6 қаңтар таңертең Алматыдағы Республика алаңына 300-ге жуық адам жиналған еді. Олар бейбіт жиынға келгенін, алдында болған өртеу, тонауға қатысы жоғын айтқан. Бірақ кешке алаңның екі жағынан әскер келіп, бейбіт адамдарға оқ атқан. Оқиға куәгері Айнұр Серікқызы алаңда көргенін Азаттыққа айтып берді.