Оңтүстік Корея президенті Пак Кын Хе жемқорлық дауынан соң парламенттен отставкаға кетуін рәсімдеуді өтінді. Ол бір-ақ ай бұрын президенттік мерзімін ұзартуды қолға алған еді.
Бір топ Англия футболшысы бала кездерінде жаттықтырушыларынан зорлық көргендерін айтқан соң ата-аналар "футбол мектептерінде бала оқыту қауіпті ме?" деген сұрақ қоя бастады. Ал Қазақстан мектептеріндегі сексуалдық зорлыққа қатысты мамандар пікірі әр түрлі.
Өзбекстанның бірінші президенті Ислам Каримовтың үлкен қызы Гүлнараның тірі екенін Лондондағы ұлы хабарлады. Ресми орындар үйқамақтағы Каримованың жағдайы туралы ештеңе айтпайды.
Қырғыз оппозициясы президент Алмазбек Атамбаевқа «Конституциялық құзыретін асырғаны» үшін импичмент жариялау процесін бастау жайлы бастама көтерді. Президент әкімшілігі оны «саяси шоуға» теңеді.
Халықаралық іздеуге түскен шетелдегі өзбекстандықтар жаңа билікте марқұм Каримовтың қудалау саясаты өзгермегеніне қапалы. Олар «қара тізімнен» енді қалай шығатындарын білмейді.
Украина ұлтшылдары Абырой мен бостандық күні Киевте «Петр Порошенкоға сұрақ» атты акция өткізді. Осы күні халыққа жасаған үндеуінде президент Порошенко «алаңға шыққандарды сатқынға баламау» мен Ресей жоспарын айтып өтті.
Вашингтон Мәскеудің іскерлік байланыс орнатуға арналған LinkedIn әлеуметтік желісін бұғаттауға қатысты шешіміне «қатты алаңдайтынын» білдірді.
Тәжікстан парламенті міндетті неке келісім-шартының жобасын талқылап жатыр. Депутаттар бұл амал ажырасу мен қорғансыз қалатын әйелдер санын азайтады деп үміттенеді.
Пәкістанда транссексуал әйелдердің аяусыз соққыға жығылған видеосы интернетте тараған соң он адам қамауға алынды.
Молдовадағы президент сайлауында ресейшіл кандидат Игорь Додон жеңіске жетті. Оның қарсыласы еуропашыл Майя Саду "Орталық сайлау комиссиясын отставкаға кетуге" шақырды.
Өзбекстанда басталған президенттік сайлау науқаны барысында билікшіл төрт кандидаттың арасында біреуінің белсенділігі ерекше көзге түседі. Кей сарапшылар бұл сайлаудың алдыңғыдан бәлендей өзгешелігі болмайды дейді.
Бішкекте өтіп жатқан "Бір Дүние - Қырғызстан" фестивалінде Жаңаөзен оқиғасы туралы деректі фильмнің маңызы сөз болды. 3 қараша 2016 жыл.
Қырғызстанда есек бағып, Қытайға экспорттау ісі дауға айналды. Ал Қазақстан Қытайға есек сату туралы бұрынғы мәлімдемесінен айнып қалды.
Қырғызстан түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесі саммитін өткізуді кейінге қалдырды. Кейбір сарапшылар саммиттің белгісіз уақытқа шегерілуін қырғыз және түрік президенттерінің саяси көзқарастарымен байланыстырады.
Молдовада 20 жылдан кейін өткен жалпыхалықтық президент сайлауында жеңімпаз анықталмады. Сайлаудың екінші турына ресейшіл кандидат Игорь Додон мен еуропашыл Майя Санду өтті.
"Ислам мемлекеті" экстремистер ұйымы Пәкістандағы полиция академиясына шабуыл жасағанын мәлімдеді. Ресми билік бұл қастандықты "Лашкар-е Джангвиден" көреді.
Халықаралық CIVICUS ұйымының есебінде Қазақстан еркін ұйым құру, бейбіт шеру өткізу және ой еркіндігін "құрсаулаушы" топтан көрінді. Жергілікті белсенділер бұл бағаны әділетті деп санайды.
Қырғызстанда қайтыс болған әйел діни сеніміне бола үш мәрте жерленді. Оның себебін жергілікті билік «тұрғындар арасындағы келісімді сақтау үшін қажет болды» деп түсіндіреді.
Twitter-де өзін "Гүлнара Каримовамын" деп таныстырған аккаунт иесімен Азаттықтың Өзбек қызметі тіке хабарласып дәлел сұрады.
2016 жылғы әдебиет саласындағы Нобель сыйлығы АҚШ музыканты Боб Диланға берілді. Диланға бұл сыйлық «АҚШ-тың әншілік дәстүріне жаңа поэтикалық мазмұн» әкелгені үшін берілді.
Тағы