Оңғар Саймосаев - Азаттықтың Қызылорда облысындағы тілшісі.
Қызылорда қаласының шетіндегі үш бөлмелі жер үйде тұрып келген мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуовалар күтпеген жерден үйлі болды. Аты-жөнін жариялағысы келмеген азамат ол кісілерге жеті бөлмелі үй, автокөлік және моторлы мүгедек арбасын сыйлаған.
Қызылорда қаласы Бұқарбай батыр көшесіндегі көп пәтерлі үйдің тұрғындары «жергілікті билік көшемізді тарылтып қойды» деп наразы. Олардың айтуынша, әкімдік көшенің жартысынан көп бөлігін жеке кәсіпкерге берген. Ал әкімдік «кәсіпкер бұл жерді заңды жолмен алған» дейді.
Жаңақорған ауданы Жайылма ауылының тұрғыны бірнеше есегін біреулер ұрлап сойып, терісін сыдырып әкеткенін айтады.
Қызылорда қаласындағы үйлердің бірінің опырылып түскен балконымен бірге құлаған тұрғын «дәрігерлер жарақатыма қарамастан үйге қайтарып жіберді» деп шағым айтады.
Қайырымдылық ұйымдары Қызылордадағы мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуова тұратын жер үйге жуынатын бөлме салып берді. Ол кісілердің тұрмысы Азаттықтың хабарынан кейін жұрт назарын аударған еді.
Қызылорда қаласы құрамындағы Талсуат ауылының тұрғындары асфальтсыз көшелердің жағдайы нашар екенін айтады. Олар ауылдық округ әкімінің «Отырар, Орынбор, Алматы көшелеріне қыркүйек айының соңына дейін тас төсеп береміз» деген уәдесі орындалмай жатқанына алаңдайды.
Ninety one тобының Қызылордадағы концерті өтпей қалды. Жергілікті бір топ жас қарсы шыққан. Қала мейрамханалары концерт залын беруден бас тартқан. Қызылорда әкімдігі "қатысымыз жоқ" дейді.
Қызылорда облысы Айдарлы ауылының тұрғыны Әсем Досжанова жайлы Азаттықтың видеосюжеті.
Қызылорда қаласындағы №212 мектеп-лицейін 50 жылда 5 мыңға жуық оқушы бітірген. Осы мектепте 30 жылдай еңбек етіп келе жатқан Гүлзира Омарова ұстаздық ету туралы пікірін айтты.
Қызылорда қаласының шетіндегі Тасбөгет кентінің кейбір тұрғындары көшелеріне табиғи газ құбыры тартылмай қалғанына наразы. Елді мекендегі 52 көшеге газ құбыры тартылып, төрт көше жобаға енбей қалған.
7 қыркүйекте Euro-Asia Air әуе компаниясының Ми-8 тікұшағы апатқа ұшырап, 4 адам ауруханаға түсті.
Қызылорданың іргесіндегі саяжай тұрғындары қалаға қатынайтын қоғамдық көлік жоқ екенін айтып шағымданды. Ал ресми мекеме қоғамдық көлік өз шығынын өтей алмайтынын, сондықтан автобус жүргізілмейтінін айтты.
Қармақшы ауданы Жосалы кентіндегі 2012 жылы 3 мың түп тал егілген саябақ иен жатыр. Тұрғындар "жыл сайын мыңдаған ағаш ексе де нәтиже жоқ" деп наразы. Әкімдік саябаққа арнайы ақша бөлінбегенін айтады.
Қызылорда облысындағы екі жасар Қайсар Сайлаубекұлының бір бүйрегі ғана жарым-жартылай жұмыс істеп тұр. Ата-анасы оған сау бүйрек салғыза алмай жүргендерін айтады.
Қызылордадағы аналар үйінде түрлі тұрмыстық қиындықтарға ұшыраған 16 әйел өмір сүріп жатыр. Олардың бәрінің сәбилері бар. Мұндағы ең жас ана – 14 жаста.
Қызылордада үйсіз-күйсіз кезбеге айналған кейбір азаматтар бұрынғы қалыпты өмірлеріне оралғысы келетінін айтады. Алайда бейімдеу орталығының қызметкерлері «олар үйренген өмірлеріне қашып кете береді» дейді.
Мүмкіндігі шектеулі ерлі-зайыптылар Бақытбек Сейітбаев пен Күләш Тілеуова Қызылорда қаласының шет жағындағы жер үйде тұрады. Отағасы таксист болып, жұбайы іс тігіп тірлік етеді. Бұл отбасы тұратын үйдің ішінде жуынатын жер жоқ, ал әжетхана далада.
Қызылорда облысы Шиелі ауданына қарасты 2 мыңға жуық тұрғыны бар Алмалы ауылының халқы жарты ғасыр бұрын салынған, қазір тозығы жетіп тұрған амбулаторияда ем қабылдауға мәжбүр. Мекеменің жедел жәрдем көлігі де ескірген. Қызылорда, 8 шілде 2016 жыл.
Бүгін Қызылорда қаласында 6600 азаматқа тұрғын үй салу үшін жер берілді. Қызылорда-Жезқазған тас жолының бойынан бөлінген 980 гектар жерде "Бәйтерек" деп аталатын жаңа шағын аудан салынбақ. Қызылорда облысы, 4 шілде 2016 жыл.
Қызылорда облысы Жалағаш ауданындағы көп балалы жесір ана Данагүл Селбесінова жұмысы жоқтығын, тұрмыстан таршылық көріп отырғанын айтады.
Тағы