Желтоқсанның 20-сы күні әлеуметтік желіде Астанада доллар жоқ екені, жұрттың АҚШ валютасын іздеп сабылғаны жайлы бірді-екілі жазба шықты. Алайда жаппай ажиотаж туралы ақпараттар расталмады. Дегенмен кей аймақта доллар тапшы.
Астанада 30 шақты белсенді 1986 және 2011 жылғы оқиғалар құрбандарына Құран бағыштады.
"Түрмедегі жұмыспен қамту"
Астанада қылмыстық істер апелляциялық соты судьясы Алма Есімова Алтынбек Сәрсенбайұлы мен оның серіктері өліміне қатысты сотталған Ержан Өтембаевты босатуға қарсы шағымды қанағаттандырмады.
Астанадағы ұлттық музейде жас дизайнерлер байқауы басталды.
Астанадағы «Сарыарқа» велотрегінде Қазақстан тұңғыш президенті күніне орай «Бір Отан! Бір тағдыр! Бір Елбасы!» атты мерекелік шара өтті.
Астанада тоғызқұмалақтан өткен қалалық ашық турнирге 18 жасқа дейінгі 32 спортшы қатысты.
Астанада ашылған көрмеге сегіз мемлекеттің жүзге жуық компаниясы өнімдерін қойды.
Сарапшылар «Жастар интернетке көшті, терроризммен интернетте күресуіміз керек» дейді. Алайда «күрес» кезінде заң шеңберіндегі материалдар да бұғатталып, сөз бостандығына нұқсан келіп жатады.
Астанада күн суытып, бастауыш сыныптарда сабақ тоқтатылды. Аяздың күшеюі көлік иелеріне де қиын тиді.
Кәсіпқой бокстан орта салмақ дәрежесіндегі әлем чемпионы қазақстандық Геннадий Головкин Астанада жұртшылық өкілдерімен кездесті.
Астанада «Нұрсұлтандар клубы» ұйымы құрылды. Клубқа тек Нұрсұлтан есімді жастар ғана қабылданды.
Тың игеруге қатысқан көліктер Астанада көрмеге қойылды. 14 қараша 2014 жыл.
Астанадағы ұлттық академиялық кітапханада Берлин қабырғасы құлауының 25 жылдығына арналған көрме өтіп жатыр.
Астанада жатақханадан орын тимей қалған студенттер көп. Оған қолы жеткендер бір бөлмеде сығылысып тұрып жатыр.
Бүгін бас прокуратураның ресми өкілі Нұрдәулет Сүйіндіков Алматы облысы Алакөл ауданындағы Арқанкерген уақытша шекара бекетіндегі сарбаздардың өліміне қатысты жүріп жатқан тергеу барысын баяндады.
«Жемқорлыққа қарсы халықтық комитеті» қоғамдық қорының президенті Мұсағали Дуамбеков пен «Қазақстанда парламентаризмді дамыту қорының» басшысы Зәуреш Батталова Жаңаөзен оқиғасына қатысты Ақтауда өтіп жатқан сотқа байланысты ұсыныстарын айтты.
Айша Оразбай президент Назарбаевтың анасының атындағы «Әлжан Ана медресесін» салу үшін премьер-министрден жәрдем сұрады. 2002 жылы Түркістанда өткен дүниежүзі қазақтары құрылтайынан «Назарбаевтың рухани әйелі» болып оралғанын айтқан Айша Оразбай: «Өзге еркек шабуыл жасамас үшін Әбішкеліні аталдым. Президент мені қорғады» дейді.
Астана қаласын жыл сайын жаздыгүні қолқаны қабатын жағымсыз иіс алып кететін. Тұрғындар биыл күн ыси бастаған сәуірдің соңғы аптасында-ақ жағымсыз иістің қайта байқалғанын айтады.
Тағы