Астанада 13 желтоқсанда жазушы, мемлекет қайраткері Әбіш Кекілбаевты соңғы сапарға шығарып салды.
Астанада жазушы Әбіш Кекілбаевты ақтық сапарға шығарып салды. Марқұмның жаназасы «Нұр Астана» мешітінде шығарылып, «Көрме» кешенінде қоштасу рәсімі өтті.
24.kz арнасының директоры Арман Сейітмамыт Лондондағы тілшісі Бэла Құдайбергенованың жұмыстан кету туралы мәлімдемесіне қатысты пікір білдірді.
Зерттеуші Берік Әбдіғали Омбыдан тапқан видеосындағы он шақты адамды «атаман Дутовқа оққағар болған қазақтар» деп сипаттайды.
Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі гастарбайтерлерге туберкулез туралы ақпарат беріп, оларды тегін тексерілуге шақырып жатыр. Бұл шараға халықаралық ұйым да демеуші болған.
Түркітілдес мемлекеттер парламенттік ассамблеясының аясында өткен халықаралық конференцияда бұл елдердің әріптестігі мен мәдени қарым-қатынасы сөз болды.
Жұмысшылар еңбек кодексінің ақырғы нұсқасынан бейхабар. Ал парламент депутаты бұл заңнан кейін «жұмыссыз қаламын деген ой жұмысшыны ынталандырады» деп біледі.
Астанадағы футбол форумы ҚФФ-тың қазіргі жетекшісі Ерлан Қожағапановқа қолдау білдірді. Ал оның оппоненті Айсұлтан Назарбаев бұл орынға келу ниетінен қайтпаған сыңайлы.
Астанадағы Назарбаев университетінде өткен лекцияда Ауғанстан президенті Ашраф Ғани өз елінің мүмкіндіктері және Азияның өзгеруі туралы айтты.
Мүмкіндігі шектеулі жастардың шығармашылық фестивалі ондай азаматтарды қоғамға бейімдеуді көздейді. Бірақ шараға қатысқандар қоғамнан бәрібір оңашаланып қалғандарын айтады.
Селден зардап шеккен Оразақ ауылының тұрғындары "Нұр Отан" партиясына барып, баспана әділ бөлінбей жатқанын айтты.
Австриядағы қазақ қоғамының жетекшісі Байтұрсын Шолпан ол елдегі қандастарының жағдайын әңгімелеп берді.
Орталық Азияның бес еліне ортақ бітімгер күш құруды ұсынушылар «ол аймаққа қандай да бір қауіп-қатер төнген жағдайда жедел әрекет етуге керек» дейді.
Астанада Орталық Азия бойынша бітімгершілік әскері мен президент Назарбаевқа ғана бағынатын бригада құруды ұсынды.
Астана әкімі қаладағы қалың түтінді көмір жағатын тұрғындардан көретінін айтып, көмір жақпауды ескерткен еді. Бірақ қазір қалада көмір саудасы қызып тұр.
Азаттық тілшісі астаналықтарға "Елде қандай ұйымдар террорлық деп танылған?" деген сұрақ қойды.
Ұлыбритания қазағы Исмаил Кесижи Азаттыққа «Қазақстан елшілігі, қазақ диаспорасы және қазақстандық студенттер қосылған «үш бұрышты» қоғамдарының» тыныс-тіршілігі жайлы әңгімелеп берді.
Астана тұрғындары ресейлік жолаушылар ұшағы апатына байланысты Ресей елшілігі алдына гүл шоқтарын қойып, қайғыға ортақ екендерін білдіріп жатыр.
Астанада шетелде тұратын қазақтардың өнер фестивалі басталды. Екі күндік шараға 21 елден 60-тан аса өнерпаз келген.
Коммунистер Лениннің ескерткішін «лайықты жерге қоюды» өтініп, Астана әкімдігіне хат жолдады. Бұл әрекетті «халықты құрметтемеу» ретінде бағалаушылар да бар.
Тағы