өздері салуы керек. Тұрғындар бұған наразы.
Қызылордадағы 101-мектептің қызметкерлері "жаңа тағайындалған директор қысым көрсетіп, көбімізді жұмыстан шығарды" деп шағымданды. Директор ол пікірмен келіспейді.
Төрт баланың анасы, қызылордалық Гүлайым Қарғабаева 11 жылдан бері көше тазалайды. Ол кісінің айлық жалақысы - 55 мың теңге.
Қызылорда маңындағы Қараөзек ауылының тұрғындары өз күштерімен күтусіз қалған алма бақты өз күштерімен тазалауға кірісті.
Қызылорда әкімдігі апатты үйдегі оралмандардан сәуірдің 1-іне дейін өздері ұсынған ғимаратқа көшуді талап етіп отыр. Ал тұрғындардың көшкісі жоқ.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданында ұлттық қолөнер орталығы ашылды. Ондағы шеберлер кәделік бұйымдарды сегіз түрлі материалдан жасайды.
Жаңақорған ауданындағы Хорасан ата кесенесінің маңында жергілікті жұрт «Меккедегі Қағбаның көшірмесі» деп санайтын құрылыс бар.
Билік шалғайда құдық қазған кәсіпкерлерден мемлекет субсидиясын қайтаруды талап етті.
Қызылорда қаласында 2012 жылы салынған жылыжайлар әлі жұмыс істемей тұр. Жобаға жүздеген миллион қаржы бөлінген.
Қызылорда тұрғыны баспанасы құлағалы тұрғанын айтады. Ал әкімдік жаңа үйлердің кезекпен берілетінін ескертеді.
Қызылорда облысы Жаңақорған ауданындағы «Казпром-Қызылорда» компаниясының жұмысшылары жалақыларын ала алмай жүргендеріне жеті ай болғанын айтады. Мекеме басшысы 31 желтоқсанға дейін оларға қарыз ақшасын төлеп бітуге уәде етті.
"ПетроҚазақстан Құмкөл Ресорсиз" компаниясының 11 жұмысшысы еңбек дауымен басшылығын сотта жеңген.
Тәуелсіздік даңғылы бойында салынған жаңа ауданның атауын Қызылорда облыстық мәслихаты бір ауыздан мақұлдаған.
Қызылордадағы Әл-Фараби ауданының тұрғындары «көше батпақ, дұрыс жол жоқ» деп наразы.
Қызылордада көмір жетпей жатыр. Тұрғындарды отынмен қамтуы тиіс «Қызылорда-отын» мекемесінде көмір тапшы.
Қызылорда қаласы Ғани Мұратбаев көшесіндегі бес қабатты үйдің тұрғындары «жылу жөнді берілмейді» деп наразы. Олар үйдегі 99 пәтердің кейбіріне жылу мүлде жетпейтінін, соның кесірінен пәтер іші көгеріп, сыз тартатынына шағым айтады.
Тағы